Слайд 1 Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері
Слайд 2 Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері - ағартушылық сарында жазылды.
Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты.
Слайд 3 Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы
айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның "Пайғамбар", "Күншығыс", "Түркістан", От", т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді.
Слайд 4 Мағжанның таза махаббат тақырыбына
арналған лирикасы — аса көркем мұра. Табиғатынан жаны сұлу сыршыл ақын адамның ең асыл сезімін жеткізуге келгенде ғажап шеберлік танытады. "Сүй, жан сәулем", "Сен сұлу", "Жұлдызды жүзік, Айды алқа қып берейін", "Шолпы", т.б. өлеңдерінде Мағжан адамға тән осынау ұлы сезімді аса биікке көтере жырлайды. Ақынның лирикалык қаһарманы үнемі ғажайып сезімнің кұшағында жүреді. Шын сүю — Мағжанның ұғымында әрі ләззатты, әрі азапты күй. Қуанышы да мол, азабы да аз болмайтьш сезім. Ақынның сезімі кіршіксіз мөлдір. Сонымен бірге ол махаббатқа шексіз адал. Сүйген жанының бір сәттік қуанышын ол патшаның тағына да, дүниенің малына да айырбастамайды. Сүйген жары үшін не қиындыкқа да төзуге даяр.
Слайд 5
СЕН СҰЛУ
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты
орман, көңiлдi еркiн кең дала,
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу,
Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу.
Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Сылқ-сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу.
Шаңқай түсте өткiр, алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде,
Слайд 6 Ал "Толқын" атты өлеңінде ақын өмір философиясы
туралы толғанады.
Толқыннан толкын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен тоқын жарысад, —
деп, ақын айтқандай, өмірдің өзі бірін-бірі қуған, жарысқан осындай толқындардан тұрмақ. Өмір ағысы осындай.
Мөлдіретіп көз жасын,
Жасымен жуьш жартасын,
Сүйіп сылқ-сылқ күледі.
Жылағаны — күлгені,
Күлгені оның — өлгені,
Жылай, күле өледі.
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын тынады.
Слайд 7 Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі,
оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.
Жүсіпбек Аймауытов
Слайд 8 Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері
Слайд 9Қазақ тілі
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған
ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
Слайд 10 «Мен кім?»
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл
болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Слайд 11
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын
бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМIН
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!
Слайд 12 Алты қалпақ-
ойлаудың алты түрі
Слайд 13 Ақ қалпақ
Болған оқиғалар тізбегі,
фактілер
Не үйрендік?
Слайд 14 Сары қалпақ
Болған оқиғалардың жағымды жақтары.
Не ұтымды?
Не
тиімді?
Не пайдалы?
Не бізге қолайлы?
Қандай нәтиже берді?
Слайд 15 Қара қалпақ
Болған оқиғаның жағымсыз жақтары.
Қандай кемшіліктері
бар?
Бізге не қолайлы емес?
Бізге не тиімді емес?
Зияны бар ма?
Қай жері осал?
Слайд 16 Қызыл қалпақ
Болған оқиғадан қандай әсер алдыңыз?
Қандай сезімде болдыңыз(қуаныш,
сенім,толғаныс, қобалжу,қорқыныш)?
Слайд 17 Жасыл қалпақ
Болған оқиғалар қандай творчестволық табыстарға жетуіңізге
шабыт берді?
Сіздің қандай қабілеттеріңіздің ашылуына себепші болды?
Слайд 18 Көк қалпақ
Болған оқиғадан
қандай қорытынды жасадыңыз?
Қандай өмірлік сабақ алдыңыз?
Не пайымдадыңыз?
Неге үйретті ?
Қандай түйіндеме жасадыңыз?
Слайд 19“Мағжан - ұлт ақыны” тақырыбына эссе жазу
Слайд 20Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!