Слайд 1Жарқамыс орта мектебі
Сәндік қолданбалы өнер
Тақырыбы:
« Ілмекбізбен тоқу»
Дайындаған:
Таңатарова М.
9 а класс оқушысы
Жетекшісі:УсеноваН.К.
2014-2015 оқу жылы
Слайд 2Мақсатым:
- Ілмекбізбен күнделікті өмірге қажетті бұйымдар тоқу;
- Бұйымның өлшемі мен өрнегін
анық түсіру;
- Бұйымның әдемі және әсем болып шығуын қадағалау;
Слайд 3Туындаған мәселені және қажеттілікті негіздеу:
Мен сіңіліме сыйлық жасағым келді. Бірақ не
сыйларымды білмей көп ойландым. Соңында көп шығынды қажет етпейтін қарапайым жіптерден бұйымдар жасап сыйлауға бекіндім. Мен өзім жасаған бұйымдардың сіңіліме ұнайтынына сендім.
Сондықтан мен сіңіліме ілмекбізден іліп тоқу арқылы бұйымдар тоқи бастадым.
Слайд 4Моделін, құрал-саймандарды, алабұйымдарды таңдау:
Ілмекбізбен тоқылған бұйымдар әдемі көріну үшін жіптер үйлесімділігі
болу керек. Сондықтан 10 номерлі жіппен және тарқатылған тоқыма бұйымдарынан бірнеше түрлі бұйымдар тоқыдым.
Слайд 5Материалдар таңдау:
Ілмекбізбен тоқитын бұйым мүмкіндігінше берік, жұмсақ, ерекше болу керек. Мен
екі нұсқасын қарастырдым. 10 өлшемдегі жіппен тоқу маған ұнады. Себебі, ол онша қатты емес,тоқу кезінде ерекше мән беруді қажет етпейді. Тарқатылған тоқыма жіп қатты, тоқуға жарамды деп таптым. Сондықтан мен бірнеше жіп түрлерімен тоқыдым.
Слайд 6 «Өнер—таусылмас азық, жоғалмас байлық»,-- дейді дана халқымыз. Қазақ халқының өте
ертеден келе жатқан аса бағалы қолөнерінің бір түрі – тоқу өнері. Тоқу өнерінің бірнеше түрі бар. Мысалы: ілмек бізбен тоқылатын бұйымдар, ши бізбен тоқылатын және арнайы құрал-саймандармен, станоктармен тоқылатын тоқыма бұйымдары.
Ілмек бізбен – шілтерлер, сәнді жеңіл киім-кешектер тоқылады. Ши бізбен негізінен киімдер тоқылады. Ал станоктармен арнайы құрал саймандарды пайдалану арқылы кілем түрлері: тақыр кілем, түкті кілем, гобален кілемі, алаша, өрмек (макраме) және ши (тоқу жүзеге асырылады), ағаш өсімдіктерінің бұтақтарынан себет т.б. бұйымдар тоқыған.
Ертеректе көшпенді тұрмысымызда тоқыма бұйымдарын, қойдың немесе түйенің жүнінен иіріп, бояп, киім-кешек, үй жиһаздарын, күнделікті тұрмыста пайдаланатын: бау, басқұр, алаша, тақыр кілем, қоржын, жабу тоқыған. Қазақстанның Оңтүстік, Батыс өңірлерінде, сондай-ақ Қызылорда облысының бәрінде дерлік қазірдің өзінде түкті кілем тоқу дәстүрге айналған.
Ілмек бізбен тоқу үшін не білуіміз керек?
Біз. Әр түрлі жіптер. Қауіпсіздік ережелері. Шартты белгілер. Схемалар. Шыдамдылық. Тоқу технологиясы. Ынта- ықылас.
Слайд 7Тізбекше.
Бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбек алғашқы (негізгі) қатар болып саналады. Ол
өрнектер қатарына жатпайды. Тоқу барысында қалам ұстаған сияқты ілмекті оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, ілмек бізде жатады. Шүйкедегі жіптің ұшын сол қолдың сұқ саусағының үстінен өткізіп, үлкен ортаңғы саусақпен басады. Тоқу барысында ілмектер созылып кетпей бірдей ұзындықта болу үшін ілмекті ұстап тұру керек.
Тоқу бос шалудан басталады—
ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылай қайталана береді. Тоқыманың суреті қай жарты шалмадан тоқып басталғанына байланысты анықталады.
Шалма –
ілмекбізде ілмек бар кезде жіпті ілмекбізге орап шалып тартады. Әрбір оралған жіпті шалып тартқаннан кейін ілмек пайда болады. Бір шалу бағаншаны бір ілмекке, екеуі екі ілмекке биіктетеді.
Жарты бағанша немесе біріктіргіш бағаншаны
бос шалудан сақина жасау үшін, қатарға қосу не кеміту үшін қолданады. Ілмекбізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп алып тізбек ілмегінің ішінен тартады.
Слайд 8 Шалмасыз бағанша –
ілмекбізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп
алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмекбізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады.
Шалмалы бағанша.
Шалудың биіктігін көтеру үшін оны бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Ілмекбізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегінен өткізіп, жұмысшы жіпті іліп тізбектің ілмегі арқылы тартып шығарады. Содан жұмысшы жіпті ілмекбіздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.
Екі немесе үш шалмалы бағанша.
Ілмекбізге бірінен соң бірін тастап екі шалу жасайды да, тізбек ілмегіне енгізіп, жұмысшы жіпті іліп осы ілмек арқылы тартып шығарады. Ілмекбізде 2 ілмек және екі шалу пайда болады. Ілмекбізбен жұмысшы жіпті іліп, оны ілмектің және бірінші шалудың ішімен тартып шығарады да, жұмысшы жіпті тағы іліп ілмек және екінші шалу арқылы тартады, ең соңында жұмысшы жіпті іліп қалған екі шалудан тартып шығарады.
Слайд 9Жобаны дайындайға арналған құрал-саймандар мен алабұйымдар:
Ілмекбіз түрлері, жіп түрлері, қайшы, қарандаш,
үтік.
Слайд 10
Дайындауға кететін шығындар есебі:
Слайд 11Дайындауға кететін шығындар есебі:
Слайд 13Дайындауға кететін шығындар есебі:
Слайд 14
Бұйымның технологиялық орындалу реті:
-ойыңды жүзеге асыру және нұсқалар жасау;
-бұйым нобайын жасау
және ілмекбізбен тоқу;
-бұйымды модельдеу және конструкциялау.
Слайд 18Дайын бұйым белгілері:
а) ерекше сәнді;
ә)түстер үйлесімділігі сақталған;
б)экологиялық таза материалдан дайындалған;
в)сәнді бұйым ретінде үй тұрмысына қолдануға болады
Слайд 21Қортынды :
Бұйымдар ыңғайлы, сәнді, ерекше, өз қалағанымдай болды. Өрнектері әдемі де
тартымды шыты. Тоқыған бұйымдарым менің достарыма да,ата-ана, ұстаздарыма да өте ұнады. Олар мені мақтан тұтады, өйткені мен оларды өз қолыммен тоқыдым.
Слайд 22ҰСЫНЫС ПІКІР :
МЕН ІЛМЕКБІЗБЕН ТОҚУ САҒАТТАРЫН КӨБЕЙТУДІ СҰРАЙМЫН. СЕБЕБІ, БӨЛІНГЕН САҒАТ
АЗДЫҚ ЕТЕДІ, ҮЙРЕНІП, ТОҚЫП, АЯҚТАП ҮЛГЕРЕ АЛМАЙМЫЗ.
Слайд 25
ТЫНДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
БАРШАҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!