Презентация, доклад по казахскому языку на тему Қазақтың ұлттық тағамы - құрт

Жобаның негізгі мақсаты:Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Слайд 1Ғылыми жоба тақырыбы:
Орындаған: 7 сынып оқушысы

Поречная Алина
Жетекшісі: Байтуганова Анида Мамырбековна

2017 жыл

Риддер қаласы “№17 орта мектебі”КММ


«Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы»

Ғылыми жоба тақырыбы:          Орындаған: 7 сынып оқушысы Поречная

Слайд 2Жобаның негізгі мақсаты:

Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы

маңызын көрсету.

Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Жобаның негізгі мақсаты:Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты

Слайд 3 Кіріспе:
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі

қастерлей білген. Ел - жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).Сүт - химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Кіріспе:Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел - жұрт жадында

Слайд 4 АС

ҚЫЗЫЛ

КӨК
ет тағамдары жеміс тағамдары




АҚ
сүт тағамдары

АС         ҚЫЗЫЛ   КӨК

Слайд 5Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.


Іші - бауырымыз құрысып - тырысып,

көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады. Осы қазақ халқы апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен - жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен.
Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сырдың құрамында, 100 граммға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 - 401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық. Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті

Слайд 6 құрт
ірімшік
сүзбе
сыр
Ақуыз – 40-42%
Көміртегі – 10,93%
Қуаттылығы -408,4
Фосфор –

0,51%
Кальций – 2,3%

Ақуыз -34,52%
Көміртегі – 4,52%
Қуаттылығы – 401,38


Ақуыз – 18,6%
Қуаттылығы-227

Ақуыз -52,6%
Қуаттылығы -370,1

құртірімшік сүзбе сырАқуыз – 40-42% Көміртегі – 10,93%Қуаттылығы -408,4Фосфор – 0,51%Кальций – 2,3%Ақуыз -34,52%Көміртегі – 4,52%Қуаттылығы

Слайд 7 Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы

да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады.
Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны

Слайд 8

* сықпа құрт

* ақ құрт








* қара құрт





Жасалу тәсіліне қарай:

* майлы құрт

* сықпа құрт

Слайд 91
2
5
6
3
4
7
Құрттың жасалу жолы

12 56347Құрттың жасалу жолы

Слайд 10Сықпа құрт
жасқұрт
ақмалта
көбік
Құрт май
Ыстық
құрт
малта
Езген
құрт

Сықпа құртжасқұртақмалтакөбікҚұрт майЫстыққұртмалтаЕзгенқұрт

Слайд 11



Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып

ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

Көбік. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін

Слайд 12 Қазақстанның ұлттық бренді – құрт

Айдар Шалбарбаев 20 жыл бойы

құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда. Әлі нәтижесіз. – Ұлттық бренд туралы сөз қозғалған кезде, мен тыс қала алмаймын, – деп Айдар Ақаралұлы атап кетті. – Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгін құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім. 1990 жылы Айдар Ақаралұлы құрт және оның мәртебесі туралы күрделі ойлай бастады.
Қазақстанның ұлттық бренді – құртАйдар Шалбарбаев 20 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат

Слайд 13Екінші бағыт – етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы

ата - бабаларының әдісі бойынша жасалады.

Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколадпен қапталған және жаңғақ қосылған.

Үшіншісі – балық құрт. Бұл өнім балықтың әр түрінен жасалып, балық мүсінінде болады.

Екінші бағыт – етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата - бабаларының әдісі бойынша жасалады.

Слайд 14 Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл

тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді. Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
Қорытынды   Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық

Слайд 16 Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың

дарқан дастарқаны, Алматы кітап 2007 ж. 2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж. 3. Ермакова В. И. Аспазшылық, Просвещение 1993 ж. 4. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.
5. Интернеттен алынған мәліметтер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматы кітап 2007 ж.

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть