Презентация, доклад қазақ тілі сабағынан тақырыбы Діни шешендік сөздер

Содержание

«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзі -уағыз екендігін тілге тиек етеді. Ал біз ежелгі дәуір мен орта ғасырдың мәдени мұраларынан дінді насихаттау, имандылыққа үндеу, мысал келтіре отырып, ізгілікке шақыру - тәрбиенің

Слайд 1 ДІНИ (УАҒЫЗ)
ШЕШЕНДІК СӨЗ



ДІНИ (УАҒЫЗ) ШЕШЕНДІК СӨЗ

Слайд 2«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзі

-уағыз екендігін тілге тиек етеді. Ал біз ежелгі дәуір мен орта ғасырдың мәдени мұраларынан дінді насихаттау, имандылыққа үндеу, мысал келтіре отырып, ізгілікке шақыру - тәрбиенің бір көрінісі және рухани дүниетанымның негізі болғанымен де кеңінен таныспыз. «Құран Кәрім», «Құран хикаялары», «Мың сұрақ», т.б. халық арасына кең тараған мұраларды діни шешендік үлгілері ретінде таныдық.
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзі -уағыз екендігін тілге тиек етеді. Ал

Слайд 3Тәңірілік дін мен исламның ең тамаша дәстүрлерін, философиялық қағидаларын таңдап, талғап

қабылдаған қазақ халқы дінді - рухани қуат көзі, «Құранды» - дүниедегі құбылыстарды танудағы ғылыми негіз, мәдениет пен адамгершілік әліппесі деп таныған.
Тәңірілік дін мен исламның ең тамаша дәстүрлерін, философиялық қағидаларын таңдап, талғап қабылдаған қазақ халқы дінді - рухани

Слайд 4Ислам дінінің негізі «Құран» - ғылым мен білімнің адам баласы аша

алмаған құпияларын бойына сыйдырған таңғажайып туынды. «Құранда» математика, биология, физика, химия, әдебиет, тіл, жантану ілімдері тоғысқан. Осы кемел ғылымды елге жеткізуді мақсат тұтқан Қорқыт, әл-Фараби, Йассауи, Йүгінеки, Ж.Баласағүни, Абай, Шәкәрім сынды ғұлама даналар өз туындыларында нақыл-насихат, ұғынымды уағыздарын келтірді.
Ислам дінінің негізі «Құран» - ғылым мен білімнің адам баласы аша алмаған құпияларын бойына сыйдырған таңғажайып туынды.

Слайд 5Ертедегі Үндістан мен Вавилон, Ассирия мен Египетте мәнерлі де шешен сөйлеу

үлгілері дәріптелген болса, басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты ежелгі Қытайда шешендік ой-пікірлердің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті. Азиядағы «Кабуснама» да шешендік шеберлікті меңгеру кітабы ретінде танылды.
Ертедегі Үндістан мен Вавилон, Ассирия мен Египетте мәнерлі де шешен сөйлеу үлгілері дәріптелген болса, басқа да алғашқы

Слайд 6Жалпыадамзаттың тұрғыдан келгенде, сөз мәдениеті үғымы өзінің тамырын көне замандардағы этикалық

ілімдерден алады. Мәселен, қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік» (жэнь) проблемасын алады. Оның пайымдауынша, тек адамсүйгіштік қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты, достыққа берік, сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп қалыптастыра алады.
Жалпыадамзаттың тұрғыдан келгенде, сөз мәдениеті үғымы өзінің тамырын көне замандардағы этикалық ілімдерден алады. Мәселен, қытай философы Конфуций

Слайд 7Осы ой Платонның «мінсіз мемлекет жасаудың жолы -терең білім, ал тәрбие

ісінің басты міндеті - адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру» деген тұжырымында жалғасады. Аристотельдің пікірінше, «ең жақсы адам - ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам. Қайырымды, аң пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс». Осы талаптар адамның ішкі мәдениетіне, адамгершілік сапасына, сөз әдебіне тікелей қатысты.
Осы ой Платонның «мінсіз мемлекет жасаудың жолы -терең білім, ал тәрбие ісінің басты міндеті - адамдарды ізгі

Слайд 8Шешендік сөздердің қазақ халқы тарихымен байланысты тарихы тіпті терең. Ол ежелгі

ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі күнге дейін ұлтымыздың ұлы құндылығы ретінде дәріптелуде. Қазақ даласында дүниеге келіп, ғұмыр кешкен дала даналары да бұл өнердің болмысына, ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталған.
Шешенге қажет қасиеттер туралы жалпыадамзат игілігіне айналған ой-тұжырымдармен таныс болыңдар.
Шешендік сөздердің қазақ халқы тарихымен байланысты тарихы тіпті терең. Ол ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі күнге

Слайд 9Қазіргі діни шешендік жалаң уағызға құрылмайды. Ой астарына қоғамдың даму, көзқарастар

ықпалы, адамдарға психологиялық қолдау көрсету, т.б. желілер арқау болады.
Діни шешендер негізінен дін адамдары болып келеді.
Қазіргі діни шешендік жалаң уағызға құрылмайды. Ой астарына қоғамдың даму, көзқарастар ықпалы, адамдарға психологиялық қолдау көрсету, т.б.

Слайд 10Бұл орайда «Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол

дүние жиып, оны керегіне жаратпай көміп қойғанмен бірдей» деген Мүхаммед пайғамбар өсиетін тек жақсы жағынан танытқан А.Машанов, X. Алтай («Құранды» қазақшалаған), Ә.Дербісәлі, Б.Сапаралин және тағы басқалардың тағылымды еңбектерін атап өткен орынды.
Бұл орайда «Ілімді үйреніп, одан соң оны басқаларға үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай көміп

Слайд 12Цицерон
Шешен бойынан айтылатын ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқынқандылықпен »
ұсыну, тыңдаушылар

сезіміне өсер етіп, белгілі бір ассоциациялар тудыратын көркемдеуіш-бейнелеуіш элементтерді пайдалана білуі жөнінде айтып өткен
ЦицеронШешен бойынан айтылатын ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқынқандылықпен »ұсыну, тыңдаушылар сезіміне өсер етіп, белгілі бір ассоциациялар

Слайд 13Біліммен кемелденген тіл ешқашан мүдірмейді.
(Менандр)
Шындықты қаласаң, тілді тыйма.
(Публий)
Сөз қалай

айтылса, жауабы да соған сай болар.
(Гомер)
Сөздің мағынасын ұқпаған жан, адамды тани алмайды.
(Конфуций)
Әлі айтылмаған көп сөздің салмағы айтыла-айтыла жауыр болған сөзден де ауыр болар.
(Плутарх)
Сөздердің мәнділігі - мәңгілігі.
(Конфуций)
Біліммен кемелденген тіл ешқашан мүдірмейді. (Менандр)Шындықты қаласаң, тілді тыйма. (Публий)Сөз қалай айтылса, жауабы да соған сай болар.

Слайд 14Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі

парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би- халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.Би- табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен. Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат,Шөже,Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын- жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.
Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты

Слайд 15Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Біздегі кемшін

тұс - осы. Қасіретте де әдеп барын, өлім де жұбататынын діттейтін өнер - діни шешендіктің қыр-сырлары біздің топырақта әлі күнге қалыпқа түспей жатыр. «Үй өртенсе, үй тұрғызады, кісі өлсе, кім тұрғызады» деген қазақ қайтқан адамды бақилыққа жөнелтуге айрықша көңіл бөлген. Абайдың «жер қойнына өлеңмен кірер денең» деуі соның жарқын айғағы. Халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігінің біте қайнасқан айна­сы іспетті, наным-сенім негізінде пайда болған діни шешендіктің өзегінде ақ жүрек адалдық пен бәрін де қанағат тұтар қарапайымдылық сияқты халықтық абзал қасиеттерге толы келе­тін ықпалы күшті, әсері мол көркем тілмен әспеттелетін діни уағыздамалар жатыр. Оны риторика ғылымында «гомилетика» деп атайды. Гомилетика - діни шешендіктің туып, қалыптасып, даму тарихын, жүйелік құрылысы мен мазмұндық сипатын, көркемдік әдіс-тәсілдерін зерттейтін шешендік өнердің өрнекті тармағы.
Қазақтың шешендік өнерінің бір арнасы діни шешендіктен желі тартады. Біздегі кемшін тұс - осы. Қасіретте де әдеп

Слайд 16Діни шешендік жайында тиіп-қашты пікірлер айтылғанмен қа­зақ ғалымдары оны күні бүгінге

дейін арнайы қолға алып, тия­нақты зерттеген емес. Бұлай наз­ар­дан тыс қалып зерттеу ныса­ны­на айналмау себебінің бір ұшы кешегі кеңестік қо­ғамда белең алған атеистік түсінікте жатса, қазіргі таңда осы саладағы ма­мандардың бір қолдың саусағымен санарлық аздығынан болып отыр.
Діни шешендік жайында тиіп-қашты пікірлер айтылғанмен қа­зақ ғалымдары оны күні бүгінге дейін арнайы қолға алып, тия­нақты зерттеген

Слайд 17Қазақтың діни шешендігінің пайда болып, дамуы ортағасырлар­да­ғы ислам дінінің таралуымен тығыз

байланысты. Оны таратушы қожа мен сопылардан бастау алады. Сыр өңірін жаулап алған арабтардан қалған белгі - Қожа Ахмед Йассауи, әкесі Ибрахим, оның әкесі Баба түкті шашты Әзіз, рухани ұстазы Арыстан-бабтарды, батысымыздағы - Пір Бекетті қазақтың діни шешендігінің негізін қалады деуге толық негіз бар. Арғынның арғы аталары Дайырқожа, Қарақожа аталуы тегін емес. Бертінде Жүсіпқожа, Күдеріқожа, Қожамбет, Қожағұл, Майлықожа Сұлтанқожаұлы атанған ақын-жыраулар діни шешендіктің іргесін қалады. Әдебиетімізге діни аңыз-дастандарды әкеліп, діни айтыс секілді өз алдына бір бөлек әдеби жарларды қалыптастырды. Кітаби ақындардың көбі діни тақырыптарға шығарлар жазды.
Қазақтың діни шешендігінің пайда болып, дамуы ортағасырлар­да­ғы ислам дінінің таралуымен тығыз байланысты. Оны таратушы қожа мен сопылардан

Слайд 18Өркениетті елдерде мемлекетті діннен ада қылмайды. Қандай жүйемен өмір сүр­се де,

онда бәрінің шығар қайнар көзі дінге тіреледі. Дін - қасиетті құнды­лық ретінде ұғынылады. Ұлы Абай: «Ынталы жүрек, шын көңіл, Өңгесі хаһқа қол емес» дейді. Жан баласының көкірегіне құнарлы, ажарлы нәрін құяnын ді­ни шешендіктің бастау бұлағы - дін. Дін - адам бойындағы жағымсыз дерттерден тазартуға мүмкіндік береді. Өтірік айтпауға, кісіні сыртынан жамандамауға, нақақ ғайбаттамауға, ұрлық-қарлық істемеуге үндеп, кісінің көкірегіне жарық сәуле түсіріп, жанның таза болуына шақырады. Адамгершіліктің қадау қазығы. Ой құсасы жүрегін тескен адамдардың көңіліне демеу болады. Осының бәрі кө­кі­регіңе ұялар әдемі, негізді сөзбен жүзеге асырылады. Жасыратыны жоқ, діни ше­шендіктің кей түрі көбіне-көп халық мол жиналған мешітте өтер жұма-на­маз­да­рында, отырыс-мәжілістерде, қазадан аза тұтып жатқан үйдегі адамдар жи­нал­­­ған жерде айтылып жүр. Мәселен, дүниеден өткен ата-анаға жақсылық істеу туралы Сахих хадистерінің бірінде: «Біз Нәбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс бол­ғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» - деп сұрапты. Ол (с.ғ.с.): «Йә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең бола­ды: олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу, орындай алмай кеткен уә­делерін орындау, достарын құрметтеу, ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» - деді». Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады: «Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол - жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы». Шұрайлы тілмен айтылған ой жүрекке ендеп енетіні кәміл.
Өркениетті елдерде мемлекетті діннен ада қылмайды. Қандай жүйемен өмір сүр­се де, онда бәрінің шығар қайнар көзі дінге

Слайд 19Әзірет Әлі - Әли ибн Әбу Талиб жас кезінен-ақ сөзшеңдігімен аты

шыққан. «Ілімнің қақпасы» атанып кеткен оны сынау мақса­тында жерлес­тері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Әзірет Әліге бір сұ­рақ: «Білім артық па, байлық ар­тық па?» - деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Әзі­рет Әлі сұрақтарға былай деген екен:
1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, бай­лық бақыл­дар­дан қалған мұра.
2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды кө­бейтеді.
4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұм­са­саң азаяды, білім артық болатыны осыдан.
5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұры­лар­дан күнде қорғау керек.
6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қыз­ғанады, білім­нің артық болатыны сол.
7. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұд­айы есеп жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние-мал бүлінеді, сон­дық­тан да білім артық.
9. Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан-дүниеңді шектейді, өзіңді ту­ра жолдан тайдыруы мүмкін.
10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол адам оғ­ан мақтанып малданады, астамшылық көрсетеді, сон­дықтан білім артық, - деген екен.
Әзірет Әлі - Әли ибн Әбу Талиб жас кезінен-ақ сөзшеңдігімен аты шыққан. «Ілімнің қақпасы» атанып кеткен оны

Слайд 20Жалпы қазақтың діни шешендік өнерінің әуелгі сілемдері ортағасырлардың орта тұсында араб-парсы

жазба мәдениетінің шарықтап дамыған тұ­сында көрінетінін айтқан абзал. Ислам діні кеңінен тараған кезінде жазылған діни шешендіктің небір озық үлгілерін бойына мықтап сақтап жатқан тағылымы мол ең­бектер баршылық. Қазіргі қоғамымыздың әр саласына қажетті шешендік қырларын осы жазба мұралардан да үйреніп жүру ләзім болмақ.
Жалпы қазақтың діни шешендік өнерінің әуелгі сілемдері ортағасырлардың орта тұсында араб-парсы жазба мәдениетінің шарықтап дамыған тұ­сында көрінетінін

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть