Слайд 1Ашық сабақ 6 - сынып
Мұғалім: Тұрлыбеков Амантай
Сабақ тақырыбы:
“Б. Майлин
атындағы орта мектеп – бақша” КММ
Слайд 2Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
“Ал” деген сөзді сын есім деп дәлелдеу арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын . Шығармашылық қабілетін дамыту.
Слайд 3Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді
ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
Слайд 4ЕСКЕ ТҮСІРУ:
1.Сын есім дегеніміз не?
2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3.Негізгі сын есім,
туынды сын есім дегеніміз не?
4.Сапалық сын есім мен қатыстық сын есім дегеніміз не?
Слайд 5
Шыршамызға тағылған
Қызыл, жасыл моншақтар
Жер ақ көрпе жамылған,
Қандай қызық сол шақтар!
Мысалдар:
Слайд 6“Менің бағытым” ойыны
1. тәтті
жар
2. тік адам
3. тегіс қант
4. суық қоян
5. сұр су
6. ақылды жер
Слайд 7ЖАҢА САБАҚ: (лекция сабақ)
Ал – деген сөз сын есім
бе?
Ал – деген етістікті баршамыз білеміз.
Мысалы: Арман кітапты ал.
Ал мен бүгін сіздерге ал сөзінің түске байланысты, яғни сын есімге қатысты жақтарын дәлелдеп көрейін. Бірақ бұл мнің өз ойым ғана. Ғылыми түрде дәлелденбеген. Сондықтан сендер өскен кезде осы тақырыпты зерттеп, мүмкін, ғылыми диссертация қорғарсыңдар. Ең бастысы осы бүгінгі сабақ сендерге ой салса деген үміттемін.
Слайд 8Алтын, Алтай, албасты, алма, алау, алмұрт, алша
Мына тізбектегі сөздердің өзара байланысы
бар ма? Бір қарағанда әрқайсысы бір – біріне қатысы жоқ әр заттың атауы. Бірақ бәрінің де алғашқы буыны немесе алғашқы екі әріпі бірдей. Яғни, “ал” сөзімен басталады. Бұндағы “ал” сөзі осы заттардың барлығына тән бір ұқсастықты ашпас па екен? Сонымен, “ал” сөзі нені білдіреді?
Слайд 9Өткенге үңілер болсақ, көне түркі – моңғолдарда “ал” сөзі сын
есімді білдіреді. Яғни “қызыл” деген сөз деген ойдамын.
“Ал қызыл” деген сөздегі “ал” қызылдың синонимі. Яғни ол да қызыл деген ұғымды білдіреді. Оған мысал қазақтың ауызекі тілінде “Ал жасыл” немесе “Ал көк” деген сөздер кездеспейді.
Белгілі жазушы, ғалым Мырзабек Дүйсенов “Маймылдар неге сөйлемейді?” атты повесть – эссесінде осы тақырыпқа тоқталады.
МЫСАЛЫ:
Слайд 10Ғалым – жазушы “албасты” атауын бүгінгі қар адамымен байланыстырады. “Албасты” сөзін
одағай мен етістіктен құралмаған, бұндағы “ал” сын есім де, “басты” зат есім дегенді айтады.
Олай болмаған күнде, ауызекі тілде айтылатын “албасты басты ма?” деген сөздегі “басты” етістігі екі рет қайталанбаса керек еді.
Яғни, “албасты” дегеніміз бүгінгі тілде “қызыл басты” дегенді білдіреді дей келіп, батыс сібір татарларының “албастыны” яғни “қар адамын” “сары шаш” деп атайтындығын мысалға келтіреді. Ендеше “албасты” атауы оның іс – әрекетіне байланысты емес, басының бояуына, түсіне байланысты қойылған
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 11Келесі бір мысалға: “Алтын” сөзін алсақ , оның да алғашқы буыны,
яғни “ал” сөзі алтынның түсін білдіріп тұр. Өйткені алтынның да түсі қызыл – сары ғой.
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 12Келесі бір мысалға “Алтай” сөзі де “Алтынды
тау” ,
яғни “қызыл түсті тау” деген
мағынаны беріп тұр. “Алтай” сөзі моңғолша “Алтан” , яғни біздің тілім тілімізде “алтын”
деген мағынаны береді. Алтай тауында алтынның көп екендігі баршаға мәлім.
Тіпті көне түркілер “Алтай” тауын “Алтын” деп те атаған. Оған “Орхон – Енисей” ескерткіштеріндегі жазбалар мысал бола алады: “Ол йылқа түргес тапа Алтүн йышығ аша Ертіс үгүзіг кече йордым...” ( Сол жолы Түргешке қарай Алтай қойнауын аса, Ертіс өзенін кеше жүрдім)
Бұндай мысалдар Білге қаған (Могилян), Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштерінде де кездеседі.
Олай болса, “Алтай” сөзі де “қызыл түсті тау” деген мағынаны беріп тұр.
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 13Келесі бір мысалға “алма” сөзін алсақ. Бұл сөздің етістіктің болымсыз
түрімен ешбір қатысы жоқ, бұндағы “ал” сын есімі алманың түсін білдіріп тұрса керек. “ал” - қызыл, ма - күн деген мағына береді. Себебі көне замандарда күн құдайын “ма” деп атағандығы тарихтан белгілі.
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 14Келесі бір мысалға келтіретін “алмұрт” сөзі бұл ойымызды дәлелдей түседі.
“Алмұрт” дегеніміз “қызыл мұрт” яғни мұртшалары қызыл дегенді білдіреді
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 15Келесі бір мысалға келтіретін “Алша” өсімдігін алсақ та осыған мысал
бола алады. Бұндағы “ал” – сын есім де, “ша” – жұрнақ. Бірінші буын өсімдіктің түсін білдіріп тұр. “ша” жұрнағы сын есімнен кейін жалғанып, әртүрлі атауларды білдіре береді. Мысалы қазақта “Көкше” атты тау, “қызылша” атты өсімдік атаулары да бар.
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 16“Алау” яғни жалын немесе от сөзін алсақ. “Алау”
сөзінің алғашқы буыны жалынның түсін білдіріп тұр.
“Алаулап күн батса қырды асып” деген өлең жолындағы алаулап деген сөз “қызарып” деген мағына береді. Демек “алау” (от) сөзіндегі “ал” оттың қызыл түсін береді
Бұдан шығатын қорытынды: “АЛ” сөзі қызыл деген мағынана береді. Яғни, сын есім
Слайд 17Қорыта келгенде, қазақ тілінде ал – жалғаулық шылауы, ал
– етістігі бар болса, ал – сын есімі де бар болған. Ал - етістігі зат есімнен кейін қолданылады (қаламсапты ал); ал – шылауы айтылар ойдың алдында ешбір сөзге қосылмай жазылады.
Сын есімдер де заттың алдында қосылмай жазылу керек болғанымен де “ал” сын есімі өзі сипаттайтын сөздерге қосылып кетіп, сын есімдік қызметін тоқтатқан, яғни заттанған. Оған жоғарыдағы мысалдар дәлел.
Слайд 18
Үйге тапсырма:
“Ал” деген буыннан басталатын сөздерді тауып,
сын есім деп дәлелдеуге тырысу.