Слайд 1
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты
Слайд 2Мақсаты:
Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқудың мақсаттары, маңыздылығы туралы студенттерге мағұлмат беру.
Қазақ
тілін бастауыш сыныпта оқудың жолдарын,оқыту үдерісін дамыту.
Студенттерді білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Слайд 3Жоспар:
«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар
Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері
Слайд 4 Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік
тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтың негізгі міндеті.
Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі.
Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалайды. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Әрбір қазақстандықтың үш тілді қатар білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдерістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.
«Қазақ тілі» пәніне арналған бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздің алға қойып отырған іргелі міндеттеріне сай, және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үдерістерді, ұлттардың бейбітшілік пен келісім өмір салтын қалыптастыру саясатын ұстану қағидаларын басшылыққа ала отырып мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі сапалы жүйелерін қалыптастыруды көздейді.
Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени орталарда тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызу - негізгі ұстаным болып табылады.
Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
Слайд 5 «Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік
тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді.
Аудио-визуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп,
берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.
Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге ала айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.
Слайд 6өз ойын, сезімін білдіруге
танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге
пікір алысуға
оқыған, көрген
не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге
армандары мен мақсаттары туралы еркін жеткізіп айта білуге
«Қазақ тілі» пәніндегі репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындай отырып, оқушылар мыналарды үйренеді:
Слайд 7«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар:
мемлекеттік тілге құрмет сезімін және
Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады.
қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;
қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құрау, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;
жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады;
тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда ьтуындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;
меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;
қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады.
Слайд 8«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:
қазақ тілінен оқушылардың
ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;
оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану;
жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау);
өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;
түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру;
өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;
«Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату;
оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;
оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер туғызу;
оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Слайд 9«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға
ықпал ететін тапсырма үлгілері:
тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;
таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;
алдын-ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;
белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)
бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;
ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;
берілген тақырыпқа диалог құрастыру;
экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).
Слайд 10«Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
көз жүгірте
оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;
мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);
Слайд 11«Қазақ тілі» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
қысқаша
хабарлама жазу;
тыңдаған, оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу;
белгіленген суреттер, диаграмма,түрінде ақпарат ұсыну;
сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;
сұхбатқа сұрақтар дайындау.
Слайд 12Қазақ тілі пәні бойынша оқытудың мақсаты
1. Тыңдалым.
Слайд 20Ауызша сұрақтар:
1.Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы нені қалыптастырады?
2.Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі қандай әрекеттер арқылы жүзеге асады?
3.«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты
4.«Қазақ тілі» пәніндегі репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындай отырып, оқушылар нені үйренеді?
5.«Қазақ тілі» пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар ата.
6.«Қазақ тілі» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері қандай?