Слайд 1Тақырып:
Еңбекқорлық пен еріншектік.
Слайд 2Мақсаты:
“Еңбекқорлық” туралы түсініктерін кеңейту .
Еңбектің мәні ,еңбекке жету жолында дұрыс әрекет
қалыптастыру.
Слайд 3Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: “Еңбекқорлық пен еріншектік” туралы дұрыс әрекетті қалыптастыру ;
Дамытушылығы:
еңбекке қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Слайд 4Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Күннің нұры: Елестетіңіз, күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,
кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Слайд 5Үй тапсырмасын тексеру:
1 .Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс әрекетіен байқадың?
2. “Қаһарман”
деген атқа ие болу үшін
адамның қандай қасиеттері болу керек ?
3 .Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма ?
4 .Батылдық,өжеттік істеген кездерің болды ма ?
5 Өмір бойы тек есеппен жүретін адамды адамзат деп
айта аламыз ба? Неліктен ?
6 Азаматтық парызға нелер жатады деп ойлайсың ?
7.Парыз туралы не білесіздер?
8.”Ел үмітін ер ақтар”.”Ер атағын ел сақтар”. дегенді қалай түсінесіндер?
Слайд 6
Дәйексөз
Еңбек- қуаныш,жалқаулық -айрылмас азап.
Абай.
Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ
Б. Момышұлы
Слайд 7Еріншектік жалқаулық бір қиындықтан екінші қиындықты,бір кедергіден екінші кедергіні тудырады.Жолың болмайды.Нәтижесінде
көңіліңде қарныңда тоқ болмайды.
Слайд 8Мұғалім сыйы
“Ақылды еріншек” әңгімелеу.
Слайд 9Ақылды еріншек.
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен.Бірінші адам таңертен ұйқысынан
оянып,бір ағаш шапса,екіншісін шауып,тыным таппайды екен.Таңнан қара кешке дейін еңбектеніп,тынығу дегенді білмейді екен.Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты.
Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін,бір апталық ағаштарын санайық депті.Нәтижесінде екінші адамның ағаштары көбірек болыпты.
Слайд 10Бірінші адам ызаға булығып,қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды.Мұның анау айтатындай сыры
жоқ.Сен тынбай еңбектенесің.Ал мен кей- кейде тынығып,балтамды қайрап аламын.Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың.
.Өзін- өзі жетілдіру балтаны қайрағанға ұқсайды.Өз -өзімізге уақыт бөліп,істің көзін табуымыз керек.
Слайд 11Дәптермен жұмыс
1 .Еңбексүйгіштік пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып айту.
2 .Еңбек туралы мақал
жазу.
3 .Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме жазу.
Слайд 12Шығармашылық жұмыс , топтық жұмыс 7мин
1-топ
“Еріншектің ертеңі бітпес”
ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ.
1. Еңбектің қажеттілігі .
2. Еңбекқорлықтың қоғамдық ,әлеуметтік орны мен байланысы.
3. Еңбектің жүзеге асу жолы .
4. Қол жететін игілікке бағытталуы керектігі.
5. Еңбектің адам болашағына әсері қандай?
2-топ “Менің оған нем кетті” СУРЕТ ҚОРҒАУ
1. Еңбектің аты.
2. Мақсаты .
3 .Қажетті сапа- қасиеттері.
4 .Әрекет аумағы .
5 .Жабдық құралы.
6 .Уақыт .
7 .Нәтиже қол жеткізу.
Слайд 13 Мәтінмен жұмыс
1 - топ
Құмырсқа – жай ғана жәндік емес, одан
бөлектеу дүние. Ол - жер бетінде ең көп кездесетін жәндік. Бір Қазақстанның өзінде 200 - дей түрі бар. Олар алып жер бетіндегі ең көне жәндік түрі. Пайда болған уақыты 25 миллион жыл деп есептелінеді. Құмырсқа тіршілігі – ғылыми маңызы бар, ерекше құбылыс.
2 - топ
Құмырсқаларда да адамзат қоғамындағыдай өзара еңбек бөлінісі бар. Бірі – күзетші, бірі – қорғаушы, тағы бірі – малшы, енді бірі жауынгер болып, өз иелерінің игілігі үшін қызмет етеді. Сеніңіз, сенбеңіз, әр илеудің өз құмырсқа – актерлері де болатын көрінеді. Оларға да өнерін тамашалайтын көрермен керек. Бұл үшін олар бос орынды таңдап, алады. Әрине, ол өзге құмырсқалардың көзі түсетін жер болуға тиіс. Сонан соң олай - бұлай бұлғақтап ойнай жөнеледі.
3 - топ
Құмырсқалар – еңбекқор жәндік. Күз аяғы болып, қысқа қамдану жұмыстарына қызу кіріседі. Жұмыс бітіп жатса, маусым соңын той-томалақпен атап өтуге құмырсқалар да қарсы емес. Мұндай кездері бір илеуден екінші илеуге қонаққа кетіп бара жатқан құмырсқалар көшін жиі байқауға болады.
а) оқу, түсіну, ат қою, мазмұнын айту.
Слайд 15Құмырсқа туралы тақпақ.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа,
Алды допты орнынан,
Солға бұрылды,
Оңға бұрылды,
Қойды допты орнына.
Слайд 16Бейнебаян.
Көшбасшы құмырсқа.
Путешествие муравья.
Мультик Букашки.
Слайд 17Топпен ән айту:
“Болайықшы осындай”
Слайд 18Үйге тапсырма:
22-сабақ.
“ Адам еңбек ету арқылы қуанышқа жетеді. “
Эссе жазу.
Слайд 19Қорытындылау.
Еңбек сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына мұра қалдырады.Ал еріншек
жалқаулығының арқасында өз күнін әрең көреді.
Слайд 20Тыныштық
сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.