Слайд 1
Ұйымдастыру кезеңі
-
Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу:
күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Т – ережесі:
Тәртіп.
Талап.
Тыныштық.
Тазалық.
5.Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Слайд 2
Сабақтың тақырыбы:
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Адам
жауапкершілігі
Слайд 3
Мақсаты: Жауапкершілік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылғының мәнін
ашу.
Міндеттері:
Білімділік: жауапкершілік ұғымын ар-ұят пен ұқыптылық қасиетімен байланыстыра отырып түсінеді;
Дамытушылық: ұқыптылық, тәртіптік қасиеттері дамиды ;
Тәрбиелік: өмірге, іс-әрекетке ар-ұятпен, аса ұқыптылықпен қарауға өздерін тәрбиелейді.
Слайд 4ЖАҒЫМДЫ КҮЙГЕ КЕЛУ
«Сыныптағы заттар»
Оқушылар сыныптағы қандай да болмасын бір затты
таңдап бір минут ішінде оны өзіне немесе өзініңі көңіл- күйіне ұқсастығын ойластырып топ ішінде айтып беруі керек.
Мысалы:«Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!» немесе«Мына тақта менің көңілімдей ақ екен»
Слайд 5Өзіңе ұнаған фигуралардың бірін таңда.
/топқа бөлу/
Слайд 6
Оқушылар «Ақ», «Жасыл», «Сары», «Көк» түстер арқылы өзінің тобын анықтайды.
Оқушылар геометриялық
фигуралардың бірін таңдап алады. Сол фигураның ішіндегі түрлі түстер арқылы өзінің тобын анықтайды.
Топтары анықталып болғаннан кейін өз топтарын «Ақ», «Жасыл», «Сары», «Көк» түстері мен пішініне қарай қорғайды. Мысалы: қара түс болмаса түн болмай адамдар демалмайтын еді немесе қара түсті әріптер болмай білім ала алмайтын еді деген сияқты.
Слайд 8
Дәйексөз
«Жауапкершілік абырой арттырады, жауапсыздық ұятқа қалдырады».
(Халық даналығы)
*Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп
алыңдар.
Балалар осы дәйексөздің мазмұнына үңіліп көрейікші.
-Жауапкершілік өз сөзінде тұратын, тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы, сенімге ие, көңілі жарқын болады. Жауапсыздық өз сөзінде тұрмау, тапсырылаған істі өз уақытында орындамау адамды ұятқа қалдырады .
Слайд 9 «Мұғалімнен сый».
«Жауапкершіліктен қашпа!».
Әлеуметтік ролик көрсету.
* Әлеуметтік ролик не
туралы?
*Бұл жерде қандай жауапкершілік көріп тұрсыздар?
*Осы оқиғадағы ананы қалай сипаттар едіңдер?Әкені қайлай сипаттар едіңдер? Балаларды ше?
*Бұл роликтің түсіру себебін не деп ойлайсыңдар? Не түйдіңдер?
Слайд 10Сұрақ-жауап.
Жауакершілікке қандай анықтама беруге болады?
Жауапкершілік
*Жауапкершiлiк - адамның белгiлi бiр
iстi, өзiне тапсырылған мiндеттi қалтқысыз орындауы.
Слайд 11Жауапкершілікті қажет ететін қандай мамандық иелерін білесіңдер?
Слайд 12Өрт сөндірушілер
Құрылысшылар
ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙДА
ҚҰТҚАРУШЫЛАР
Слайд 15Ұстаздар
Наубайшылар
КӘСІПКЕРЛЕР
-Балалар жалпы қандай мамандық болмасын жауакершілікті талап етеді.
Слайд 16Құрылысшы
Өз ісіндей еңбек ету
/ болжау әдісімен/
1.Бір кәрі құрылысшының зейнетке шығатын
кезі таяп қалады.
Балалар бұл әңгіме әрі қарай қалай болуы мүмкін?
*Оқушылар болжайды:
Слайд 172.Бастығына бұдан былай жұмысқа шықпайтынын, үйде бала-шағасына, немерелеріне бас-көз болып отыратынын
айтады.
*Оқушылар болжайды:
Слайд 183.Бастығы өте тәжірибелі жұмысшысынан айрылғанына аздап көңілі түсіңкірейді. Жұмысшысына, соңғы рет
бір үй салып беруін өтінеді. Кәрі ұста бұл ұсынысты қабыл етіп, жұмысына кіріседі. Бірақ істеп жатқан ісінде көңілі жоқ екені, амал жоғынан істеп жатқаны білініп тұрады. Үйге сапасыз материалдар қолданып, қисық-қыңырына қарамай, қалай болса солай салып береді.
*Оқушылар болжайды:
Слайд 194.Үй біткен соң бастығы үйді тексеру үшін келіп, қарап шығады. Шығарда
үйдің кілтін ұстаға беріп: «Міне, кілттерді алыңыз, үй сіздікі! Қаншама жылғы еңбектеріңіз үшін менен сізге сыйлық болсын!» дейді. Әлгі ұста түсінбей, абдырап қалады, қатты ұялады. Әттең, осы салған үйі өзінікі болатынын білгенде, үйді осылай салар ма еді!.Өз ісіне жауапкершілікпен қарамағанына құрылысшы қатты өкінеді.
*Балалар бұл құрлысшының әңгімесінен не түсіндік?
Слайд 20
Шығармашылық жұмыс
Ітоп.Оқулықтағы 49 беттегі 4тапсырма. Жағдаятты оқып, өз
шешімдерің мен ой-тұжымдарыңды айтыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
ІІ топ. «Жауапкершілік» тақырыбында әңгіме құрастырып жазыңдар.
ІІІ топ. «Жауапкершілік» деген тақырыпта сахналық қойылым қойыңдар.
ІV топ. «Жауапкершілік» тақырыбында постер жасап, қорғаңдар.
Слайд 21
Кері байланыс:
1 адам ортаға шығады, жүргізуші оның артында тұрып, бірнеше
сөздерді жасырады, ал топтағылар ым-ишара арқылы ғана түсіндіреді. Ортадағы адам қандай сөз жасырылғанын табу керек.
«Жасырын сөздер» ойыны.
Слайд 29
«Өз ісіндей еңбек ету» әңгімесіндегі кейіпкер
Слайд 32
Мұғалім сөзі:
Рахмет балалар! Балалар бүгін біз адам жауапкершілігі туралы
сабақ өттік. Адамның жауапты болу үшін біздің бойымызда адалдық қасиет, жауапкершілік қасиет, ұқыптылық қасиет, тәртіптік қасиеттер болуы керек екен. Адам өз бойындағы қасиеттерді дамытса, мына бес құндылықтың ішіндегі дұрыс әрекет құндылығының мәнін табады екенбіз.
Слайд 33
Топпен ән айту
Мәңгілік ел
1.Елім менің жерге бай,
Жерім менің кеңге бай.
Қазыналы асу-асу
белдер-ай,
Бабам батыр мерген-ай,
Қорғап берген жерлері-ай,
Төрлері-ай, көлдері-ай, шөлдері-ай,
Жаратқанның бергені-ай.
Қайырмасы:
Мәңгілік ел Қазақ елі, әкем мен анам да
Мәңгілік ел Қазақ елі өсіп келем, пананда, қаланда,даланда,
Елдігіміз аманат маған да, саған да.
2.Жігіттерім тұлғалы, аруларым сырғалы,
Айтқан сайын айтқым келіп тұрған-ай.
Баға жетпес сендерге Алашымның ұлдары-ай,
Қыздары-ай, таулары, шыңдары-ай таласады кім қалай.
Слайд 34Үйге тапсырма
1.№11 сабақ. Оқулықтағы 47 беттегі 3 тапсырма.
2.Келесі сабақ,№12. «Нағыз
ұстаз» атты аңыз әңгімені оқып келу.
Слайд 35Сабақтың қорытынды сәті.
Баяу музыка қойылады. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы
қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
Жақсы балалар сабақ аяқталды, әр бір сәттерің қуанышқа толы болсын