Слайд 1мақтанышым
Мамандығым
Дайындаған: «Есеп және аудит»12.13.21 топ студенттері
Слайд 2 Қазіргі экономикалық жағдайдағы әрбір шаруашылык
құрылымның негізгі жүргізушісі, ақпараттарды тоғыстырушысы, басқарушылык шешімдерді қабылдауға қажетті мәліметтерді ұсынушысы - бухгалтерлік есеп болып табылады.
Слайд 3 Бухгалтерлер - кәсіпорынның қаржы, шаруашылык, экономикалық, әлеуметтік және басқадай салаларындағы
орын алып жатқан жағдайларды рәсімдеп, жинақтап, талдап, есеп беруді даярлап отыратын тұлғалар. Кәсіби бухгалтерлер Қазақстан Республикасының «Аудиторлық іс-әрекеттер туралы» Заңына сәйкес, белгіленген тәртіпте емтихан тапсыруларының нәтижесінде аудиторлык лицензияға ие болып - «аудитор», - деп атанады. Аудиторлар - кәсіпорынның іс-әрекеітерінің заңдарға сәйкестігін тексеріп, талдап, анықталған жайттарды саралап, табылған қателіктер мен кемшіліктерді жөндеу жолдарын ұсынып өз пікірін есеп беруде көрсетеді.
Слайд 4Қазіргі кезде бухгалтерлер мен аудиторлар дүниежүзіндегі ең жоғары төлем ақы алатын
мамандыктардың бірі болып есептелінеді.
Слайд 5 «Есеп және аудит» мамандығында оқитын студенттер мен магистранттар
бухгалтерлік есеп пен аудиттің ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасында кабылданған барлық заңнамаларға, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) және халыкаралық аудит стандарттарына (ХАС) сәйкес оқытылуының нәтижесінде, Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетелдердің бухгалтерлік есеп пен аудит қызметі бар барлық салаларда қызмет атқара алады, соның ішінде:
Слайд 6-мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде (президент әкімшілігі, қаржы министрлігі, салық басқармасында, жергілікті
басқару аппараты т.с.с);
-аудиторлық компанияларда (шет елдік, мемлекеттік т.с.с.)
-каржылық салада (банк, несие ұйымдары, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру мекемелері т.с.с);
-ендіріс саласында (ауыр өнеркәсіпте, тамақ өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте т.с.с.)
-халық шаруашылық саласында (ауыл шаруашылығында, құрылыс мекемелерінде, сауда кәсіпорындарында т.с.с);
-білім және ғылым саласында (министрлікте, ЖОО, колледжде, мектепте, бала бақшада);
-бухгалтериясы (есеп-қисап бөлімі) бар барлық мекемелерде келесідей қызмет атқара алады:
-басшы (мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, салық комитетінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің т.с.с);
-бөлім басшысы (қаржы директоры, коммерциялық директор т.с.с);
-аудитор (бас аудитор, аудит бойынша кызметкер (қаржылық, салықтық, басқарушылық), аудитор көмекшісі)
-Бас бухгалтер;
-бухгалтерияда (бас бухгалгер орынбасары, қаржылық бухгалтер, салықтық бухгалтер, есептік бухгалтер, өндірістік бухгалтер, кассир, экономист т.с.с.).
Слайд 7 Атырау қаласының әкімі аппараты бухгалтерлік есеп және
есептеу бөлімінің бастығы
Ақмарал Өтепбергенқызы Тлеуғалиеваның
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЫ
Мемлекеттік орган: «Атырау қаласы әкімінің аппараты» ММ
Лауазымның толық атауы Бухгалтерлік есеп және есептеу бөлім бастығы
Слайд 8Лауазым туралы мәлімет
Бөлім (бөлімше) бугхалтерлік есеп және есептеу
1) Бухгалтерлік есеп және
есептеу бөлімінің бастығы әкімге, әкім орынбасарларына және аппарат жетекшісіне бағынады және олардың бұйрықтары мен жұмыс барысындағы өкімдерін орындайды.
2) Бухгалтерлік есеп және есептеу бөлімінің бастығы қаржылық құжатарға қол қоюға құқылы.
3) Бухгалтерлік есеп және есептеу бөлімінің бастығын осы бөлімнің бас маманы (қаржылық құжаттарға қол қоюға) алмастырады.
4) Бухгалтерлік есеп және есептеу бөлімінің бастығы аппарат жетекшісінің ұсынысы бойынша және әкім өкімімен лауазымдық орынға тағайындалады және босатылады.
5) Бухгалтерлік есептеу бөлім бастығы өз жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Заңдылықтарын, бюджеттік Кодексін және Қаулысын, есептік нұсқауларды басшылыққа алады.
Слайд 9Негізгі тапсырмалар
Аппараттағы шығыс қаржыларын тиімді, үнемдеп пайдалану және уақытылы игерілуі. Аппарат
қызметкерлерінің жалақысын кешіктірмеуін үнемі қадағалау, аппарат қызметкерлерінің кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету.
Осы лауазымда жұмыс жасау қызметкерлерден төмендегідей біліктілікті талап етеді:
Мамандығы бухгалтер-экономист
Мамандығы бойынша ең төменгі жұмыс өтілі 20 жыл
Мемлекеттік қызмет өтілі 10 жыл
Слайд 10Негізгі міндеттері:
Қала әкімі аппаратында қаржылық шығынды тиімді пайдалану.
Құқықтары
Өз міндеттерін орындау үшін
төмендегідей құқықтар берілген:
1. Осы лауазымдық нұсқауда қарастырылған міндеттерге байланысты жұмыстарды орындауда өз ұсынысын айту
2. Өз қарамағындағыларға өкімдер беру және олардың орындалуын қадағалау
3. Қол қою құқығы бар
4. Қызметкерлерді қолдау жөнінде ұсыныс беруге
Осы лауазым иесіне:
1) Қызметтік міндеттердің бұлжытпай сақталуы үшін
2) Материалдық техникалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін жауапкершілік жүктеледі.
Слайд 11Назар аударғандарыңызға рахмет!!!