Слайд 1АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ
“ЖҮРЕК” СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Слайд 2Зерттеу жұмысының мақсаты :
Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы
саны мен мағынасын айқындау.
Слайд 3Зерттеу жұмысының міндеттері :
Жүрек сөзіне биологиялық және ақындар ұғымында түсініктер;
Ақындардың
жүрек сөзін қолданылу саны;
Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу жағдайы;
Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу ерекшелігі.
Слайд 5Александр Сергеевич Пушкин
(06.06.1799 - 10.02.1837)
Мәскеуде дүниеге келіп, Санкт-Петерборда қайтыс болады
ақын, жазушы,
драматург, публицист, сыншы, жаңа орыс әдебиетінің негізін қалаушы
14 поэма
1 роман
6 драма
17 проза
7 ертегі
Өлеңдер
Слайд 6Биологиялық тұрғында
Ол іші қуыс
бұлшықетті мүше
Кеуде қуысының
сол жағына таман
орналасқан
Слайд 7 Абай поэзиясы – сұлу поэзия, Абай поэзиясы – махаббат, сүю, сүйіспеншілікке
толы поэзия.
Ұлы ақын адам ұрпағының данасы да, дарасы да, патшасы да, қарасы да ет жүректен тұрады, жүрек соғып тұрғанда, адам өмір сүреді, жүрегі тоқтағанда «қайран жүрек мұзға» айналып, өмірден өтеді деген. Жақсылық та, жамандық та, қайғы мен қуанышта да ең алдымен жүрегімізге ден қоямыз.
Слайд 8 Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өстім
Мыңмен жалғыз алыстым кәні қойма! –
деп, бізге әрі өсиет, әрі үлкен сенім, әрі зор салмақ тастап кетті. Абай атамыз өзі айтқандай «жұмбақ адамды» түсіну үшін оның ең алдымен жүрегіне үңілу керек екендігін, бар сырды жүректен іздеу керек екендігін, ең бастысы не нәрсенің барлығын да жүректен қарау керектігін айтып өткен. Ақынның қай шығармасын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне жиі-жиі айналып соғып отырғанын байқамыз.
Слайд 9Данышпан ақын жүрек сөзін екі түрлі мәселедегі тақырыптарда қолданған.
бірі –
достық, махаббат тақырыпта
екіншісі – өзі туралы, халқы, елі жайында сөз қозғаған кеңінен қолданған
Слайд 101987 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» деген кітабы .
Жинақта 94 өлеңі берілген.
Слайд 11Көзімнің қарасы» өлеңінде:
Жүректен қозғайын (3 шумақ, 1 тармақ)
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей
ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Жүректе оты жоқ (7шумақ, 3 тармақ)
Өрттенген жүрекке (19 шумақ, 3 тармақ)
Бір көрген болар сеп...
Біздердей ғашық көп
Қайсысы саған дөп?
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп (20 шумақ, 4 тармақ)
Бұл өлеңін ақын 1981 жылы жазған. Өлең 22 шумақты, 4тармақтан тұрады. Ақын «жүрек» сөзін 4 түрлі мағынада қолданған. Өлеңде ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған, іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ақын өзі бой тасалап, кейіпкерін алға ұстап сөйлетеді.
Слайд 12«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі:
Аласы аз қара көзі айнадайын,
Жүрекке ыстық
тиіп салған сайын,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
Егерде қолың тисе білегіне,
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.
Бетіңді таяп барсаң тамағына,
Шымырлап бу енеді сүйегіңе
Бұл өлеңінде сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп, жас арудың сыртқы сымбатын сипаттайды. Жас арудың сымбаты жүрегіне ыстық тиіп, жүрегі одан лүпілдегенін көрсетеді.
Слайд 13Адамның кейбір кездері» өлеңі 7 шумақтан тұрады. Бұл өлеңде ақын :
Сылдырлап
өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
... Ызалы жүрек, долы қол
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл
Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. Ақындық өнер айналасында сөз қозғайды. Бұл өлеңінде жүрек сөздерін ауыспалы мағынада қолданылған, яғни «кірлеген жүрек», «ызалы жүрек» тіркесінде.
Слайд 14«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңінде:
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай
берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме.
Өлең сол дәуірдегі көкірегі ояу, көзі ашық ойлы жанға арналған. Жүрегіңді тыңда деген мағына айтылған. Шын асыл жүректің түбінде жатады сол асылды таңдаған адам жүрегінің түбіне терең бойлап, іздегенін тек содан ғана табады.
Слайд 15«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі:
Өлең - сөздің патшасы, сөз
сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы. .
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Өлеңінде шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатын сөз болады, даналықтың айғағы дейді. Тілге жеңіл өлең жүрекке жылы тиіп, айналадағы заттардың бәрі көңілге жағымды келеді деген мағынада қолданылған.
Слайд 16«Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас» өлеңі :
Жүрек —
теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
. Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.
Достық, қастық, бар қызық — жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл – күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі.
Жоғарыда берілген өлеңде «жүрек» сөзін төрт кездестіреміз. Ұлы ақын қызық та, қызу қандылық та бір ғана жүректе дейді. «Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас» деген жолда өмірдің терең философиясы жатыр. Теңізде не болмайды, асыл маржан да, інжу тас та, меруерт те – бәрі сонда. Жүректе жасық, жаман нәрсенің болуы мүмкін емес. Өйткені ол асылдың асылы, қасиеттінің қасиеттісі. Жалыны оттай жайнаған достық та, амал-айласы бұқпантайлап жасырынған қастық та бір ғана жүректің әмірімен болмақ. Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындық сүйетін әділ патша. Сондықтан жүрекке шын берілген көңіл, шынайы достық, айнымас махаббат, нәзік сезім, сүттей ұйыған ауыз бірлік, ағайын арасының балдай татулығы қажет.
Слайд 17Абай өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 1 реттен қолданылу
Слайд 21
1983жылы шыққан
«Избранное» кітабына
44 өлеңі енгізіліпті.
Слайд 22Орыс халқының ұлы ақыны Пушкин шығармаларын сүйіп оқығандықтан, оның 1983жылы шыққан
«Избранное» кітабына 44 өлеңі енгізіліпті. Осы өлеңдерінің 17 өлеңінде «жүрек» сөзі 23 рет кездеседі. Ақынның өлеңдерінің құрылымы әр түрлі (тармақтары жағынан). Пушкиннің басым көпшілік өлеңдерінде «жүрек» сөзі 1 реттен 13 өлеңінде кездессе, 2,3 реттен кездесетін «жүрек» сөзі екі-екі өлеңде қолданылған. Мысалы, «Погасло дневное светило», «Разговор книгопродавца с поэтом» өлеңдерінде 3 түрлі мағынада кездеседі. Енді ақынның өлеңдерінде жүрек сөзінің қолданылу санына тоқталатын болсам.
Слайд 23«Деревня» өлеңін ақын 1819 жылы жазған. 4 шумақтан тұратын, бірақ шумақтары
әр түрлі келеді. «Жүрек» сөзі соңғы шумақта кездеседі. Мысалы :
... О, если б голос мой умел сердца тревожить!
Дауысым менің өзге жүректердің тынышын алса ( басқа адамдарды алаңдату ) деген мағынада қолданылған.
Слайд 24«Жил на свете рыцарь бедный» 1829 жылы жазылған өлеңінде :
Он имел
одно виденье,
Непостижное уму,
И глубоко впечатленье
В сердце врезалось ему.
Бұл өлеңде басты кейіпкер Рыцарь Иса пайғамбар Мария анасының образына ғашық болып, айналасындағы бір әйелге көңілі аумайды. Автор мына өлеңде «жүрек» махаббат сезімінің тереңдігін, ештеңеге ұқсамайтығының көрсетеді, ары Рыцарьдің көңілсіз жүргенінің себебін ашады. « В сердце врезалось ему» деген сөздер шарықтау шегі деп ойлаймын. Өлеңі 14 шумақты, 4 тармақты өлең. «Жүрек» сөзі 2 шумақтың 4 тармағында кездеседі Өлеңі 14 шумақты, 4 тармақты өлең. «Жүрек» сөзі 2 шумақтың 4 тармағында кездеседі.
Слайд 25«Воспоминания в Царском Селе» өлеңін 1814 жылы жазған. Ол 20 шумақты
8 тармақты. «Жүрек» сөзі соңғы шумақтың 6 тармағында кездеседі.
Да снова стройный глас героям в честь прольется,
И струны гордые посыплют огнь в сердца,
И ратник молодой вскипит и содрогнется
При звуках бранного певца....
Бұл өлеңде әр дәуірде қоғам дамуында жалғыз елбасшы мен қолбасшылардың рөлдері ғана емес, ақынның маңызы зор екені көрсетілген. Ақындардың сөздері адамдарды ерлікке шақырады. Мұнда «И струны гордые посыплют огнь в сердца», деген батырлардың ерлік сезімдерін тудырады мағынадасын қолданылған деп ойлаймын.
Слайд 26«Вольность» (Ода) 1817жылы жазылған өлеңі, ол 12шумақты, 8 тармақты өлең. 10шумақтың
8тармағында кездеседі. Мысалы :
И слышит Клии страшный глас
За сими страшными стенами,
Калигулы последний час Он видит живо пред очами,
Он видит — в лентах и звездах,
Вином и злобой упоенны,
Идут убийцы потаенны,
На лицах дерзость, в сердце страх.
Өлең кейіпкерлері ел басшылары, олардың қатыгез, зұлым екендігін, бүкіл адамзатты қорқытып ұстаған адамдар. Бірақ әр зұлымдықтың ақыры болады. Сол кезде олардың да бойында қорқыныш сезім билейді. Бұл сезімді жүрек образы арқылы көрсетеді.