Қатысушылар жыл мезгіліне байланысты төрт топқа бөлесіз. Төрт топқа төрт түрлі адам бейнесін бересіз.
1. Мен өз-өзіме сенімді адаммын!!!
2. Мен өз кемшіліктерімді жоя алатын адаммын!!!
3. Мен сырттағы адамдарға сыншы емеспін!!!
4. Мен керемет коммуникантпын!!!
Төрт топ өкілдері өздерінің тұлғалық бейнелеріне жағдайат құрастырып, аталған бейнелеріне сәйкес болуына арналған нұсқаулық құрастырады.
Нұсқаулық 3
Мен сырттағы адамдарға сыншы емеспін!!!
Басқаларға қатты қатал болмаңыз. Егер Сізде басқаларды көп сынайтын әдет болса одан арылу керек. Себебі сын айтатын адамдардың сыншысы көп болады. Сын айту және сын есту сіздің өзіңізге сенімділігіңізді арттыртпайды.
Нұсқаулық 4
Мен керемет коммуникантпын!!!
Есіңізде сақтаңыз, адамдарға көбіне тыңдаушылар ұнайды. Адамдарды өзіңізге баулау үшін, көп және әдемі сойлеудің қажеттілігі жоқ. Өзгелерді мәдениеттілікпен және ұқыптылықпен тыңдаңыз, сол үшін олар сізді сыйлайтын болады. Қарым-қатынасқа түсуші мен ортақ тақырыпта сөйлесіп, оның қызығушылықтары мен жұмыстарына шынайы түрде көп көңіл бөліңіз.
Нұсқаулық 1
Мен өз-өзіме сенімді адаммын!!!
Таңертең үйден кремет болып шығу үшін бар мүмкіндігіңізді салыңыз. Күні бойы айнаға қарап өзіңіз әдемі екеніңізді көріңіз. Ұйықтар алдында өзіңізді мақтаңыз. Мен ең жақсымын, Мен ең күштімін.
Жаттығудың барысы:
3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Менің өмірлік мақсаттарым қандай?”.
3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Алдағы үш жылда мен қандай табысқа жеткім келеді?”
5 минутта жауап беріңіз: “Емделмейтін ауруыма байланысты маған алты ай ғана өмір сүру қалғанын естігенде, мен не істер едім және қалай істер едім?”.
Барлық ертеректе жазылғандарды зейін қойып оқыңыз және сіздің мақсатыңыз үшін маңызды болатын ең басты үшеуін таңдап алыңыз.
Осы мақсаттарға шынында да жетуге тырысасыз ба және ол қаншалықты сәтті (сәтсіз) болатынын бағалаңыз.
Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы өз бетіңізбен салмақты түрде үнемі ойланасыз ба, соны бағалаңыз.
Балалық шақта (4-6 жас) сіз қандай болдыңыз, әсіресе, балалық шақтың есте қалған эпизодтарын есіңізге түсіріңіз және суретін салыңыз.
Осы кездегі сіздің өміріңіздің эпизодтарын, яғни қазір сіз қандайсыз, суретін салыңыз.
Болашақта сізді не күтіп тұр, сіз қандай боласыз, суретін салыңыз.
Сіздің өміріңізді, тағдырыңызды өзгерткен, өмірде болған жағдайларыңызға қатты әсер еткен жайларды еске түсіріңіз және онв суреттеп жазыңыз.
Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені сезінудесіз?
Тренинг қатысушылары жұп болып бөлінеді, жұптағыларға бір бірлерінің өздері ұнатпайтын ең жағымсыз қасиеттерін анықтауға 3 минут уақыт беріледі.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть