сын тұрғысынан ойлап талқылауға үйрету. Осы мақсатқа жету үшін пайдаланылатын стратегиялар бізді маңызды істерге бастайды:
Бір-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету:
Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру:
Повесті талқылауға белсенділікпен қатысуға үйрету:
Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету:
Көркем шығарманың авторына деген құрмет сезімін нығайту;
Өздерінің айтқан, жазған жауаптарына толғанып ойлануын қамтамасыз ету;
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, жануартану, экология, логика.
Көрнекіліктер: М.Әуезовке арналған буклет, портреті, сабаққа қажетті плакаттар, қасқыр туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сюжеттік суреттер.
Ұйымдастыру:
Психологиялық ахуал тудыру
Шеңбер құрып тұру(Тілек айту
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық.
Еңбек етіп ерінбей
Жақсы баға алайық.
1-топ Абылайхан 2-топ Қасымхан . Хандар жайлы мәлімет айтып өту.