Слайд 3XI ғасырдағы шығыс педагогикасы тарихындағы әйгілі шығарма «Кабуснамада»
«Адамзаттың ең абзал
қасиеттерінің бірі - сөз, сөйлей білу. Бұл жағдайды жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді әдет қылғайсың. Ей, перзентім, сөздің оңы мен терісіне, өңі мен астарына айрықша мән беріп, мағыналы етіп сөйлеу үшін әрекет істе. Шешен кемеңгерлердің кеңесінде болып, сөзді сөйлей білудің өнерін үйрен. Қай кезде болсын шешендік өнерінің шегінен шықпа. Аузыңнан шыққан сөзің тыңдаушыға, тыңдаушының жүрегіне қонымды, жеңіл болсын. Сөз үйренуден жиренбе»
Слайд 7Дауысты, дауыссыз дыбыстарға
математикалық әдіспен фонетикалық талдау (5-сынып)
Берілгені: Өнерпаз=O= □+∆
Шешуі:
Өнерпаз =7O=3□(ө, е, а) +4 ∆(н, р, п, з). Өнерпаз сөзінде жеті дыбыс бар, оның үшеуі – 3□(ө, е, а) дауысты дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамай, еркін шығады. Ал 4 ∆(н,р,п,з) дауыссыз дыбыстар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында әр түрлі кедергіге ұшырап шығады.
Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың біреуі (а) тілдің қатысына қарай жуан дауысты, себебі, бұл дыбысты айтқанда тіл кейін шегініп, үсті сәл дөңестенеді. Ал, екеуі (ө,е) жіңішке дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тіл ілгері қарай созылады.
а) Тілдің қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =__1□ (а) жуан □
2□ (ө,е) жіңішке □
Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың үшеуі (а,ө, е) жақтың қатысына қарай ашық дауыстылар, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылады да ауа еркін шығады. Ал, қысаң дауысты жоқ.
ә) Жақтың қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =__3□ (а, е ,ө) ашық □
қысаң □ жоқ
Өнерпаз сөзіндегі 3 □(ө, е, а) дауысты дыбыстың біреуі (ө) ерін мен езудің қатысына қарай еріндік дауысты дыбыс, себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін сүйірленіп ілгері қарай созылады. Ал, екеуі (е,а) езулік дауысты, себебі, бұл дыбыстарды айтқанда езу тартылып, ерін кейін қарай жиырылады.
б) Ерін мен езудің қатысына қарай 3 □(ө, е, а) =_1□ (ө) еріндік□_
2□ (е,а) езулік □
Слайд 9Фонологиялық талдау сызбасы
«Кітабымен» деген сөзге оқушылардың жасаған фонологиялық талдау сызбасы
Кітабымен
1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай – аралас буынды сөз. Себебі, бұл сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар (а,ы) жуан дауысты және (і,е)жіңішке дауыстылар.
2.Бұл сөз: кі-та-бы-мен болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. кі-та-бы-мен а.б. а.б. а.б. б.б.
3 Кі- та-бы- мен Бұл сөз 3 жағдайда буын жігіне сәйкес тасымалданады
4.Кі-та-бы-мен
Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады, сондықтан бұл сөзде екпін - мен буынындағы е дауысты дыбысына түседі.
5.Кітабы –мен сөзіндегі соңғы буын жуан, оған - мен көмектес септік жалғауы жалғанып, буындар үндеспей тұр. Көмектес септігі – мен буын үндестігіне бағынбайтын қосымша.
6. КІТАБ+Ы + мен сөзінде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасындағы кейінді ықпал.