Слайд 1Мейрамхан Назерке
Қайратқызы
Амантоғай жалпы білім беретін
орта мектебі
2014 жыл
“Ұлы Жеңіске 70 жыл”
“Мирас”
оқушылардың ғылыми
қоғамы мүшелерінің конференциясы
Слайд 2Тақырыбы: Ата жолы – ізгіліктің іздері
Слайд 3Жоспар:
І. Кіріспе: “Тарих – тағлым”
ІІ. Негізгі бөлім:
“Ата жолы
– ізгіліктің іздері”
ІІІ. Қорытынды.
«Бәрі де Жеңіс үшін!»
Слайд 4Кіріспе: “Тарих – тағлым”
Ұлы Отан соғысы...
Адам баласы үшін соғыстан
асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы-қасірет, қантөгіс, өлім-жетім. Соғыс дегеніміз – күн сайын туған-туыстан, жақын-жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Тарихта небір алапат соғыс болғанмен, солардың бірде-бірі екінші дүниежүзілік соғыспен теңесе алмайды. Өйткені бұл соғыста бүкіл дүние жүзі халқының тағдырын талқыға салып, бүкіл әлемге билік жүргізіп, бұғауда ұстағысы келген Гитлерге тойтарыс беріп қана қоймай, өз елімізбен қоса Еуропаны да фашистік тепкіден азат етті.
Слайд 5 Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып,
Жиырма екінші саратанда
қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау
Шекараға келіп салды ойранды.
Осы хабар уақытында алынды,
«Соғысқа!» - деп сонда дабыл қағылды,
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.
Слайд 6Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім, сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!
Отаныма берген бірақ антым бар,
Деді бізге: «Ал, соғысқа тартындар!»
Ұлы Отанды қорғаңыздар, аянбай,
Арттарыңда сізге сенген халқың бар!
Слайд 7 «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында»,-деп батыр ағамыз
Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер - Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар.
Слайд 8Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап
жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Слайд 9Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам
қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған.
Слайд 10 Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қайғылы соғыс болып саналады.
Бұл соғыстың тауқыметін тартпаған бірде-бір адам жоқ. Кейбіреуі елге оралмай қалса, кебіреулері аман -есен елге келді. Елге оралғандардың қатарында менің асқар тау атам –
Бірмағабетов Төлеубайда болды.
Слайд 11Ұлы Отан соғысының ардагері
Бірмағамбетов
Төлеубай
Бірмағамбетұлы
ІІ. Негізгі бөлім:
“Ата жолы – ізгіліктің іздері”
Слайд 12Өмірдерек
Бірмағамбетов Төлеубай
Бірмағамбетұлы 1922 жылы
20 қаңтарда Амантоғай ауылында
дүниеге келді. Отбасында бір
ұл бір қыз бала болған, яғни өзі және қарындасы Үкіжан. 9 кластық білімі бар. Оқуда жүрген кезінде аудандық әскери бөліміне шақыртылды.
Слайд 13Отты жылдарда
Атам – 1942 жылы әскерге алынып, сол
жылы соғысқа аттанды.
Атам Украина
жерінде, Воронежде жаулармен соғысты.
Онда ол №163 атқыштар дивизиясының,
№113 атқыштар полкінде соғысқан.
1944 жылы 3 рет ауыр жарақат алып, 6 ай
Оренбургтің (Жаман қаласында)
госпиталында емделген. Сол жақтан ауылға оралған.
Слайд 16Ұлы отан соғысының ардагері екендігін растайтын куәлігі
Слайд 17Еңбек жолы
1945 жылы атам Әнуза әжеммен отау құрған. Атам, соғыстан кейін
колхоз, совхоз жұмыстарында еңбек етті.1953-1958 жылдары аудандық, облыстық маслихат депутаты болған. Елеулі еңбегі еленіп, ауылдың құрметті азаматы атанған. Көпжылдық еңбегінен кейін зейнетке шықты.Қазір Ұлы Отан соғысының ІІ топтағы мүгедегі, Қостанай қаласында тұрады.әулетіміздің үлкені, жасы 93 – ке толады.
Слайд 18Амантоғай ауылының ардагерлерінің арасында
Слайд 19Омырауында -
Ұлы Отан соғысына қатынасқаны үшін және Жеңістің мерей тойларында берілген
ордендері
Слайд 21Ұрпақтары
Атам Төлеубай мен әжем Әнуза екеуі 10 бала өсірген, екеуі
қыз, сегізі ұл. Оның бесеуі тірі, бесеуі дүниеден өткен. Атамның қазіргі таңда 23 немересі, 33 шөбересі бар.
Слайд 22Шежіре
1. Айтжамал- Сая, Әлихан, Батырхан, Тоты, Толқын.
2. Таңатқан
3. Мейрамхан
– Қайрат, Ләззат, Гүлшат, Ардақ, Талғат.
4. Мизамхан
5. Қасымхан – Серік, Қанат, Дана.
6. Жұмахан
7. Темірхан – Кәмшат,Қымбат,Бағдат,Бақытжан,Ботакөз
8. Әмірхан – Берік, Ерік, Әли, Дариға.
9. Бауыржан
10.Жанат - Томирис
Слайд 231. Сая – Айдана, Динара, Әйгерім, Дариға, Абай.
2. Әлихан -Әділхан,Әйгерім,Тимур,Нұрсұлтан, Ботакөз.
3.
Батырхан – Санжар, Мирас.
4. Тоты – Диана , Ұлжан
5. Толқын – Малика
6. Қайрат – Ерболат, Назерке, Аружан, Жанайым
7. Ләззат – Дәурен, Еркежан, Бақытнұр
8. Гүлшат – Дина, Айбар, Айзере
9. Ардақ - Ақниет
9. Серік – Наргиз, Амина, Нұралы
10.Қанат – Аружан
11.Қымбат – Ринат, Тамырлан
«Бәрі де Жеңіс үшін!»
9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн, сондықтан осы Ұлы мерекені ерекше қабылдаймыз. 2015 жылы Ұлы жеңіске 70 жыл! Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізге мақтанамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымызды иеміз.