Презентация, доклад на тему Бурабайдың киелі жерлері. Презентация

Оқжетпес – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас. Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан Оқжетпес 2

Слайд 1Дайындаған: Махметова Аннура
Жетекшісі: Джуматаева А.Б.

Оқжетпес орта мектебі
9 сынып оқушысы
ОҚЖЕТПЕС
БУРАБАЙДЫҢ КИЕЛІ

ЖЕРЛЕРІ

1

Дайындаған: Махметова АннураЖетекшісі: Джуматаева А.Б.Оқжетпес орта мектебі9 сынып оқушысыОҚЖЕТПЕС БУРАБАЙДЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ1

Слайд 2 Оқжетпес – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік

жартас. Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан

Оқжетпес

2

Оқжетпес – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас. Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан

Слайд 3Су бойынан есептеген
биіктігі-346 метр.
3

Су бойынан есептеген биіктігі-346 метр. 3

Слайд 4
"Көкшетау" поэмасы
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы  Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.  Жан-жақтан ертелі кеш

бұлттар келіп,  Жүреді біліп кетіп есен-сауын.  Сексен көл Көкшетаудың саясында.  Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі― Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Ырғалған көкке бойлап қарағайы, Қасында көк желекті  аппақ  қайың. Жібектей желмен шарпып төңіректі  Балқытып мыс қылады иіс майы.
С.Сейфуллин

4


Слайд 51 нұсқа

Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен

аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.

5

1 нұсқа    Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін

Слайд 62-нұсқа
Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа

салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты дауысымен: « Уа, Тәңірім! Мен жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып,
Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен.

6

2-нұсқаБурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын

Слайд 83- нұсқа
Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба,

кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» атала­тын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлай­ды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.  
 

8

3- нұсқаБұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір

Слайд 10  4- нұсқа
Ертеде Қарауыл

ауылдарының бірінде елдің көркі, бірақ дұшпандардың көз құрты болып апалы-сіңлілі үш қыз өмір сүреді. Үшеуі де бірінен-бірі өткен хас сұлулардың өзі болады. Орталарындағы жалғыз бауырлары Оқжетпес беті қайтпас ба­тыр болып өседі. Үш апасын қызғыштай қорғап, қамқоршы бола біледі.
Әбден өшіккен жау қапылыста баса көктеп, елді шауып, үш ару мен бауыры Оқжетпесті анталап қоршауға алады. Төртеуі шегіне атысып, кейін жылжи береді. Бір кезде ту сырттарына қараса, сыңсып тұрған жасыл орман, бау-бақша, мөлдір көл, көгілдір тауларды көреді. Құс жыртылып айырылады. «Туған жердің мұндай балауса бағын арам ниет дұшпандардың қара табанына қалай таптатамыз, қасиетті топырағымызды қалай ойрандатамыз, өзімізді қалай қорлатамыз?» - деп қайраттанған Оқжетпес пен оның үш ару қарындасы қатарласып, жауға қасқая қарсы тұра қалады да, шапса, алмас қылышы майыры­латын, сүңгітсе, қара найзасы қайырылатын, атса, оғы асып түсе алмайтын қамал тасты тік қаптал құзар шыңдарға айна­лып кетеді. 
  
 

10

  4- нұсқа      Ертеде Қарауыл ауылдарының бірінде елдің көркі, бірақ дұшпандардың көз

Слайд 11Сәкен Сейфуллиннің «Оқжетпес» тауы туралы жазған өлеңінен үзінді.




Көк торғын Көкшетауды мұнар

басқан,
Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза
Адамзат жасағандай құйған тастан.
Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.

11

Сәкен Сейфуллиннің «Оқжетпес» тауы туралы жазған өлеңінен үзінді.Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.

Слайд 16

Әйгілі сәулетші,жерлесіміз Шота Уәлихановтың сөзінен жазылған
«Сұлу Көкше» әні.



1.Оқжетпесі аспанға тірек болған,
Толқынында көлін де күн шомылған.
Көп қарағай,ақ қайың куә болып,
Шежіреге,аңызға бойы тұнған.

Қ-сы:

Бұлтты сүйген көгілдір Көкшем менің,
Биігіне шіркін-ай жетсем деймін.
Жүрек тербеп,сыр толғап ,ойландырған
Сендей әсем таза боп өтсем деймін.

16

Әйгілі сәулетші,жерлесіміз Шота Уәлихановтың сөзінен жазылған «Сұлу Көкше» әні. 1.Оқжетпесі аспанға тірек болған,Толқынында көлін де күн

Слайд 17НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
17

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!17

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть