Слайд 1Шаттық шеңбері
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз.
Математика-ермек емес балалық,
Математика-көрегендік, даналық.
Математика-құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!!!
Слайд 425.11.2016ж
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуге есептер
Слайд 5-Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні келтеде. Баяғы өткен заманда бір бала мен ана
өмір сүріпті. Бір күні баласы үйіне келсе, қартайып, ауырып жатқан анасын көреді. Бала анасын емдету үшін дәрігерге, бақсы-балгерге барады. Ешқандай ем болмайды. Сөйтіп жүріп бала бір данышпан адамды жолықтырады. Данышпан: «Анаңды мәңгі жасасын десең биік шыңда өсетін бақыт гүлін сыйла!»,-дейді. Бала асығыс жолға шығады. Келе жатып бірнеше кедергілерге кездеседі.
Бір ауылдан өтіп бара жатып ашаршылық жайлаған ауылға кездеседі. Бұл жерден аман-есен өту үшін мынандай тапсырмаларды орындау қажет.
Қалай балалар, бұл балаға көмектесеміз бе?
Ендеше ….
Слайд 6Ойлан, бірік, бөліс.
Көбейткіштерге жіктеңіздер:
І топ. (а+9)²+2а(а+9)
ІІ топ. 2в(а
– 3) – 5с(3 – а)
ІІІ топ. (х – у)²+х – у
Слайд 7Бұл ауылдан аман өткеннен кейін, шаршап-шалдығып келе жатқан баланың алдынан тағы
да кедергі кездесті. Ол Ұлы Отан соғысы болатын. Бұл жерден аман-есен өту үшін мынандай тапсырмаларды орындау қажет.
Ендеше ….
Слайд 8Ойлан, талда!
Теңдеуді шешіңіздер (ауызша):
І топ. х(х – 8)=0
ІІ топ.
с² - 3с=0
ІІІ топ. (у – 5)(у +11)=0
Слайд 9Сөйтіп бала шыңның басындағы бақыт гүлін де көреді. Кенет алдында жатқан
ұзыннан ұзақ жолды көреді.
Жолды қысқарту үшін біз сергіп алсақ қайтеді?
Слайд 11Бақыт гүлін алып келе жатқан баланың алдынан тағы да бір кедергі
кездесті. Ол Желтоқсанның ызғарлы суығында болып жатқан оқиғаға тап болады.
Слайд 12Сабақты бекіту (Т кестесі)
1. 2а+6=2(а+3)
2. ав-в²=а(а-в)
3. 6ху+х=х(6у+1)
4. с²-с=с(с+1)
Слайд 13- Сөйтіп бала бақыт гүлін алып, үйіне келеді. Анасы бақыт гүлін
шаңыраққа іліп қойған, өзі тіпті жасарып, ауруынан жазылып кетіпті.
Балалар! Манағы бір бала дегеніміз - ҚАЗАҚ,
Анасы - Біздің жер Анамыз, ОТАНЫМЫЗ,
Бақыт гүлі - ол біздің ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ.
Бүгінгі сабақтағыдай аузымыз бір болса, бір-бірімізге қамқор болсақ, білімді болсақ Тәуелсіздігіміз Бақыт гүлі секілді мәңгі жасайды.
Слайд 14Мектеп – кеме,
Білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз!
Слайд 15Үйге тапсырма беру
№142
Бүгінгі тақырыпты қайталау.
Слайд 16Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық
жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа!!!