Слайд 2Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса,
асқар тауы, ақылшы тірегі -
әке өзіңсің.
/Кемал Кеніш/
Слайд 3Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет
кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың»
деп бекер
айтылмаған. Сондықтан оқушының бойына
ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,
өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы
мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Слайд 4Отбасылық тәрбиенің басты және ортақ міндеті олардың
әдеттегі тұлға ретінде қалыптасуына
қажетті
білім,дағды мен іскерлікті меңгерту.
Баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана
тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып
психологиялық көзқарасын,балаға деген жауапкершілік
сезімін қалыптастыру;
Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру;
мектеппен қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру;
балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар
бере отырып пікір алмасу,балалардың дүниетанымын,қабілетін,
дарынын дамыта отырып білімді,салауатты ұрпақ тәрбиелеуде
жанұяның рөлін дамыту;
Мақсаты
Слайд 5"Отбасы-өмір аясы" дөңгелек үстел
“Танысу тренингі”
“Біз қандай ата-анамыз?” тест
“Мадақтау мен жазалау”
“Жанұя
тәрбиесінің типтері”
5. “Жанұя ағашы”
6. “Кездескенше”
Слайд 6 Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдында
үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.Тәрбие берудің
негізгі
міндеттерінің ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезімі оянған,
рухани ойлау дәрежесі биік,ар-ожданы мол,мәдениетті,
парасатты,еңбекқор,іскер,бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан
адамды тәрбиелеу екені көрсетілген.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасында өзара ынтымақтастық пен
түсіністік болып табылады.
Отбасының басты қазығы,алтын тіреу діңгегі-бала,ал баланы тәрбиелеу
отбасынан басталады.Ендеше егеменді ел болып,еліміздің
көсегесін көгертетін болашағымыз бала.
Бала әлем туралы және өзі жайында ақпараттарды ата-анасынан алады.
Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Бала ата-анасын,ата-ана баласын
танымайынша іс-алға баспайды.Баланың бойындағы табиғи қасиеттер
адамгершілік құндылықтарды әуелі отбасында беріледі,мектепте,
әлеуметтік ортада нәрленеді,толысып әрленеді.
Слайд 7Топтық қатысушылар ережесі
Сөзді бөлмеу
Бір-біріне кедергі жасамау
Бірігіп жұмыс атқару
Намысқа тимей өзгенің
пікірін тыңдау
Күлімсіреу
Слайд 8"Біз қандай ата-анамыз" тест
1.Балалар тәрбиесі туралы газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларды
немесе радио,
Теледидар хабарларын жүйелі оқып,тыңдап отырасыз ба?Осы тақырыптардағы кітаптарды
оқисыз ба?
2.Балаңыз бір оғаш нәрсе істеп қойды делік.Сіз мұндай жағдайдың өз
тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?
3.Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі санасып отырасыз ба?
4.Егер балаңыз сізге жәрдем берсе,осы кезде оның өз жұмысы бұдан қалуы мүмкін
екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?
5.Бұйыру немесе тыйым салу сияқты шараларды сіз қажет кезінде ғана қолданасыз ба?
6.Жүйелілік,реттілік педагогикалық маңызды ұстанымдардың бірі деп санайсыз ба?
7.Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?
8.Спорт пен дене тәрбиесінің баланың жан-жақты,үйлесімді дамуында маңызы зор
екендігін ескертіп отырасыз ба?
9.Сіз балаңыздан бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес,
өтініп сұрап көрдіңіз бе?
10. “Менің уақытым жоқ” немесе “Тоқтай тұр,әуелі жұмысымды бітіріп алайын”
деген тәрізді сылтаулармен балаңыздан “құтылуға” тырысу сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?
Слайд 9
Әрбір мақұлдау жауаптарыңыз үшін 2 ұпай,ал кей-кейде орындалатын
болса 1,ал қарсы
болсаңыз жауабыңызға о ұпайдан қойып отырыңыз.
6 ұпайдан төмен ұпай жинасаңыз,бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз
көмескі екендігін дәлелдейді. “Ештен кеш жақсы” деген ғой.
Сіз бұл мақалаға көп иек арта бермей,жеткіншектер тәрбиесі төңірегінде
өз біліміңізді жетілдіре түсуге асыққаныңыз жөн.
7-ден 14 ұпайға дейін жинасаңыз, сіз бала тәрбиесінде үлкен қателік
жасап іс-әрекетіңіз жөнінде жүрген жоқсыз,әйтсе де өзіңіздің осы бағыттағы
іс-әрекетіңіз жөнінде тереңірек ойланып көріңіз.Ал тіпті былай істеуге
де болады:алдағы жексенбінің бірін балаңызбен көңілді демалуға арнаңыз.
Әрине,бұл күні уақытты ұмыта тұруға тура келеді.Бұл күні демалыс үшін
балаңыздың қатты қуанатынына күмән жоқ.
15 ұпайдан жоғары жинасаңыз,сіз өзіңіздің ата-аналық міндетіңізді орынды
атқарып келесіз.Соған қарамастан кейбір мәселелерді бұдан жақсарта
түссеңіз құба-құп.
Слайд 10"Мадақтау мен жазалау"
Мақсаты: ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Қағазды екі
бөлікке бөліп,бір жағына баланы мақтау кезінде
қолданатын сөздер, екінші жағына жазалауда қолданатын
сөздерді жазыңыздар.Қай бөлікте сөздердің көп
болғандығы жайында сараптама жасалып,ата-аналарға
қорытынды жасау ұсынылады.
Слайд 11Жанұя тәрбиесінің 7 (жеті) типтері
Біздің міндетіміз: Тәрбиенің қандай жақтары балалардың дамуына,
олардың мектепте және қоғамдық ортаға бейімделуіне игі әсер етуде, ал қандай жақтары әдептен тыс,қалыс қалып жатқанын түсіну.
Әр отбасы қайталанбас ерекше, әрқайысының өз салт-дәстүрі,
сүйікті әдістері және балаға әсер ету тәсілдері бар,олай болса әр
жанұяға өзіндік тәрбие типтері тән.
Бүгінгі ғылым отбасы тәрбиесінің типтерін жіктеп берді.
Бұл тип отбасындағы ата-ана беделін анықтайды.
Ата-ана беделінің 7 түрлі типі бар.
Слайд 121.Басымдық беделі - Әсіресе,онымен әкелер жапа шегеді.
Мұндай әке кез-келген нәрсеге ашуланады,дауыс
көтереді,
кейде белбеуге,таяққа жабысады.Әкенің қатыгездігінен
анасының ролі отбасында төмендейді.Мұндай ортада
бала өседі ..........
2. Менмендік беделі – Ата-ананың қадам басқанынан,басқа
адамдарды менсінбеушілік олардың пікірімен санаспаушылық,
өз жетістігіне мақтанушылық есіп отырады.Соған сай бала да
жолдастарының алдында “Мен сені папама айтамын?”
т.б. Сөйлейді.Мұндай тәрбиеде бала өседі .......................
3.Бағыныштылық беделі – Ата-ана баласын бұйрықтар мен өзінің
дегеніне бағынышты ұстайды.Жанұяда балалармен ақылдасып,
олардың пікірлерімен санасылмайды.Мұндай тәрбиеде
бала өседі ........................
4.Өсиетшілдік беделі – Ата-ана баланың өмірін ұзын сонар
оқытулар мен ақыл айтатын әңгімелерімен мезі қылады.
Сылтау болса болды,ата-ана қызықсыз,ұзақ,ылғи да қайталанатын
әңгімелерді бастайды.Мұндай тәрбиеде бала өседі ......................
Слайд 135.Жақсы көру,сүю беделі – Бұл ең кең таралған жалған беделдің бір
түрі.Көпшілік ата-ана балалар ата-аналарын тыңдау үшін олар ата-аналарын сүю керек деген сенімде.Оларды жақсы көргізу үшін не істеу керек?Олар балаларға өздерінің ата-аналық махаббаттарын көрсету керек деп санайды.Ол үшін балаларды орынды-орынсыз сүйіп,еркелетіп,жылы сөздерін айтады.Бала тамағын ішпесе немесе айтқанын тыңдамаса, “маманды жақсы көрмейсің бе?” деп сұрайды.Осындай жағдайда тәрбиеленген бала .........................
6.Мейірімділік беделі – Балалардың тіл алғыштығы ата-ананың көнгіштігімен,жұмсақтығымен алынады.Әкесі мен шешесі балаларының алдында мейірімді,кең болып көрініп,оларға қай нәрсеге де рұқсат беріп,еш нәрсені де аямайды.Жанұядағы қақтығыстардан қорқып,отбасы тыныштығы үшін құрбандықты та таңдайды.Мұндай жанұяда бала өседі .........................
7.Сатып алу беделі – Баланың тіл алғыштығы әр түрлі уәде мен сыйлықтармен сатылып алынатын ең жағымсыз тәрбиенің түрі.Ата-анасы ұялмастан баласына “егер тыңдасаң,велосипед әперемін немесе циркке апарамын” деп айтады.Бұл тәрбие әкесі мен шешесінің арасында конфликті жағдайда бірауыздылық болмағанда өте қиын.Жанұяда әкесі мен шешесі баланы өзіне тартуға тырысады.Мұндай жанұяда бала өседі ........................
Слайд 14"Жанұя ағашы"
Сіздерге берілген алмаларға өз отбасыларыңызға жылы
тілектеріңізді жазып,ағашқа апарып
іліңіздер
Слайд 16
Кездескенше
қорытынды
Құрметті ата-аналар отбасында баланы тәрбиелеудің
әр түрлі типтері бар
екенін,білдік,оны өздеріңіз күнделікті
тәжірибиелеріңізде қолданып та жүрсіз.Бүгінгі ата-аналар
жиналысындағы мақсатым сол қолданып
жүрген әдістеріңіздің нәтижесіне бір мезгіл көңіл
аударсақ төмендегідей ерекшеліктерін ескере жүрерсіздер.
1.Жасөспірім санасында жаңа құрылым пайда болады,
ол өзін бала емеспін,ересекпін деп сезіне бастайды,өзіне
жұршылықтың осылай қарауына ұмтылады.
Жасөспірім ересектердің праволарын шектейді де,
өз құқықтарын ұлғайтады.Өзінің жеке басы мен адами
қадір-қасиетін құрметтейді,сенім білдіріп,
дербестік берілуін,яғни ересектермен айқын тең
құқылықты талап етіп,мойындатуға тырысады.
Слайд 172.Әрбір бала өзіне (келбеті,дене бітіміне,сөйлеген
сөзіне,киіміне т.б.) қатты көңіл бөле бастайды.
3.Жолдастарымен
қарым-қатынас ерекше құндылыққа ие болады.
Құрдастарымен бірігіп іс-әрекет жасауға ұмтылады,
жолдастарының арасында қабылданып танылуға,
олардың өзін сыйлауына жетуге ұмтылады.
4.Жасөспірім мінез-құлқында психопатия белгілері
көріне бастауы мүмкін.
(ашуланшақтық,ызақорлық,тұйықтық т.б)
5.Кейбір шәкірттердің сабаққа ынтасы түсіп,
қызығушылығы басқа әлеуметтік факторларға ауысады.
Слайд 18
Берік,
ынтымағы
Жарасқан,
қайырымды.
Білімді де саналы, өз баласының
біліміне жақсы көз
қараспен қарайтындай
талғампаз.
Мейірім шуағы төгіліп
тұратындай қамқор, бір-біріне
сыйлы.
Жылы жүзді, ұйымшыл, тәрбиелі
Отбасы қандай болу керек?
Слайд 19Балаға берілетін бірінші тәрбие
ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.
Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы.Алтынсарин
“Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие – бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” Макаренко