Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Үй жануарлары.
Тұйық етістік.
6-сынып
№ 20 мектеп-гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Исмаилова Венера Пулатовна
Шымкент қаласы
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға тұйық етістік не дегенін түсіндіру,
оның септелуін үйрету
үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын білу, (төрт түлік )
2. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту
3. Тапсырмаларды орындап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру,
ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Слайд 4Түйе - байлық,
қой - мырзалық,
ешкі - жеңілдік,
жылқы -
сәндік,
сиыр - ақтық .
Слайд 5 Сөздік:
мырзалық - щедрость,
жеңілдік - легкость,
сәндік -
изящество,
ақтық - изобилие.
Слайд 6 Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазайық.
Түліктің пайдасы.
Қазақ
халқының нег...згі кәсіб...- мал шар...ашылығы. Қаза...станда ...ой, с...ыр, ж...лқы және т...йе өс...ріледі. Қ...й - өте пайдал... мал. Қ...йдың ж...нінен неше т...рлі мата тоқ..ды. Қо...йдың тер...сінен былғары жаса...ды. Ж...лқы - к...лік. Биен...ң с...тінен қым...з ашыт...ды. Т...йенің с...тінен ш...бат аш..тады.
Мәтіннен не істейді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып атаңдар.
Слайд 7
М: ал, бар, кел, жаз
М: бас-та( түбір +сөзжасамдық
жұрнақ)
аяқ-та, таза-ла, тіс-те, тұз-да
Слайд 9берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.
Ақта, бар, сана, қызық, тіле, бағу.
көшу, тазала, тұзда, жүр, өт,бөл, ақылдас, қыста
Слайд 10Мына етістіктерді тұйық етістікке айналдыр:
өсіреді, ашытады, тоқиды,
жасайды
Үлгі: шығады - шығ+у
Слайд 11Сөйлесу
- Сиырдың төлін қалай атайды?
-Сиырдың төлін бұзау дейді.
- Қойдың төлін қалай атайды?
- Қойдың төлін қозы дейді.
- Лақ ненің төлі?
- Лақ - ешкінің төлі.
- Жылқының төлін қалай атайды?
- Жылқының төлін құлын дейді.
- Бота дегеніміз не?
- Бота түйенің төлі.
Слайд 12Есіңе сақта!
Қой қоздайды.
Ешкі лақтайды.
Түйе боталайды.
Сиыр бұзаулайды.
Бие құлындайды.
Ит күшіктейді.
Мысық балалайды.
Тауық жұмыртқалайды.
Слайд 13Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай.
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсыл қара баласы
Ботақаным, қайдасың?
Көс, көс!
Слайд 14Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім,
Қамбар ата өсірген
Құлыным менің қайдасың?
Құрау, құрау!
Слайд 15Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған,
Көкке мұрнын шүйіріп
Көз төңкеріп қараған.
Зеңгі баба өсірген
Әукешім,
менің қайдасың?
Әукім, әукім!
Слайд 16Төлді қалай шақырады?
Қой баласы қоңырым,
Қойдай жуас момыным,
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың?
Пұшайт,пұшайт!
Слайд 17Жауын жауса бақырған,
Ешкі атасын шақырған,
Өрісте өскен жануар
Шөкетайым, қайдасың?
Шөре, шөре!
Слайд 18өлеңді мәнерлеп оқы.
«Шопан ата, бұл - мен», - деп маңырайды көк
қозым,
« Қамбар ата, -құлын кеп кісінейді деп, - өзім».
«Зеңгі баба, менмін», -деп мөңірейді бұзауым,
« Ойсылқара -әнім», - деп қоймас бота боздауын.
(Е.Өтетілеуов)
Слайд 19Есіңе сақта!
Қой маңырайды.
Жылқы кісінейді.
Түйе боздайды.
Сиыр мөңірейді.
маңырайды - маңыра+у
Слайд 20
Мәтінді түсініп оқып,қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, үлгі бойынша тұйық етістік
формасына айналдырыңдар.
Жылқы.
Жылқы - төрт түліктің бірі.
Жылқы терісінің иісі шыққан жерге жылан жоламайды. Жылқы лай суды ішпейді. Ол тек таза, тұнық суды ішеді. Шөптің асылын теріп жейді.
Үлгі: шыққан ---шығ+у
Слайд 21жаңылтпаштарды дұрыс айтуға жаттығыңдар.
1. Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты
2. Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Слайд 22Жаңылтпаш
Шұнақ құлақ лақ
Бұлаққа барды.
Бұлақ жағасындағы
Құраққа барды.