Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Абай дана, Абай дара қазақта
Слайд 2Сабақтың мақсаты: а) білімділік -оқушылардың ойшыл ақынның өлеңдерін, шығармашылығын қалай
меңгергендігін, бақылау, өлең оқу машықтарын жетілдіру. Даналық сөздерін талдау жасап, қарасөздері арқылы баланың ойына қозғау салу, шығармашылық жұмысқа баулу.
ә) тәрбиелік- Абайдың нақыл сөздері арқылы ұрпақ жүрегіне адамгершілік қасиеттерін сіңіру, егеменді елдің ертеңгі жан-жақты жетілген, адам атына лайықты Абай мұрагерлері екендігін мақтан тұту, ұлы бабаға деген ұрпақтың сүйіспеншілігін дамыту.
б) дамытушылық -оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен ізденту, ой өрісін дамыту.
Слайд 3
Сабақтың түрі: шығармашылық өнер сабағы
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі.
1) проблемалық оқыту: Сұрақтар арқылы проблемалық жағдаят туғызу, ұғындыру, шешімін іздеу; 2)дамыта оқыту арқылы ізденіс жұмысын жүргізіу, қосымша білім көздерін насихаттау арқылы өздігінен білім аулуға баулу.
Пәнаралық байланыс: сөз өнері, бейнелеу өнері тарих
Көрнекіліктер: Абай портіреті, отбасылық суреттері, Абай өлеңдеріне салынған оқушылар суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі.
Слайд 4Сабақтың эпиграфы:
Ақыл – ой, ақындықтың киесі - Абай,
Түгел сөздің түбі
бір жүйесі – Абай,
“Өлең-сөздің патшасы”десе Абай!
Патшаға енді ұсынбас төрді Абай,
Өлеңнің құдіретті иесі – Абай!
Сабақтың барысы: Сабақтың өту барысы хабарланады. Сабақ 3 бөлімнен тұрады.
Слайд 5Iбөлім. Ұлы ойшыл қарсы алу.
1-оқушы: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім,
Жырымен жан
сусынын қандырған кім?
2-оқушы: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен күн?
Осы кезде сыныпқа Абай кіреді, болашаққа өсиет айтып тұр
Жүрегінің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
3-оқушы:Абайға арнап өлеңін оқиды.
Абай дана
Ғұламасы ғасырдың
Жырларында жабырқау жоқ,жасын мұң,
Өлең болып бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп
Өлең деген асылдың.
Слайд 63-оқушы:Абайға арнап өлеңін оқиды.
Абай дана
Ғұламасы ғасырдың
Жырларында жабырқау жоқ,жасын мұң,
Өлең болып
бізге жетті өнегең,
Сәулесі боп
Өлең деген асылдың.
Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,
Жабырқасам жанға құйар жылылық.
Абай деген жұмбақ әлем биік шың,
Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып.
4-оқушы: Қазақтың ақыны данышпаны көп болғанымен, Абайы біреу-ақ, Абайы бар елдің мерейі үстем, бақытты ел.
5-оқушы: Абай ата, өзіңіз күткен шөберелеріңіз сіз туралы ой толғап, сыр шертпек, қабыл алыңыз.
ІІ бөлім. Абай тағлымынан білім сайысы.
Сынып екі топқа бөлінеді.
І топ “Мұрагер” ІІ топ “Парасат”
Ұраны:”Асыл сөзді іздесең, “Парасатты болып туға
Абайды оқы ерінбе! Шыңғыс таудың Абайы
Адамдықты көздесең Ән мен жырын мұра қылған,
Жаттап оқы көңілге!” Сарарқаның Абайы”
Әні: “Көзімнің қарасы” “Желсіз түнде жарық ай”
Эмблемасы: кітап, орақ, кетпен ай, тау, су бейнесі.
Слайд 8Сұрақтар “Мұрагер” тобына
1. Абай мұражайы қай жерде?
2. Абайдың алғашқы
өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
3. Абайдың қоңыраулы балуан аталған атасы
4. Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы
5. Абайдың үш поэмасы
Сұрақтар “Парасат” тобына
1. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты?
2. Әбдрахманның қайтыс болған жылы?
3. Абайдың орыс досы.
4. Абайдың шәкірттері
5.Абайдың туған жері
Слайд 9
ІІІ бөлім. “Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста”
Даналық сөздер бағыты.
Қай топ Абайдың
даналық сөздерінің жалғасын тез табады.
1.Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам...
2.Жұмысы жоқтық – тамағы тоқтық...
3.Үш – ақ адамның қасиеті...
4.Қайратсыз ашу – тұл . Тұрлаусыз ғашық – тұл...
5.Досы жоқпен сырлас...
6.Өткірдің жүзі, Кестенің бізі ...
7.Өмірдің алды – ыстық, арты – суық ...
8.Толғауы тоқсан қызыл тіл ...
Слайд 11Сөзжұмбақ сұрақтары
Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңінің бірі
Абай қандай ақын?
Абайдың атасының аты?
Абайдың
шын аты?
Ұлы ақынның анасы
Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы
Абайдың сүйген жары
Ақынның туған жері
Слайд 12Үйге тапсырма
Абай Құнанбаевтың өмірі мен
шығармашылығын зерттеу
2. “Сегіз
аяқ” өлеңін жаттап келу.
3. «Табиғатты аялағанның тынысы кең» деген тақырыпта шығарма жазып келу.
Слайд 14
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар
IV.