Презентация, доклад на тему Көктау орта мектебінің тарихы

МектеП тарихынанКөктау-Хромтау ауданының солтүстік шығысында Ор өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Аудан орталығынан 120 шақырым, Ақтөбеден 210 шақырым жерде қоныс тепкен .Халқы- 1021 адам (2010 жыл дерек). Жер көлемі 89912 га. Елді мекендері орталығы Көктау,

Слайд 1Менің мектебім
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,
Көктау ауылы.
2013 – 2014 ж

Менің мектебімАқтөбе облысы,  Хромтау ауданы, Көктау ауылы.2013 – 2014 ж

Слайд 2 МектеП тарихынан
Көктау-Хромтау ауданының солтүстік шығысында Ор өзенінің оң жақ жағалауында

орналасқан. Аудан орталығынан 120 шақырым, Ақтөбеден 210 шақырым жерде қоныс тепкен .Халқы- 1021 адам (2010 жыл дерек). Жер көлемі 89912 га. Елді мекендері орталығы Көктау, Қарабаз, Көшенсай. Батысында Аққұдық , Жангелді округтерімен, Солтүстігінде Майтөбе округімен, Ресеймен , Шығысында Тасөткел округімен, Оңтүстігінде Бөгетсай округімен шектеседі. Көктау ауылын жарып ағатын Ор өзені Мұғаджар тауының «Былқылдақ», батпақты бұлағынан басталады. Көктау округіне қарасты, Әулие Төбе, Жыланды тау, Еңсеп шың, Қарашың, Келіншек шың тау шоқылары бар. Салия көл, Әупілдек, Көк етік көлдері бар. Тастыбұтақ, Ожан, Жангелді бұлақ көздері Ор өзеніне келіп қосылады. Селеу, Бидайық, Жусан, Мыңжапырақ, Өгейшөп, Бақбақ, Түймежапырақ, жолжелкен, итмұрын, қараған сықылды далалық өсімдіктер өседі.Аңдардан: түлкі, қоян, борсық, саршұнақ, қасқыр, қарсақ, қосаяқ, күзен мекендейді.Құстардан: жапалақ, тоқылдақ, қарға, сауысқан, торғай, шымшық, суық торғай, жарғанат, көгершін, қарлығаш, тырна, аққу, үйрек, қаз, балықшы, шағала, ұзақ, қырғи, жағалтай, қара құс кездеседі.


МектеП тарихынанКөктау-Хромтау ауданының солтүстік шығысында Ор өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Аудан орталығынан 120 шақырым, Ақтөбеден

Слайд 3Тарихы: Мектеп тарихшысы: Тулебаев Ж.М. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа б.з.б 18-19

ғ. Қола дәуірінде өмір сүрген Андрон тайпаларының мәдениеті табылды. Ерте Қола дәуірі, орта қола дәуірі құмыралары мен елді мекендері , петрогливтері, өртеу салтымен жерленген қорым табылды. 2004 ж. Алматы археологиялық институтының маманы Книсарин Б. мәліметі бойынша қола дәуірінің ою – өрнектері анықталды. Қазба жұмыстарын 1956-60 жж. Ленинградтық археологиялық зерттеу жұмысы орталығының маманы Сорокин жүргізген. Ерте орта ғ. жағалбайлы тайпалары мекен еткен.14 ғ.бастап оңтүстігінде Талдысай бойында Асан тайпасымен, Бөгет бойында Бескүрек руы мекендеген . 1860 ж. Ресейден көшкен қоныстанушылар легінен Көктау бойына Лагутиндер отбасы су диірменін салып ,тары егіп үлкен поместье салған. Көктау селосы осы Лагутиндер поместьесіне келген өзге ұлттар негізінен қаланған. Көктау атауы ауылдың солтүстік батыс шетіндегі ежелгі Ор өзені мен Тастыбұтақ бұлағының түйіскен қайраңының биік төбесіне байланысты аталған. 20 ғ.басында Бөгет колхозының бөлімшесі орналасқан. 1960 ж. Колхоздарды ірілендіру мақсатында Бөгет колхозы жабылып бұл жердегі халық Көктөбе, Болат өңірлеріне көшіп кеткен. Бұл ауылдардың белгісі ретінде бірнеше жүздеген қабірлер үнсіз мүлгуде. 1961 ж. Батыс-Қазақстандық геологиялық зерттеу экспедициясының басшылығымен Средне-Орск партиясының құрамында шығыс Орал геологиялық зерттеу экспедициясы ашылды. 1964 ж. Средне-Орск ауданының батысы бөлігінен Тастыбұтақ аймағынан мыстың мол қоры ашылды. 1966 ж. бұл аймаққа «50 лет Октября» атауы берілді. Нәтижесінде 2004 ж. Ақтөбе Мыс Компаниясы мыс байыту комбинатын салып, 2006 ж.Ел басы Н.Назарбаевтың қатысуымен іске қосылды, ауыл тұрғындарынан 500 -ден аса адам жұмыспен қамтылды. 2009 ж. екінші мыс байыту комбинаты ашылды.

Тарихы: Мектеп тарихшысы: Тулебаев Ж.М. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа б.з.б 18-19 ғ. Қола дәуірінде өмір сүрген Андрон

Слайд 460-шы жылдардың соңында Ор өзені жағасында
жылжымалы вагондар және палаткілерден құрылған


шағын ауыл орнатылды. Көп ұзамай вагондардың
орнына 1,2-4 пәтерден құралған үйлер салынды.
Ор жағалуына келген адамдар табиғи және
экономикалық ресурстарын пайдалануға тырысты.
Ауыл болған соң мектеп құрыла бастады. 1967-1968 жж мектеп салынып болды. Мектепте 1ші - 4 ші сыныптар оқытылды. Оқушылар саны 38. Алғашқы мұғалімдер болып Добролюбова Елена Григорьевна и Киянцева Зинаида Николаевна жұмыс жасады. Бірінші мектеп басшысы болып Мирошниченко Иван Николаевич тағайындалды. Ол мектепті құрал жабдықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. 1972 жылы мектеп орта білімді мектепке көшті. Оның директоры болып Ибраев Жаксылык Ибраевич тағайындалды. 1972-77 жылдар арасында мектеп жанында интернат салынды. Оқу қазақша және орысша екі тілде жүргізілді. Ұжым құрамы көбейді: Жубанышева Ж.Ж, Фельд А.А, Вольф А.И, Нуров С.Б, Ногайбаев Д.А, Гардер И.А, Бахитова Г.Б, Узакбаев М.Е, Солошенко В,М, Сарманова Р. И ж/е т.б. 1977 ж. мектеп басшысы болып Лотмарина Валентина Степановна тағайындалды. 1970 ж. Октябрь орта мектебі өзінің алғашқы түлектерін ұшырды. 8 сыныптың жетекшісі Людмила Михайловна Шахова болды. 1997 ж. мектеп басшысы болып Ахметова Хатима Ахметовна еңбек ете бастады. Х.Ахметовна мектепке көптеген үлесін қосты. Мектеп көп жылдар бойы аудандық, облыстық олимпиадалардан және ЕНТ көрсеткіштерінен жоғары жетістіктерге жетіп, мадақтау қағаздарымен марапатталды.
60-шы жылдардың соңында Ор өзені жағасында жылжымалы вагондар және палаткілерден құрылған шағын ауыл орнатылды. Көп ұзамай вагондардың

Слайд 52009 жылдан бастап мектеп директоры Тулебаев Жансүгір Мұрзағұлұлы қызмет жасап келеді.

ҰБТ бойынша мектеп бітірушілер жақсы көрсеткіштер көрсетті.
ҰБТ бойынша мектеп бітірушілер жақсы көрсеткіштер көрсетті. ҰБТ қорытындысы бойынша 2005 жылғы түлегіміз Струкова Ирина Ақтөбе университетіне грантқа оқуға түсті.Осындай жоғарғы дәрежеге жету оқушылар мен оқытушылардың маңдай тері.
Мектеп түлектері өмірдің әр түрлі саласында: мұғалім, дәрігер, колледж оқытушысы, есепші т.б еңбек етуде, атап айтар болсақ Давлеталинов Р.-маркшейдер, Колдасова Г.-инженер экономист, Рекичинский Е.-мыс байыту фабрикасының директоры .


2009 жылдан бастап мектеп директоры Тулебаев Жансүгір Мұрзағұлұлы қызмет жасап келеді. ҰБТ бойынша мектеп бітірушілер жақсы көрсеткіштер

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть