Слайд 1
“Ой қозғау” стратегиясы
Лексика нені зерттейді?
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Сөздің туынды
мағынасы дегеніміз не?
Омонимдер дегеніміз не?
Синонимдер дегеніміз не?
Синоимдерді қандай белгілеріне қарай топтастырамыз?
Слайд 2
5. Антонимдер дегеніміз не?
6. Табу дегеніміз не?
7. Эвфемизм дегеніміз не?
8. Дисфемизм
дегеніміз не?
Слайд 3
Нұржан Наушабаев атамыз ақын, әнші, композитор, саятшы, палуан әрі айтыскер адам
еді. Бұндай адамды қалай деп атайды?
Әйгерім мәдениет үйіне концерт көруге барып еді, бірақ отырарға орын болмады. Ол үйге келіп не деді?
Жандостың лагерьде бірге болған жақсы досы бар екен. Сол досы туралы үнемі айтып отырады. Оны не дейді?
Слайд 4
Сегіз қырлы бір сырлы, он саусағынан өнер тамған
Ине шаншар жер жоқ
Аузынан
тастамайды
Слайд 5 Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі
арқылы жасалғанмен, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер.
1. Тұтасып бір мағына береді;
2. Сыңарларының орындары ауыстырылмайды;
3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады
Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы - мейірімсіз болса, су жүрек деген тіркестің мағынасы –қорқақ.
Слайд 6 Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жағынан
жақын сөздермен түсіндіруге келеді. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы (синонимі)- әсем, көрікті, көркем, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті дегендердің орнын басады. Кейбір тұрақты тіркестердің бір –бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар: азар да безер болды, ат тонын ала қашты; көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді және т.б.
Слайд 7
Тұрақты тіркестер мән-мағынасы жағынан бір –біріне қарама–қарсы
(антоним) болып та келеді. Мысалы: ит терісін басына қаптады –басынан сипады; ат ізін салмады – ат ізін құрғатпады; бетінен оты шықты – беті бүлк етпеді; көзді ашып-жұмғанша – ұзын арқан, кең тұсау, т.б.
Слайд 8
І топ – мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
ІІ топ – тұрақты тіркестерді
теріп жазып, мағынасын ашыңдар.
ІІІ топ – тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазыңдар.
Слайд 9Деңгейлік тапсырмалар
І топ – еркін сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін
ажыратып, бөліп жазыңдар. Жүрек жұтқан, жүректі емдеу, жерге кіріп кете жаздау, жер қазу, ауызша айту, қыздың жиған жүгіндей, үлгілі бала.
ІІ топ – сәйкестендіріңдер.
Қас пен көздің арасында – батыр
Тайға таңба басқандай – ерінді
Ержүрек – лезде, жылдам, тез
Слайд 10Мойыны жар бермеді – анық
Бармағын тістеу – жолы болу
Тасы өрге домалау
– момын
Қой аузынан шөп алмас – өкіну
ІІІ топ – берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашыңдар.
Төбе шашы тік тұру, аузына құм құйылу, тонның ішкі бауындай, бет моншағы үзілу, күн тигізбей өсіру.
Слайд 11«Бір сөзбен айтқанда...»
Бармағын тістеу, ақ саусақ, ит терісін
басына қаптау, тас жүрек, бетінен оты шығу, қол ұшын беру, алақанға қарау, арасынан қыл өтпейтін, көздің жауын алу, сілесі қату, шаң жуытпау.
Слайд 13Қабағынан қар жауу, қол ұшын беру, қас-қабағын аңду
Құлақ аспау, көз шырымын
алу, көз ілмеу, көзінен таса қылмау, көз салмау
Бетінен алу, бетінен оты шығу, беті бүлк етпеу, жүрегі зу ету, жүрегі орнына түсу
Слайд 14Үйге тапсырма
112-жаттығу. Өздерің жақсы білетін әдеби кейіпкерге әуелі тұрақты тіркестермен,
сонан соң оларға балама болатын жекелеген сөздермен мінездеме беріңдер.