Бұл – оның қолдану аясы болашақта бұрынғыға қарағанда әлде қайда кеңейеді деген сөз. Осы жолда ол ең алдымен ғылым тіліне айналуы керек. Ал, ғылым салалары бойынша жасалған терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше.
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Ерте кезден бастап-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, ат қойып, олардың жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, ал жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселер бояуға пайдаланып келген. Бертін келе адам өсімдіктердің ішіндегі бастыларын қолдан өсіретін болды. Бұл күндері олардан көптеген азық-түліктік қорлар, әр түрлі өндірістік шикізаттар аламыз, құрылыс материалдарын даярлаймыз. Өсімдіксіз өмір жоқ. Ол тіршілігімізге тірек, өмірімізге нәр, күнделікті тұрмысымызға көрік.
Жер беті өсімдіктер дүниесіне өте бай. Дүние жүзінде олардың 500 мыңдай түрі өседі екен. Сол 500 мың өсімдіктің 220 мыңдайы суда, қалғандары құрлықта өсетін көрінеді. Ал қолдан өсірілетін мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңнан асады.
Табиғаттың осы ұшаң теңіз байлығынан Қазақ жеріне де аз үлес тимеген [1]. Республика ғалымдарының мәліметтеріне қарағанда бізде өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі өседі. Сол 6 мың өсімдіктің 760-ы, яғни 12,6 % тек біздің жерімізде ғана өсетін эндемик өсімдіктер. Бұлар басқа еш жерде өспейді.
Қазақстан территориясы 272 миллион гектардан асады. Оның жер бедері де алуан түрлі. Мұнда асқар таулар мен кең жазықтар, адырлы үстірттер мен далалы шөлейіттер, шағыл құмдар мен айдын шалқар көлдер, суы мол өзендер мен ит тұмсығы өтпес су ормандар бар. Республикамыздың климаты да әр алуан. Осыған орай мұндағы өсетін өсімдік түрлері де әр қилы және мол болып келеді. Бұлар-табиғаттын бізге тартқан сыйы, жеріміздің ырысы, еліміздің байлығы.
Жұмыстың өзектілігі