Презентация, доклад планирования, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Содержание

Кенесары Қасымұлы1802-1847

Слайд 1 Үй жұмысын тексеру
Сырым Датұлы бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс
(эссе)

Үй жұмысын тексеруСырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (эссе)

Слайд 3Кенесары Қасымұлы
1802-1847

Кенесары Қасымұлы1802-1847

Слайд 4Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Сабақтың тақырыбы:

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысСабақтың тақырыбы:

Слайд 5Сабақ мақсаты:
1.Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын,

нәтижесін, тарихи маңызын ашу.
2.Патша үкіметіне қарсы бұған дейінгі білімдерін толықтыра отырып өзіндік ой қорытындыларын жаңа білімді меңгеруде пайдалану.
3. Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып, Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ мақсаты: 1.Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, нәтижесін, тарихи маңызын ашу. 2.Патша үкіметіне

Слайд 6топқа бөліну

топқа бөліну

Слайд 7Кенесары Қасымұлы - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы

ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Шыңғыс ханның ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Кенесары Қасымұлы - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы

Слайд 81802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның

отыз ұлы болған. Абылайдың әйелі Қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым сұлтан туады. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен: Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай мен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.
1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың әйелі Қалмақ

Слайд 9
Кенесары Қасымұлы өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер

қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесары Қасымұлы өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз

Слайд 111841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері жиынында Кенесары қазақ халқының ханы

болып сайланды. Сол жылы Кенесары ханның әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесары ханға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Соған қарамастан, Кенесары ханның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарына бірнеше рет ойсырата соққы берді. Әсіресе 1843 жылдың қыркүйегіндегі Орынбор жасағымен шайқас бір жұмаға созылды.

1844-1845 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі шырқау шегіне жетті. Ол бастаған елді үш жақтан қоршап, Қарақұмға шегінуге жол бермеу үш бірдей жасаққа жүктелсе де Кенесары оларды жер қаптырып, құтылып кетті. Кенесары кейін Константинов қамалына шабуыл жасады. Жантөрин мен полковник Дуниковский бастаған орыс әскерімен шайқасып, сұлтан жасағына тылдан тиісіп, жойып жіберді. Осы ұрыста 44 сұлтан қаза тапты. Кенесарыны қарудың күшімен бағындыра алмасын білген патша өкіметі онымен келіссөз жүргізіп, қапияда қолға түскен сүйікті жары Күнімжан ханымды тұтқыннан босатты. Кенесары өз ордасын Жетісуға көшірді. Ұлы жүзден оған Байсейіт, Сұраншы, Саурық, Тойшыбек, Байзақ батырлар жасақтарымен келіп қосылды.

1841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері жиынында Кенесары қазақ халқының ханы болып сайланды. Сол жылы Кенесары ханның

Слайд 12

Тарихта Кенесары хан парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек

батыр ғана емес, ғажайып дипломат, данагөй де болған тарихи тұлға. Сол кездері отарлаушы орыс мемлекеті қазақтарға қарсы Хиуа, Қоқанды, қырғыздарды айдап салса, қырғыздар Орта жүзге Ұлы жүзді қарсы қоюға жанталасып, Хиуа Есет батырды Жанғожаға, Жанғожаны Кенесарыға қарсы қоюға тырысты. Патша өкіметі болса, сатқын сұлтандарды Кенесары ханның соңына салып қойды. Осындай аласапыран заман туса да Кенесары хан жеке басының қамынан елінің біртұтастығы мүддесін жоғары қойды. Тапқырлығымен талай қиын мәселелердің түйінін шешті. Сатқындыққа, әділетсіздікке, мейірімсіздікке қатал қарап, қатты қаһарланса да парасаттылық танытар тұста ашуын ақылға жеңдіре де білді.
Тарихта Кенесары хан парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат, данагөй

Слайд 13Азаттық үшін шайқаста Кенесары хан қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті.

Алайда, патша әкімдерімен құпия байланыста тұрған қырғыздар оған мойынсұнбады. Кенесары хан оларға шабуыл жасады. Өз жақтастарының опасыздық салдарынан Кенесары мен Наурызбай дұшпандардың қолына түседі. 1847 жылы Кенесары хан Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғарында осылайша айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жіберді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық берді.
Азаттық үшін шайқаста Кенесары хан қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда, патша әкімдерімен құпия байланыста тұрған

Слайд 14Абылай ханның ұрпағы Кенесары ханның ұлт-азаттық көтерілісінде қандай қолбасшы, тарихта қандай

ұлы тұлға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Н.Середа өз зерттеулерінде: «Кенесары хан өз жасақтарының мәртебелі әміршісі бола білді. Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді Кенесары хан ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тосқауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қаракет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады»,-деп жазды.
Абылай ханның ұрпағы Кенесары ханның ұлт-азаттық көтерілісінде қандай қолбасшы, тарихта қандай ұлы тұлға болғандығы туралы орыс тарихшысы

Слайд 15Кенесары Қасымұлының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау

болды. Нысанбай ақынның «Кенесары - Наурызбай дастаны» 1875 жылы сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. ХХ ғасырдың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын, 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. 1888 жылы Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан Кенесарының баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес үкіметі тұсында Кенесарының күрес жолына іргелі ғылыми зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кенесары Қасымұлы тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке жеткеннен кейін ғана қолға алынды.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары - Наурызбай

Слайд 16Кенесары
Қасымұлы
Кім?
Қандай адам?
Не істеді?
Несімен атақты?

КенесарыҚасымұлыКім?Қандай адам?Не істеді?Несімен атақты?

Слайд 17Кенесары
Қасымұлы
Кім?
Батыр, қолбасшы,
хан, аса көрнекті
мемлекет қайраткері
Қандай адам?
Ашаң жүзді,
орта бойлы,
жауырыны қақпақтай,

Не істеді?
Қол

бастады,
отаршылдыққа
қарсы күресті

Несімен атақты?
Батырлығымен,
ұйымдастырушылығымен,
әділдігімен, әскери
қолбасшылық талантымен

КенесарыҚасымұлыКім?Батыр, қолбасшы,хан, аса көрнектімемлекет қайраткеріҚандай адам?Ашаң жүзді,орта бойлы, жауырыны қақпақтай,Не істеді?Қол бастады,отаршылдыққақарсы күрестіНесімен атақты?Батырлығымен,ұйымдастырушылығымен,әділдігімен, әскери қолбасшылық талантымен

Слайд 18Көтерілістің
себебтері
Патша өкіметінің
Қазақстандағы отаршылдық
саясаты
Қазақ жерін әскери отарлаудан,
яғни Ресей

бодандығынан, 
Қоқан бектерінің
озбырлығынан құтқару

қазақ халқының,
әсіресе шаруалардың
жағдайының нашарлай түсуі

Орта жүзде хандық
билікті жойып,
ресейлік әкімшілік
басқарудың
жүзеге асырыла бастауы

Көтерілістің себебтеріПатша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатыҚазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруқазақ халқының, әсіресе шаруалардың

Слайд 19Көтерілістің
мақсаты
Ресейдің құрамына
кірмеген жерлерді
сақтап қалу
Қазақстанның
Абылай хан кезіндегі аумақтық
тұтастығын

қалпына келтіру

патша үкіметі тартып алған ежелгі 
жерлерін өздеріне қайтарып алу,
округтерді тарату,
отаршылар енгізген
алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің мақсатыРесейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалуҚазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтірупатша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне

Слайд 22Тұлғаны таны




1382 жылы Алтын орданың ханы Тоқтамыс Мәскеуді өртеп жіберді. Оның

мақсаты елінің билігін нығайтып, қарсыластарының алдында күштілігін дәлелдеу. Арада 456 жыл уақыт өткеннен кейін тағы бір қала Мәскеудің күйін кешті.
Сұрақ: Өртенген қай қала? Оны өртеген адам кім және оның мақсаты қандай?
Тұлғаны таны1382 жылы Алтын орданың ханы Тоқтамыс Мәскеуді өртеп жіберді. Оның мақсаты елінің билігін нығайтып, қарсыластарының алдында

Слайд 23Жауабы:
Ақмола бекінісі.
1838 жылы 7 тамызда Кенесары Қасымұлы патшаның отарлау

сайысатына қарсылығын осылай бастады.
Жауабы: Ақмола бекінісі. 1838 жылы 7 тамызда Кенесары Қасымұлы патшаның отарлау сайысатына қарсылығын осылай бастады.

Слайд 24Абылай ханның ұрпағы, тарих ғылымының докторы. “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан”

– деген еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті ашып жазғаны үшін
25 жылға бас бостандығынан айырылған кім?
Абылай ханның ұрпағы, тарих ғылымының докторы. “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” – деген еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған

Слайд 25Жауабы:
Ермұхан Бекмаханов

Жауабы: Ермұхан Бекмаханов

Слайд 26Ол өз кезінде өте білімді, Түркістан қаласы маңындағы Қарнақ медресесінде білім

алған. Өз замандастарының айтуынша аласа бойлы, өте жігерлі адам болған. Ш.Уалихановтың мәліметі бойынша
12 әйелі, 30 ұлы, 40 қызы болған. Жоңғарлардың атақты қонтайшысы Қалдан-Цереннің жақын туысын жекпе-жекте жеңіп, оны өлтірген.
Ол өз кезінде өте білімді, Түркістан қаласы маңындағы Қарнақ медресесінде білім алған. Өз замандастарының айтуынша аласа бойлы,

Слайд 27Жауабы:
Абылай хан

Жауабы: Абылай хан

Слайд 30Зекет
Ұшыр
Баж салығы
Мыңбасылар
Айырым

Сөздердің мағнасын аш.

ЗекетҰшырБаж салығыМыңбасыларАйырымСөздердің мағнасын аш.

Слайд 31Зекет- мал өсірушілерден алынатын салық
Ұшыр- диқандардан алынатын салық
Баж салығы-көпестердің сауда кереуендерінен

алынатын салық
Мыңбасылар ерекше көзге түскен сарбаздар
Айырым- хан әскері.
Зекет- мал өсірушілерден алынатын салықҰшыр- диқандардан алынатын салықБаж салығы-көпестердің сауда кереуендерінен алынатын салықМыңбасылар ерекше көзге түскен сарбаздарАйырым-

Слайд 32Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы

сипаты.
“Венн диаграммасы”
Сырым Датұлы бастаған көтерілісКенесары Қасымұлы бастаған көтерілісСырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты. “Венн диаграммасы”

Слайд 33Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы

сипаты.
“Венн диаграммасы”

Отаршылдық езгіге қарсы бағытталған

Қазақ шаруалары, билер, старшындар

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтерілістер

Феодалдық топтардың Кенесарыны қолдамауы

Кіші жүзді - Еділ-Арал теңізін қамтыған

Еділдің шығысындағы ірі
халықтық сипаттағы
қозғалыс.

Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

Бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс

Қазақ феодалдарының арасындағы алауыздық және ру аралық қайшылықтар

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 14 жылға созылды.

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 10 жылға созылды

Сырым Датұлы бастаған көтерілісКенесары Қасымұлы бастаған көтерілісСырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты. “Венн диаграммасы”Отаршылдық езгіге қарсы бағытталғанҚазақ

Слайд 34Тест тапсырмалары
1. 1837–1847 жж. болған көтеріліске кім басшылық еткен?
А) Кенесары

Ә) Сырым Б) Амангелді
2. Кенесарының сенімді серігі болған кім?
А) Ақылбай Ә) Наурызбай Б) Шортанбай
3. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс қашан болды?
А) 1836-1838 Ә) 1875 – 1886 Б) 1837–1847 жж.
4. Кенесары қашан хан сайланды?
А) 1839жылы Ә) 1840 жылы Б) 1841 жылы
5. Кенесары көтерілісінің негізгі мақсаты неде?
А) тәуелсіз қазақ хандығын құру Ә) Ресей жерін отарлау Б) Қырғыздарды жаулап алу
6. Кенесары қозғалысының негізгі қозғаушы күштері кімдер?
А) шаруалар Ә) әйелдер Б) башқұрттар
7. Кенесары туған өлке?
А) Түркістан Ә) Көкшетау Б) Орал
8. Хан маңындағы кеңесші орган:
А) халық кеңесі Ә) старшын кеңесі Б) хан кеңесі
9. Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бас көтерулері неден басталды?
А) салықтын өсуінен Ә) «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан» Б) аштықтан
10. Егіншілер қандай салық төледі?
А) зекет Ә) ұшыр Б) һаж

Тест тапсырмалары1. 1837–1847 жж. болған көтеріліске кім басшылық еткен?А) Кенесары   Ә) Сырым   Б)

Слайд 351847 ж. қырғыз манаптарының әскерімен
Қорытынды

1847 ж. қырғыз манаптарының әскеріменҚорытынды

Слайд 362002 жылы Кенесары ханның туғанына 200 толуына орай халықаралық ғылыми конференция

өтті. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш қойылған және оның атымен аталатын көше, мектептер бар.
2002 жылы Кенесары ханның туғанына 200 толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті. Астана қаласында Кенесары ханға ескерткіш

Слайд 37Үйге тапсырма:
1.Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.
2.Эссе

Үйге тапсырма:1.Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу.2.Эссе

Слайд 38
Кенесары Қасымұлының
өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге.

Слайд 40Өзін-өзі бағалау парағы

Өзін-өзі бағалау парағы

Слайд 41 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть