Слайд 1Ғылыми жоба
Ата - бабаларымыздан қалған
салт - дәстүрдің бірі –
«Ерулік»
«№
1 Самар орта мектебі» КММ
Дайындаған: 7 «Б» сынып оқушысы Кирьянова Яна
Жетекшісі: Айтышева Гүлжанат Құмарбекқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Слайд 2Жобаның мақсаты
Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасының бірі –
салт-дәстүрлерін бүгінгі мен болашағы туралы ой толғап, қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ - біздің қолымызда.
Слайд 3Жұмыстың міндеттері:
1. Қазақтың салт–дәстүрлерінің бірі «Ерулік» тарихына зер салу.
2.«Еру», «Көрші», «Айрылысар көже» салттарын ажырата білу.
3.Еруліктің бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу
4.Сыныптас достарыма «Ерулік»туралы айту, іздену жұмысыммен таныстыру.
5. Оқушылар арасында сауалнама өткізу.
Слайд 4Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ - көне дәуірден бастау алатын күрделі де
бай тарихы,сан қырлы мәдениеті,өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар,пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері,
96 соның ішінде «Ерулік» салты жайлы
ізденіп, зерттеп, талдау жасау,үйрену.
Слайд 5Жұмыстың орындалу әдістері:
Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі --«Ерулік»туралы мәлімет жинау,
жүйелеу,
талдау,
сауалнама өткізу,
қазіргі заман
талабына сай қолдану аясын анықтау.
Слайд 6Салт-дәстүр дегеніміз не?
Салт - кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет- ғұрып, дәстүр.
Ол ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Дәстүр- ұрпақтан- ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер.Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез- құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі.
Слайд 7Қазақтың салт-дәстүрі - Ерулік
Ерулік – көшпелі қазақ халқы көші- қонды
аса келелі іс саналды. Көшу- қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ. Қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем- кілше, сырмақтарын оң бетіне қаратып жауып, салтанат етеді
Слайд 9Еру отырған ауылдар жанына келіп, қонған ауылды жабыла қарсы алып, «Қоныс
жайлы болсын» айтып, олардың жүгін түсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс жұрағаттарына жасалған сый құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі» деп атайды.
Слайд 10Еру – «Еру отырған ауыл көшіп келіп керегесін жаймай, жаппаның астында
жатқан ауылға ерулік бермесе үлкен ұятқа қалатыны ертеден келе жатқан салт»
Көрші – қонысы ортақ, етене араласып, күнделікті жүзбе- жүз кездесіп, аман-саулық сұрасып жүретін кісілерміз. Қазақ халқы «көршіні Құдай қосады» дейді.Жаңа орынға көшіп келісімен ерулік беріп, қоныс тойын жасау дәстүрінде де ең әуелгі ниет-көрші қолаңдармен танысу болған.
Слайд 11Айрылысар көже
Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған,
сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады.
Слайд 12Меймандостық
Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына
қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» - қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет.
Слайд 13Сауалнама:
1.Қазақ халқының қандай салт –дәстүрлерің білесің?
2. Қазақ халқының салт –дәстүрдің бір
түрі -Ерулік туралы естігенің бар ма?
3. Ол туралы кімнен естідің?
4. Өзінің отбасында Ерулік, Айрылысар көже берді ме?
5.Осы қазақ халқының салт-дәстүрдің бір түрі –Ерулік туралы көбірек білгінің келеме?
Осы сауалнаманы 7»а, б» сынып оқушыларынан, 3 - кітапханашыдан және 2-әжеден алған болатынмын.
Соның ішінде 7-ші сынып оқушылары арасында осы тақырып жөнінде мүлде мәлмет жоқ екен,Ал кітапханашылар болса осы тақырып жөнінде шамалы болса да,мәлметтері бар екен.Әжелерімізді біз тіпті тоқтата да, алмадық.Ерулік жөнінде өте көп мәлметтер естідім.
Қорыта келгенде біз мынадай түсіндемеге келдік.Ерулік біздің мектепте тек қана 25 % ғана екен.Себебі орыс тілді мектеп бағдарламасында бұл тақырып бөлек берілмейді,тек қана жалпы салт- дәстүрлер деп беріледі.Ерулікке мүлде сағат бөлінбеген.
Слайд 14Ерулікке , қонақжайлылыққа қатысты мақал-мәтелдер:
Салт – дәстүрін ел бұзбас, Уәде –
сертін ер бұзбас.
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды.
Қонақ келсе құт келер.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
От жағылмаған үй- қора, Кісі келмеген үй- мола.
Саналы ел салтын сақтар.
Слайд 15Қорытынды:
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін
өзіне үлгі- өнеге тұтуға тиіс. Ерулік салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,тәрбиелік мәнінің зор екені.Мен оның адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.