Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттердің үй тапсырмасын меңгеруін тексере отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырып бойынша мағлұматтар мен тапсырмалар беру
Слайд 5Істер тізімдемесі
Істер, құжаттар тізімдемесі сақтау бірліктерінің/есепке алу бірліктерінің баяндау мақаласынан, қорытынды
жазбалардан, куәландыру парағынан және тізімдеменің анықтамалық аппаратынан тұрады
Слайд 6Тізімдеменің сипаттауы:
1) сақтау бірлігінің, есепке алу бірлігінің реттік нөмірін;
2) іс жүргізудің
индексінен немесе мүліктік (өндірістік) нөмірін;
3) сақтау бірлігінің, есепке алу бірлігінің тақырыбын;
4) құжаттардың аралық уақытын;
5) сақтау бірлігіндегі парақтар санын;
6) құжаттардың көшірмелігіне нұсқауды;
7) құжаттарды жаңғыртудың (көшірме түсірудің) тәсілдерін қамтиды
Слайд 7
Істер, құжаттар тізімдемесінің анықтамалық аппаратына төмендегілер кіреді:
Слайд 8Істердің мұрағат тізімдемесінің титулдық парағында төмендегі мәліметтер кіреді:
мұрағаттың толық атауы;
құжат мұрағаттық
тізімдемесіне енген мерзімге жататын хронологиялық реттілікпен ұйымның ресми атауы ретінде жазылатын қортүзушінің барлық қайта атауларымен қоса мұрағат қорының атауы, барлық бағынушылардың өзгерген және қысқартылған атаулары (жақшаның ішінде);
мұрағат қорының нөмірі;
мұрағат тізімдемесінің нөмірі (мұрағат қорының парағы бойынша);
мұрағат тізімдемесінің атауы;
мұрағат тізімдемесіне енгізілген құжаттардың соңғы мерзімі. Егер мұрағат тізімдемесіне үзіліспен бірнеше жылдың ісі енгізілген болса, титулдық парақта құжаттары бар жылдар ғана көрсетіледі
Слайд 9Мазмұнында мұрағат тізімдемесінің ісіне және анықтамалық аппарат бөліміне мыналар аталып шығады:
алғы сөз, барлық бөлімінің, бөлімшелерінің, мұрағат тізімдемесіне енгізілген істегі басқа да ұсақ топтардың қысқартылған атауларының тізімі, көрсеткіштер, шифрлар аударма сызбаларының қарсысына тізімдеменің сәйкес парақтарының нөмірлері қойылады
Слайд 10
Алғы сөз істер, құжаттар тізімдемесінің әрбіріне немесе мұрағат қорындағы барлық тізімдемелерге
жалпы жасалады. Алғы сөзде заң шығарушы көздерге және қор құжаттарына сілтеме көрсете отырып қортүзушінің қысқаша тарихы жазылады
Слайд 11Алғы сөздің бірінші бөлімінде ұйымның – қор құрушының тарихына арналған мына
мәліметтер қамтылады:
қор құрушы – ұйым пайда болған және қызмет еткен тарихи жағдай;
нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсетіле отырып ұйымның – қор құрушының пайда болған мерзімі, сонымен қатар ізбасар ұйымның атауы, қор құрушының бағынатын ұйымы көрсетіледі;
қор құрушы ұйымның құзыреті, жүйесі және қызметі;
негізгі себебін көрсете отырып ұйымның – қор құрушының атауының, жүйесінің және ведомстволық бағынушыларының өзгеруі;
нормативтік құқықтық актілерге сілтеме көрсете отырып ұйымның – қор құрушының таратылу мерзімі (қайта құрылуы), сонымен қатар оның қызметін атқаратын мұрагер ұйымның атауы;
Слайд 12Қысқартулар тізімін жасау – істердің мұрағаттық тізімдемесін және анықтамалық аппаратты бірізділендіру,
оның көлемін азайту үшін қажет. Қысқартулар тізімі сипаттамасында қысқарған сөздер болған жағдайда жасалады. Қысқартулар алфавиттік реттілікпен орналастырылады, сол жағында – қысқартылған сөз, сызықша, түсіндірме. Тізімге жалпыға мәлім қысқартылған сөздер кірмейді. Қысқартуларды өздігінен жасауға рұқсат етілмейді
Слайд 13Мұрағаттық тізімдемелердің ақпараттылығын арттыру мақсатында көрсеткіштер жасалады. Ғылыми айналымның құрамына кіретін,
басқа қор иелерінің құжаттары бар мұрағат қоры, белгілі бір қортүзушінің құжаттарын іздеуді қамтамасыз ету мақсатында арнайы қордың көрсеткіштерін жасау қамтамасыз етіледі. Онда мұрағат қорының аты мен нөмірі көрсетіледі және сол мұрағат қорына жататын істердің нөмірлері жазылады. Тиісті көрсеткіштер істер жататын мұрағат қорындағы мұрағат тізімдемесінің алғы сөзіне де жазылады
Слайд 14Мұрағат қажет болған жағдайда істердің, құжаттардың тізімдемесін жетілдіреді және қайта жасайды.
Белгілі жағдайларда істерді қарау қажеттілігі атаудың сапасын алдын ала сараптаудан өткізгеннен соң айқындалады. Атауларды редакциялау тізімі көшірмесінің екінші данасымен іске асады және ол кейін басылып шығарылады. Атауына енгізілген барлық өзгертулер мен анықтаулар істің қаптамасының сыртына жазылады. Атауды редакциялау барысында іс құжаттарының мағынасын атауға дұрыс енгізілгені тексеріледі, мерзімдері айқындалады, істің қорға, жүйеге жататындығы айқындалады. Бұрмалаулар, ұқыпсыздықтар жойылады, стилистикалық және грамматикалық қателер жөнделеді, атаулар бір ізге салынады, қысқартулар шифрланады. Қажет болған жағдайда жеке құжаттардың аннотациясы жүргізіледі
Слайд 15Тізімдемені қайта өңдеуге мыналар кіреді:
1) сақтау бірліктерінің/есепке алу бірліктерін қорға қарай
жүйелей отырып, құндылығына сараптама жүргізіп оларды зерттеу;
2) сақтау бірліктерінің/есепке алу бірліктерінің атын айқындау немесе құрастыру;
3) олардың соңғы мерзімін белгілеу немесе анықтау;
4) сақтау бірліктерін/есепке алу бірліктерін жаңа жүйенің кестесіне сәйкес жүйелендіру және қайта шифрлау;
5) тізімдемеге қажетті анықтамалық аппарат құру, Қайта өңдеу кезінде бірнеше құжаттар, істер тізімдемесін жаңа бір мұрағат тізімдемесіне қосуға болады
Слайд 16Тізімдемені қайта өңдеу кезінде сақтау бірліктерінің/есепке алу бірліктерінің мұрағаттық шифрының ескі
және жаңа аударма кестелері дайындалады. Онда ескі мұрағат шифрынан жаңа мұрағат шифрына төмендегідей түрде сілтеме жасалады:
1) ескі мұрағаттық тізімдеме бойынша істің нөмірі;
2) жаңа мұрағаттық тізімдеме бойынша істің нөмірі;
3) ескертпелер.
Егер жаңа мұрағаттық тізімдемеде бірнеше қайта өңделген мұрағаттық тізімдеменің істері, құжаттары болатын болса, онда аударма кестесіне ескі мұрағаттық тізімдеменің нөмірімен баған қосылады