Слайд 1Қ.Топаев атындағы орта мектебі
“Шебердің қолы ортақ”
Өткізген: Әлмағанбет
Ж.Ш.
Слайд 2Сабақтың мақсаты: жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім
қабылдауға,ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Білімділік: оқушыларды халқымыздың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыру, олардың ерекшеліктерін меңгеру негізінде балалардың қазақ ұлттың ою-өрнек өнері бойынша білімдерін тереңдету
Тәрбиелік: ою-өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету, оқушыларды әсемділікке, еңбекке баулу арқылы эстетикалық танымдарын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу
Слайд 3
Сабақтың түрі:
дәстүрден тыс сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс:
сызу,бейнелеу өнері,
геометрия, тарих
Көрнекті құралдар:
плакаттар, қолөнер бұйымдары,
ою түрлері.
Слайд 4
Топтардың аты: «Шеберлер тобы», «Жұлдызша тобы»
1 кезең. Кіріспе сөз
2 кезең.
«Атымда менің сырым бар» екі топтың сәлемдесуі
3 кезең. «Кім білгір?» (викториналық сұрақтар)
4 кезең. «Ою жұмбақ» және «Мақал-мәтел» жарысы
5 кезең. «Кім шебер?» (үш бөлімнен тұрады)
а/ оюдың шетін тігу б/ құрастыру в/ сурет салу
6 кезең. «Ою әнмен әсерлі» ән байқауы
7 кезең. Қорытынды сөз
Слайд 5
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз: Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының
бірі-қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнері болып табылады. Ою-өрнектер әсемдік пен сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.
Уа, халқым аманбысың, армысың,
Көңілі көктем аруларым бармысың
Мерекеге сән беретін аруларды,
Мына отырған көрерменім қолдасын.
- Қазылар алқасының алдында бүгінгі сайысқа қатысушы екі топты шақырамыз. Әуенмен екі топ ортаға шығады.
Слайд 6
Жүргізуші:
2-байқау сәлемдесу –«Атымда менің сырым бар» деп аталады.
Байқаудың шарты: Топтар
өз атының мән-мағынасын ашуы қажет. Біз алдымен қай топтың бірінші бастайтынын анықтап алайық. Ол үшін екі топтың басшылары ортаға шықсын. Әр топ басшысы тақтаға жапсырылған өрнектің біреуін таңдайды. Әрбір өрнек нөмерленген. Кімнің нөмер саны кем болса, сол топ байқауды бірінші бастайды.
Жүргізуші: 3-байқау-«Кім білгір?» деп аталады.
Ою-өрнек бойынша сұрақтар беріледі. Екі топтың үш-үштен қатысушылар шығып тақтадағы өрнектерді оң қаратып, сұрақтың жауабын береді.
Слайд 7
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірде салды (қазақ ұлттық ою-өрнектері
тас дәуірінде салды)
Шет ою, орта ою, қолтық облары қандай бұйымда кездеседі? (Тұскиізде, кілемде, текеметте кездеседі)
Орнамент дегеніміз не? Ол қандай ұғымды білдіреді? Оюдың қандай түрлері бар?
Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің басқа ұлт өкілдерінің өнерінде кездесетін түрі бар ма? Тұмар, жұлдызша оюлары, өзбек, тәжік халықтарының өрнектерінде кездеседі (толық емес)
Қошқармүйіз оюы қандай ұғымды білдіреді? (Қошқар мүйіз оюы-байлықты, молшылықты, тоқтықтың белгісі)
Зергерлік бұйымдарға қандай ою-өрнектер салынады? (Жүзік, білезік сияқты әшекей бұйымдарға «Құсқанат», «Құсмұрын», «Дөңгелек» (күн) «Тұмар» оюлары салынған)
Слайд 8
Жүргізуші: Келесі 4-байқау –«Ою жұмбақ» және «Мақал-мәтел» жарысы деп аталады.
Екі топ
алдын ала бір-біріне даярлаған жұмбақтарын шешеді. Жұмбақтар шешімі дайын болғанша екі топ мақал-мәтелден жарысады.
Слайд 9
1.Талаппен бастап, талғаммен аяқта.
2. Ою ойған, сызуды сызады.
3. Асыл қайшы пішуге
сән, күміс қасық ішуге сән.
4. Ерінбеген етікші болады.
5. Сызу сызғанның сиқыры бар.
6. Ою ойғанның ойы ұшқыр
7. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
8. Шебердің саусағы алтын
9. Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт.
10. Үлгісі көптің өнері көп, Өнері көптің ермегі көп
11. Өнерсізден құт қашар
12. Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме
13. Ойсыздан оюшы шықпайды.
Слайд 10Жүргізуші:
Артық емес, үйрен де жирен деген,
Бос қалып
бұл дүниеде жүрмеші жай.
Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,
Көңіл көктем әрқашан жаны изгі
Салт-дәстүрі ширек болып бізге жеткен,
Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері,-дей келе келесі төртінші байқау «Кім шебер?» деп аталады.
1. Оюдың шетін тігу.
2. Екі топқа алдын ала даярланған ою элементтерінен бүтін бір ою құрастыру.
3. Екі топқа алдын ала даярланған (оюдың үштен бір бөлігі ғана салынған) өрнек суретін жалғастыру, аяқтап бітіру.
Слайд 11Ән: «Қыз сыны»
Жүргізуші:
Алқа думан,той-думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу,маржан шашайық!
Жиналған халық
таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық.
6-байқау ән-би байқауы «Ою әнмен әсерлі» деп аталады.
Қол өнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін,
Келешекте еліміз өркендесін,-дей келе, екі сайыскерлеріміздің өнерін тамашалаймыз.
Слайд 12
Жүргізуші:
Алқа думан,той-думан,
Ортамызды ашайық.
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу,маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын
Өнерден
күмбез жасайық.
6-байқау ән-би байқауы «Ою әнмен әсерлі» деп аталады.
Қол өнері халқымның өрістесін,
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Өнерлі жастарымыз өсіп-өнсін,
Келешекте еліміз өркендесін,-дей келе, екі сайыскерлеріміздің өнерін тамашалаймыз.
Слайд 13Қорытынды сөз.
Сайыстың қорытындысын шығару үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Сайысты қорытындылау.