Слайд 1Қоғамдық тамақтану орындарына сипаттама. Қоғамдық тамақтану түрлері.
Слайд 3Жоспар
Кіріспе
Қоғамдық тамақтану орындарының маңыздылығы
Қоғамдық тамақтану орындарына сипаттама
Мейрамхана
Кафе
Асхана
Дәмхана
Бар
Қорытынды
Слайд 4Кіріспе
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары деп кулинарлы және аспаздық өнімдер, сонымен қатар
әртүрлі ұннан жасалған кондитерлі, тоқашты өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды айтады.
Қоғамдық тамақтанудың басты мақсаты халықты рационалды тамақтандыру, тағамдардың биологиялық құндылығын сақтай отырып, оның дәмдік және сапалық көрсеткіштерінің жоғары болуы.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі қызметі – тамақтандыру қызметін көрсету.
Слайд 7Кәсіпорын түрлерін анықтау кезінде келесі факторлар ескеріледі:
Слайд 8Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының класы-қызмет көрсету деңгейі, шығаратын өнім ассортиментіне байланысты
Мейрам-хана
Кафе
Асхана
Дәмхана
Бар
Слайд 9Мейрамхана
Мейрамхана – күрделі дайындалатын көп ассортиментті, арнайы тапсырыс пен фирмалық тағамдар,
арақ – шарап, темекі және кондитер өнімдері мен демалу, қызмет көрсету деңгейі өзара үйлескен қоғамдық тамақтану кәсіпорыны.
Слайд 10Қызмет көрсету деңгейіне байланысты мейрамханалар келесідей классификацияға жіктеледі:
Люкс
Жоғары дәрежелі
1 дәрежелі
Слайд 11Люкс
Люкс – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнындағы сауда залдарының архитекторлық ансамбілі мен
интерьері аналогсыз көркем әшекейленген және комфорттылық ең жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған. Мейрамханаларда фирмалық және тапсырыстық тағамдардың, тәтті және ұнды-кондитерлі өнімдердің, барларда фирмалық және тапсырыстық сусындар мен басытқылардың түрлері көп болу керек.
Слайд 13Жоғарғы
Жоғары дәрежелі - интерьері жақсы талғаммен орындалған, тағамдар мен сусындардың түрлі
ассортименттілігі, залдардың комфорттылығы ескерілген болу керек.Мейрамханалардағы сауда және банкет залдарының дастархан сервировка деңгейі жоғары болу керек. Орналасуына, қызмет көрсетуіне байланысты мейрамханадағы тағамдарға үстеме баға 200 – 300% көтеріледі. Ыдыс – аяқ, құрал – аспаптар кәсіпорынның қызмет көрсету дәрежесіне сай болу керек
Слайд 15Бірінші деңгейлі
Интерьері үйлесімділікпен орындалған, күрделі және жай дайындалған тағамдар мен сусындар
ұсынылады.
Слайд 16Кафе
Кафе – мейрамханаға қарағанда тағам ассортименті шектеулі, тұтынушылардың демалатын орны. Кафеде
фирмалық, арнайы тапсырыс бойынша дайындалуы қиын емес тағам ассортименті, біраз шектеулі, сонымен қатар ыстық (кофе,шай, какао) және суық (шырын, сусын), сүтті, ұнды, тәтті өнімдер болады. Екінші тағам ретінде жұмыртқа, сосискалар, сарделька, блины ұсынылады. Бірінші тағам ретінде тек сорпа беріледі.
Слайд 17Асхана
Асхана – қоғамдық тамақтанудың ең жақсы тараған түрі. Негізгі мақсаты –
халыққа өз тағамдарын дайындау, тұтынушы өтініші бойынша толық рацион: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас немесе жартысы ұсынылады. Асханаларда түстіктер үйге босатылады, тапсырыс қабылдайды, жартылай фабрикаттар мен кулинарлы өнімдер сатылады.
Слайд 18Дәмхана
Дәмхана – белгілі бір шикізат түрінен дайындалатын, келушілерге жылдам қызмет көрсететін,
тағам ассортиментінің шектеулі болуымен сипатталатын қоғамдық тамақтанудың кәсіпорны.
Дәмхана ассортименті – суық және ыстық тағамдар, дайындалуы оңай закускалар (сосискалар, түшпара, жұмыртқа, сарделька), сонымен қатар сусындар (шай, кофе). Сатылымда сүтті және кондитерлі өнімдер, кәмпиттер, шоколад болу керек. Алкогольді сусындарды сатуға тиым салынады.
Слайд 19Бар
Бар – сусын өнімдерін сататын шағын қоғамдық тамақтану орны. Барда тез
және бар тартпасында қызмет көрсетіледі, алкольді және алкольсіз сусындар мен жеңіл тағамдар беріледі.
Слайд 20Қорытынды
Қоғамдық тамақтану – халық шаруашылығы экономикасының айрықша кіші саласы. Кез-келген ел
үшін қоғамдық тамақтану орындары зор экономикалық рөл атқарады.