Презентация, доклад на тему 2017-2018 о.ж ҰБТ бұрышы 11-сынып

  ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМАҰлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпаратҰлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде келесі емтихан материалдары пайдаланылады: кітапша –тестіленушіге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған арнайы емтихан

Слайд 1ҰБТ
күнделігі


ҰБТ күнделігі

Слайд 5  ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі емтихан

материалдары туралы жалпы ақпарат
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде келесі емтихан материалдары пайдаланылады:
кітапша –тестіленушіге емтихан кезінде берілетін пәндер бойынша тест тапсырмалары жинақталған арнайы емтихан құжаты;
жауап парағы – тестіленуші өз жауаптарын белгілейтін, нәтижелерді бағалау мақсатында сканерде оқуға арналған арнайы бланк;
жауап парағының көшірмесі – тестіленуші тестілеуден кейін баллдарын өз бетінше санау үшін жауаптарын белгілейтін арнайы бланк;
Тестіленушіге тестілеу кезінде, уәкілетті тұлға ең алдымен жауап парағы, жауап парағының көшірмесі, содан кейін кітапшаны таратады..

Қатаң тыйым салынады!!!
емтихан материалдарын (жауап парақтары мен кітапшалар) умаждау, корректор сұйығын қолдану, кітапшаның бетін жырту, жауап парағында бояуға қарастырылмаған секторды бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлінуіне жол беруге;
тестілеу аяқталғанға дейін емтихан материалдарын сыртқа алып шығуға, емтихан материалдарымен алмасуға.
Жауап парағын толтыру
Жауап парағын қара немесе көк қаламмен толтыру керек
Жауап парағы екі бөліктен тұрады:
жауап парағының қызметтік секторлары – тестіленуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), тестіленушінің жеке коды (ТЖК), лек, аудитория, орын және нұсқа нөмірлері сияқты жеке мәліметтерді толтыруға арналған жауап парағының арнайы секторлары.

  ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША  ЖАДЫНАМАҰлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі емтихан материалдары туралы жалпы ақпаратҰлттық бірыңғай

Слайд 61 блоктағы пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар –
пәндер бойынша тест

тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының секторлары (1 дұрыс жауап таңдалады);
 пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар – 2 блоктығы пәндер бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап парағының секторлары;(бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалады)
Жауап парағы таратылғаннан кейін қызметтік секторларлар келесі тәртіппен толтырылады:
1-секторда тестіленушінің Т.А.Ә. жазылады;
2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен рұқсаттамасында көрсетілген тестіленушінің жеке коды жазылады(бұдан-ТЖК), әр санның астындағы торкөздегі әр санның сәйкес дөңгелекшелер боялады;
3 және 4-секторларда отыратын орны емтихан тапсыру кезінде тестіленушінің және кітапшасының нұсқасы боялады;
5-секторда тестіленуші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі толтырылады. Лек нөмірі емтихан күнімен анықталады;

6 сектор шығармашылық емтихан тапсырушыларға арналған;
7, 8, 9 секторлар Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы пәндеріне сәйкес жауаптар боялады;
10-секторда 1 таңдау пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;
11-секторда 2 таңдау пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;.
12 секторда (жауап парағының нөмірі көрсетілген) боялмайды
13 секторда «Тестіленушінің қолы».
3. Кітапшасының мұқабасын толтыру 
Сұрақ кітапшасының мұқабасында бітіруші келесі мәліметтерді толтырады:
Т.А.Ә.;
ТЖК;
Жауап парағының №
Лек;
Аудитория және отырғызу орнының нөмірі;
1 және 2 Бейіндік пәннің атауы (таңдау бойынша пән).
Кітапшаның мұқабасын толық толтырғаннан кейін тестіленуші қолын қояды.
Кітапшасымен жұмысты бастамас бұрын тестіленуші кітапшаның беттерін түгендейді және типографиялық ақаудың болмауын тексереді. Егер ақау болған жағдайда уәкілетті тұлғаға хабарлау қажет.
 
 
 
 
 

1 блоктағы пәндер бойынша жауаптарға арналған секторлар – пәндер бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілеуге арналған жауап

Слайд 7 
Есте сақтаңыз!!!
Жауап парағын бояуға жеткілікті уақыт қалдыру үшін тестілеудің уақытын дұрыс

бөлу қажет.
Тест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап парағына көшірмес бұрын бұл сектордың Сіз жауап беріп отырған пәнге сәйкес екендігіне көз жеткізіңіз.
Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді;
Жауап парағы - тестілеу материалдарын өңдеуді жүзеге асыратын негізгі құжат, сондықтан оны қате жібермей және түзетулерсіз, мұқият толтырыңыз.
Жауап парағының қызметтік секторларын дұрыс толтыру емтихан материалдарын өңдеуге кететін уақытты үнемдейді және көпшілік назары іліну үшін тестілеу нәтижелерінің уақытын тездетеді.
ҰБТ кезінде:
Мұқият болу керек! Тестілеу басталарда емтихан материалдарымен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде қажетті мағлұматты хабарланады;
Тестілеу кезінде тәртіп сақтау ережесін сақтау керек! Егер Сіз аудиториядағы ҰБТ-ны ұйымдастырушыға сұрақ қойғыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз, орныңыздан айқайлап сұрамаңыз. Аудиториядағы тыныштық пен тәртіптің сақталуы емтихан материалдарының мазмұнын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
 
 
 
 
 

Ойыңды жинақтаңыз! Бланктің қызметтік секторларын толтырып, өзіңізге түсініксіз жағдайларды анықтап болғаннан кейін, айналаңыздағылар туралы ұмытып, ойыңызды жинақтауға тырысыңыз. Сіз үшін тапсырма мазмұны мен тестті орындауға арналған шектеулі уақыт қана маңызды болуы тиіс;
Қорықпаңыз! Уақыттың қатаң шектеулері сіздің жауаптарыңыздың сапасына әсер етпеуі керек! Жауаптарыңызды енгізбес бұрын, сізден не талап етілетіндігін дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз;
Тапсырманы соңына дейін оқыңыз! Асығыстық сіздің тапсырма шартын алғашқы сөздерінен-ақ түсінуге тырысуыңызға және соңын өз қиялыңыз бойынша аяқтауға әкеліп соқпауы тиіс;
Тексеріңіз! Өз жұмысыңызды тексеру үшін, тым болмаса, жауаптарыңызға тез көз жүгіртіп шығып, көрінген қателеріңізді байқауға міндетті түрде уақыт қалдырыңыз.
Есте сақтаңыз! Тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, нақты тапсырма бойынша Сіздің апелляцияға өтініш беруге құқығыңыз бар.

 Есте сақтаңыз!!!Жауап парағын бояуға жеткілікті уақыт қалдыру үшін тестілеудің уақытын дұрыс бөлу қажет.Тест тапсырмаларына берген жауаптарыңызды жауап

Слайд 8 АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ
Ағымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:
осы жылғы

мектеп бітірушілері;
қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;
республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;
«Алтын белгіге» үміткерлер;
жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;
халықаралық мектеп бітірушілері.
 

10.Білім беру кредиті
Білім беру кредиті – қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
Несие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.
Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;
Білім беру кредитін алу үшін:
1.қадам - кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;
2.қадам - қажетті құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;
3.қадам - банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.
Кредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
жеке куәлік;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
білім алу шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
қарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.
Кредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
Жеке куәлік
Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
Жеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді көшірме;
Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.
Білім беру кредиті туралы толық ақпарат www.fincenter.kz сайтында
 
 
 

АТА – АНАЛАР ЖАДЫНАМАСЫ Ағымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:осы жылғы мектеп бітірушілері; қазақ және

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть