Слайд 1Мәтінмен жүйелі жұмыс-
оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту әдісі.
Мақсаты: мәтінмен жұмысының кезеңдерімен
таныстырып, кезеңдік жаттығуларын жұмыс үрдісіне енгізу жолдарын көрсету.
Міндеті: мәтін кезеңдерін түсіндіріп, тапсырмаларды орындау
Қазақ тілін меңгерудің басты мақсаты – тыңдау, сөйлеу, ойлау, оқу, жазу болса, мәтінмен жүйелі жұмысын меңгеру барысында тілдік қызметтің барлық түрі жан – жақты қамтылады
Слайд 2Мәтінмен жүйелі жұмыстың жағымды жақтары:
Мәтінмен жүйелі жұмыс
барысында қазіргі заманға сай жаңа технологияларды енгізуге болады;
Дыбыстармен жұмыс.
Сөздіктермен жұмыс істеуге баулиды;
Ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;
Ережемен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқулықта мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлесе білудің жолдары меңгертіледі.
Өз ойларын айтып жеткізуге үйретеді;
Слайд 3Ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіреді;
Мәтіннің мазмұнын түсініп,айтып беру деңгейін жоғарлатады;
Мәтінді өз
ойымен бірнеше сөйлем арқылы жеткізе білуге үйретеді;
Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып, есте сақтауын қадағалайды;
Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша баяндау және дәптерлеріне сауатты жазуға бағыттайды;
Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары мен біліктіліктерін меңгеруге арттырады;
Мазмұндама жазу барысында оқушылардың фразаларды, мәтіндегі сөз тіркестерін есте сақтау икемдерін дамытады;
Шығарма мен мазмұндама оқушылар алдына өз ойын жатық, шебер тілмен баяндауға, стиль, логикалық толғанысты, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамытады;
Пікір айту қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді;
Сабаққа қызығушылық арттырады, еңбектенуге талпындырады.
Слайд 4Мәтіналды кезең
Сыртқы белгілері бойынша сөздерді тануға арналған жаттығулар
мәтіннен жұрнақтары бар сөздерді
жазып алып, алфавит бойынша ретте,
жұрнақ, жалғау арқылы сөз табын анықта;
сөздерді оқып, қай сөзден шыққанын айт;
жалпы белгілер бойынша сөздерді топтастыр (бір түбірлі, негізгі, туынды, күрделі);
Семантикалық белгілері бойынша сөздерді тануга арналган жаттыгулар.
көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз (сөздер тізім ретінде немесе мәтіннен алынады);
сөз қатарынан синоним, антонимдерді тап;
сөйлемнен нақты мағынаны білдіретін сөзді, сөз тіркесті тауып, орысшаға аудар (әртүрлі жағынан пайдаланған сөз, с/тіркесі бірнеше сөйлемде беріледі);
мәтіннен бір мағынадағы сөздерді жазып ал;
оқылатын тақырып бойынша мәтіннен сөздерді жазып ал.
Слайд 5 Лексикалық бірліктерді автоматты түрде тануға арналған жаттығулар.
орыс тіліндегі
сөзге ұқсас сөзді тап;
жалпылау сөзді немесе нақты мағынадағы сөзді тап;
ұқсас немесе мағынасы жақын сөзді тап.
Грамматикалық құбылыстарды айыруға арналған жаттығулар.
грамматикалық тұлғаның қызметі мен мағынасын анықта;
оқыған грамматикалық ережеге қатысты құбылыстарды жазып алып
топтастыр;
сөйлемдегі ырықсыз етістерді сыз;
берілген сөз қатарынан зат есімдерді тап.
Ауыстыру жаттығулар.
шашылған сөздерден сөйлем құрастыр;
берілген сөз таптарынан бірнеше сөйлем құрастыр.
Құбылту өзгерту жаттығулар.
екі сөйлемнен бір жай сөйлем құрастыр;
жай сөйлемдерден сабақтас, салалас құрмалас сөйлем құрастыр;
берілген ойды басқаша айтып бер.
Слайд 6Сөздік макалалармен жұмысқа үйрету жаттығулар.
мәтінде кездесетін грамматикалық тұлғадағы сөзді негізгі сөздік
грамматикалық тұлғаға қой;
мәтінге қатысты көп мағыналы сөздің, тұрақты және фразеологиялық сөз тіркесінің мағынасын тап
Оқылып отырган материалдың мазмүнын болжау жаттығулар.
мәтіннің атауын оқып, бұл мәтінде не, кім туралы жазылғанын айт;
бірінші абзацтың сөйлемдерін оқып, қандай мәселелер көтерілетінін айт.
Оқырманның мәтіналды бағыты.
сұрақтарға жауап бер;
мазмұндаудың жоспарын құр;
кілтті сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айт.
Слайд 7Мәтіндік кезең.
Мәтінді жинауға арналган жаттығулар.
керекті хабар беретін элементтерді жазып ал;
әр сөйлемдегі
хабардың маңыздығын бағала;
абзац сөйлемдерін хабардың маңыздығының деңгейі бойынша ретте;
керексіз хабары бар сөйлемдерді, абзацтарды, мәтіннің бөлшектерін қысқарт;
Цитат келтіруге арналған жаттығулар.
негізіг атауларды (географиялық, термин, суреттеу) сызып жазып ал;
абзацтан кілтті сөйлемдерді тауып, олардың мазмұнды құңдылығын бағала;
қорытындыны белгіле.
Мәтінді қайта құруға арналған жаттығулар.
берілген кілтті сөздерден сөйлемдерді құрастыр;
шашылған сөйлемдерге қисынды жүйеге сай құрастыр;
үлгі бойынша мәтінде, абзацта сызылған кілтті сөздерден пікір құрастыр;
ұсынған 20 сөйлемнің негізінде қысқартылған нұсқа ретінде 10 сөйлем құрастыр.
Слайд 8Басқаша айтуға арналған жаттығулар.
үлгі бойынша сөзді синониммен алмастыр;
зат есімді есімдікпен алмастыр;
фразеологизмді
сөзбен алмастыр;
мәтіннің мазмұнын етістіктің басқа тұлғасын пайдаланып айтып бер;
антонимдерді пайдаланып сөйлемнің құрылысын қайта құр;
сөйлемдерді жоспар пункті бойынша топтастыр;
әр абзацтың тіректі негізгі ойын белгіле;
мәтіннің логикалық жоспарын құр;
а) тірекі сөйлемдерді тауып жаз;
б) әр абзацтың негізгі ойын қалыптастыру арқылы құрастыр.
Авторлық қарым-қатынасты және мәтіндегі бағаны анықтауға арналған жаттығулар.
баяндаған мәселеге қатысты автордың қарым-қатынасы суреттелген сөздер, фраза, сөйлемдерді белгіле;
авторлық ой қорытындысын белгіле;
автордың төл сөзін төлеу сөзге ауыстыр;
қарастырылған мәселе бойынша өз көзқарасыңызды білдіріп мәтінді айтып бер.
Слайд 9Материалды жалпылауга арналған жаттығулар.
тұжырымы бар сөйлемдерді белгіле;
мәтіннің мазмұны бойынша тезистерді жаз;
мәтіннің
мазмұны бойынша қорытынды немесе резюме жаз.
Слайд 10Мәтіннен кейінгі кезең.
Мәтін тақырыбын анықтауға арналған жаттығулар.
абзацтан
тақырыпты анықтайтын сөздерді жазып ал;
сұрақтарға жауап беріп, абзац тақырыбын қалыптастыр;
жалпылау сөздерді тауып, тақырыпты анықта;
өз бетіңмен тақырыпты белгіле.
Идеяны анықтау үшін қолданылатын әдістер.
идеяны ашу үшін маңызды эпизодтарын мәтіннен таңда;
автордың қалыптасқан идеясы бар фрагменттерді мәтіннен жазып ал;
абзацтың негізгі ойын анықта;
автор айтқан идеясын раста;
мәтіннің идеясын өзін шығар.
Сюжетті жеткізуге арналған жаттығулар.
маңызды эпизодтарды таңда;
сюжетті айтып бер.
Мәтіннің басты кезеңдерін бағалауға арналған жаттығулар.
мәтінде суреттелген уақиғалардың сіздің көзқарасыңызға ықпал еткен фактілерді жазып ал;
мәтінде суреттелген оқиғаларға өз пікіріңді айт және оны дәлелде.
Слайд 11Сюжетті жеткізуге арналған жаттығулар.
маңызды эпизодтарды таңда;
сюжетті айтып бер.
Мәтіннін басты кезеңдерін бағалауға
арналған жаттығулар.
мәтінде суреттелген уақиғалардың сіздің көзқарасыңызға ықпал еткен фактілерді жазып ал;
мәтінде суреттелген оқиғаларға өз пікіріңді айт және оны дәлелде.