Астеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділік қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім. Астеникалық сезім («астенос» - грек сөзі, қазақшалағанда әлсіздік мағынасында қолданылады), мысалы, нәзіктік, қайғықасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.
Көңіл-күй (настроение) - онша білінбейтін, ұзаққа созылған'' эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойы, аптасына, айына және одан да көпке созылуы мүмкін.
Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы: шалт, қайғылы, жабырқау және т.б. көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.
Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы: қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді де, адамды тез арада билеп әкетеді.
«Стресс» - ағылшын созі, қазақшалағанда күйзеліс мағынасында қолданылады.
Күйзеліс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық күйзелістік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады.
Жай сезімдерге белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады.
Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалауларымен анықталады.
Эстетикалық сезімдер - болмыстағы шындықтың сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күй. Эстетикалық сезім табиғат көріністерінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқиғалардан, өнер туындыларынан пайда болады. Адамның эстетикалық сезімі өз ортасына, тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Интеллектуалдық сезімдер - адамның ақыл-ой, іс-әрекетімен байланысты. Интеллектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және тәжірибелік мәселелерді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл күйді білдіреді. Теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде адам ерекше жағымды сезімде болады.
Сыртқы қиындықтар мен кедергілерге адам санасынан тыс объективтік қиындықтар мен кедергілер, сыртқы қолайсыздықтар, басқа адамдардың қарсы тұруы жатады.
Ішкі қиындықтар мен кедергілерге адамның өзіне байланысты қажет нәрсені істеуге адамның қарсы тұруы, қарама-қарсы талпынулардың болуы, адамның енжарлығы, жағымсыз көңіл-күй, ойламай әрекет ету әдеті, жалқаулық, қорқыныш сезімі және т.б. жатады.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть