Слайд 1Үшағаш негізгі орта мектебі
Сынып жетекшісі: Қарабаева Индира Айбарқызы
«Жүрісті реттеу нысандары»
8-сынып
2014-2015 оқу жылы
Слайд 2А.Г.АМБРУМОВА
Өзін - өзі өлтіру –
шынайы суицид,
өзін-өзі өлтіруге әрекет –
аяқталмаған суицид.
Слайд 3Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өмірде қолданып жүрген қоғамдағы жүрісті реттеу нысандары
жайында білім беру, және оларды бір-бірінен ажырата алуға дағдыландыру, жасөспірімнің бойына көше мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды мектеп табалдырығынан-ақ көпшілік ортаға бейімдеу, жол қағидаларын сақтауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін мұқият сақтауға тәрбиелеу, қоғамдық қозғалысқа бейімдеу.
Слайд 4І. Ұйымдастыру
Ғылымда өз-өзіне қол жұмсауды «суицид» деп атайды екен. Кеңестік дәуір
кезінде «жанкештілерді» жүйке ауруына шалдыққандар деп есептеген. Осындай тосын оқиға үстінде аман қалғандарды емдетуге жіберіп отырған.
Халқымызда өлуге әрекет етушілердің үстінен шығып қалғандай жағдай болса, әлгі адамның көзінше бір малды дар ағашына асып қоятын дәстүр болған. Сонда ғана ол өз-өзіне келіп, райынан қайтатын көрінеді. Мұндай жағдайға ұшырағандардың отбасыларының қаза болғандар жөнінде айтқан пікірлері ұқсас келеді. Олар өздерінің жаман түс көргендерін сырлас досына немесе жақын туысына айтады екен. Өзіне қол жұмсайтын күн жақындаған сайын оның бойында өзгеше бір өзгеріс байқала бастайтын көрінеді. Бірақ ол адамның осындай ерекше қылығына мән бермей, кейін бармақ тістеп қалып жатқан отбасылар қаншама...
Слайд 5Өткен ғасырдың орта тұсында өз-өзіне қол жұмсау оқыс оқиға болып саналса,
бүгінде адамдардың өмірмен осылай қоштасуы жиілей түскен. Статистикалық мәліметтерге жүгінер болсақ, жер шарында жылына 20 миллион адам өзіне қол жұмсап, оның бір миллионнан астамы осы теріс әрекеттен көз жұмады екен. Мұның сыры неде?
Суицидке апарып соқтыратын негізгі себептердің бірі - депрессиялық жағдай. Ондай жағдайда адам ойлау қабілетін жоғалтып, эмоцияға берілгіш келеді. Сөйтіп соқыр сезім жетегімен қылмысқа барады немесе өзіне қол жұмсайды. Адамды депрессия жағдайына түсіретін көбіне әлеуметтік-психологиялық өмір ырғақтарының бұзылуы, қиын балалық шақ, жақын адамынан айырылу немесе ажырасу. Бұған қоса асқазаны, жүрегі, бауыры ауыратын адамдардың жүйкесі тозып, депрессияға жиі түседі. Бұны эндогендік депрессиялық факторларға жатқызуға болады.
Слайд 6Эндогендік факторларға сондай-ақ стресс және басынан ауыр жарақат алған жандарды да
атауға болады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша төрткүл әлемдегі 450 миллионнан астам адам психикасының бұзылуынан зардап шегеді екен. Суицидке шалдыққан жандардың ұрпақтарының 80 пайызы осы атаулы дертке бейім келетін көрінеді. Ал ерлі-зайыптылардың бірі депрессияға ұшыраған болса, оның ұрпағының отыз пайыздайына осы ауруды қайталау қаупі төнеді екен. Адам қайғы-қасіретке саналы түрде баға беріп, өзін ұстағанымен жүректің сезімталдығы қашанда шыңырауға тартпай тұрмайды. Сондықтан сондай сәтте өмірден құтылудың жалғыз жолы өзіне-өзі қол салу деп біледі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы суицидтің алдын алу жұмыстарымен 1949 жылдан бері айналысып келеді. Алайда бұл дерт жыл өткен сайын өсім алмаса, ешқашан төмендеген емес.
Слайд 7Өткен жылғы есеп бойынша елімізде 237 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл
көрсеткіш тек құзырлы органдарда тіркелген ресми мәлімет қана.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін суицид көрсеткіші бойынша үш топқа бөлген екен. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары боп саналады. Ал жиырмаға дейін болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Бұл көрсеткіш бойынша бүгінде бірінші орынды Латвия (96-99 адам) иеленуде. Екінші орындағы Венгрияда 88 адам, үшінші орынға 53 адаммен Қазақстан орналасқан. Құзырлы ұйымның мәліметінше, жылына миллионнан астам адам өз-өзіне қол жұмсайды десек, мамандар бұл қауіпті құбылыстың 2020 жылға қарай 1,5 есеге артуы мүмкін екендігін айтады.
Слайд 8Адамның өлімге бас тігуін австралиялық психолог Зигмунд Фрейд ызақорлық пен агрессияның
салдары десе, америкалық психолог Карл Менниндер жеккөрушілік, тығырықтан шығар жол таппау және сезімнің күштілігімен байланыстырады екен. Ал облыстық психоневрологиялық диспансердің дәрігер-психологы Ләззат Нұрбаева суицид жасайтындардың 75 пайызы дені сау адамдар екендігін, ақыл-есі ауысқандардың үлесі бар болғаны 9 пайызды құрайтындығын айтады.
Өзіне-өзі қол жұмсау тек біздің елімізде ғана емес, қазір бұл құбылыс әлемнің қай түкпірінде болса да кездеседі. Баспасөздің мәліметі бойынша, дүниежүзінде жыл сайын тоғыз жүз мыңға жуық адам өз еркімен өмірмен қош айтысатын көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы елу жылда әлемде өз-өзіне қол салғандар саны бір жарым есе артқанын хабарлады.
Слайд 9Өкінішке қарай, әлем бойынша Қазақстан суицид жөнінен алғашқы орындарда тұр. Адамды
суицидке итермелейтін көп факторлар бар. Бұл салалық - педагогикалық, медициналық немесе әлеуметтік мәселе емес, ол - қоғамның дерті. Қазіргі кезде мүғалімдерді немесе медициналық құрылымдарды кінәлап жатады. Сайып келгенде негізгі себеп - тәрбиеде, отбасында жатыр.
А.Е. ЛИЧКО
Суицидалдық
мінез-құлықтың
үш типі
ШЫНАЙЫ
ЖАСЫРЫН
ДЕМОНСТРАТИВТІ
Слайд 11“Суицид” - латын тілінен алынған, “өзін-өзі өлтіру”,
“өзіне қол салу” деген
мағынаны білдіреді.
Демонстративтік суицид - өлуге деген
ниетпен байланысты емес, қайта өз
проблемасына назар аударту, жан айқай
көмекке шақыру ретінде болады.
“Нағыз суицид” - қашанда жабырқау,
дағдарыстық жағдай не өмірден баз
кешу, күйзелу жатады. Бұған жүйке
ауруымен ауыратындар шалдығады.
“Жасырын суицид” - бұл мінез-құлық
тәуекелге негізделген өмірден
өтуден гөрі, өліммен ойнауға
көбірек ұқсайды. Жастар
арасында көбірек кездеседі.
Слайд 12 Түрлері мен типтері
бойынша суицид
классификациясы
НАРАЗЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕК
КӨМЕККЕ ШАҚЫРУ
ТҰЙЫҚТАЛУ
(тұлға күйзеліске
ұшыраса, одан шығудың бір ғана жолы - өлім деп санау)
ӨЗІН-ӨЗІ ЖАЗАЛАУ
(жасаған кінәсі үшін
өзіне қол жұмсау)
ҚАРСЫЛЫҚ
КӨРСЕТУ
Слайд 13Отбасындағы тәрбие шарттары:ерте әкеден айрылу, ондағы “матриархаттық” стиль, жағдайсыз жанұяда тәрбиелену
Суицидалдық
әрекетке әсер етуші
факторлар
Әлеуметтік ортадағы ауыр моральдық-психологиялық жағдай – отбасында, ұжымда;
Өзіне-өзі қол жұмсау
жағдайлары болған жанұя,
жақын адамдары
Слайд 14Жан дүниесінде болып жатқан күйзелісті мұқият тыңдаңыз;
Бала сезімін, ойына алған істің
орындалуын мұқият бағалаңыз;
Көңіл күйінің, эмоционалдық күйзелісінің қаншалықты тереңдігін бағалаңыз;
Әрбір ренішіне, көңілі толмаған істерінің бәріне мұқият қараңыз;
Қорықпастан сұраңыз “Өз-өзіне қол жұмсағалы жүрген жоқ па?”
Слайд 15ІІІ. Ой сергіту: «таң туралы» тренинг
Мен күнделікті таңды қуанышпен қарсы аламын...
Таң үміт әкеледі. Таң күш береді.
Таң армандар мен үміт әкеледі.
Әрбір таң саған тірі және денің сау екендігін, жаңа күшпен достықта, келісіммен кез-келген істі жақындарыңмен бірге атқара алатындығың туралы хабар әкеледі.
Таң өмірді жаңа күшпен әрі қарай жалғастыру .
Слайд 16
Оқушылардың психолог маманға деген көкейдегі сұрақтары:................?
Слайд 17Тренинг “Өзін-өзі жарнамалау”
Нұсқау: ойынға қатынасушылар өздерінің бойындағы қандай да бір, іскерлік
қасиеттерін айту.
Слайд 18ІV. «Мен өмірді сүйемін!»
«Адам –керуен, өмір -жол» (С. Сейфуллин )
«Адам
–өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеуге міндетті.» (Б. Бұлқышев )
«...меніңше адамның ең үлкен бақыты –күресе білу, қуана білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу.» (В. Н. Терешкова)
«Өмір –тәтті бүгін қолың жеткеде,
Удай ащы ертең тастап кеткенде.» (А. Йүгінеки )
Тек жігерсіз жан ғана алдағы күнге сенбейді.
Өмір қиындығын сенімі күшті адамдар ғана жеңеді. (Зейін Шашкин)
Слайд 19V. Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер».
Бүгінгі іс-шарада менің түсінгенім __________________
Мен үшін белгісіз және
жаңалық болғаны _______________
Мен үшін қиын болғаны_____________________________
Маған түсініксіз болып қалғаны _______________________
Өз іс-тәжірибем үшін алдағы уақытта қолданатыным ____
Бүгінгі іс-шарада мен үшін ең тиімді болғаны _________
Аталған мәселелер бойынша білгім келетіні ____________
«Мен өмірді сүйемін…» тақырыбын өз ойыңмен толықтыр._______________________
Слайд 20VІ. Қорытынды.
Күлдіріп түрып –жылатады өмір,
Көтеріп тұрып,
құлатады өмір.
Үп деген желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.
Алдаса егер өмірің,
Шекпе қайғы шерленбе.
Шат күн алда деп ұғын,
Шарасыз күн келгенде.
Алдан жүрек дәметер,
Ал бүгінің, таныс жұрт.
Бәрі өткінші, бәрі өтер,
Өткеннен соң бәрі ыстық
Слайд 21Расында да, оқушылар біз өмірге келгеніміз үшін қуанып, кездескен қиындықпен қасқая
күресуіміз керек, не істеймін деп басыңды көрге тыққанша, дос-жараныңмен ақылдас, болмаса мамандарға жолыққан дұрыс. Ендеше суицидтен сақ бол жас өрен!
Слайд 22Өзіне-өзі қол жұмсау
шешіміне келген
жасөспірімге тән белгілер
СӨЗДІ
МІНЕЗ-ҚЫЛЫҚТЫ
ЖАҒДАЙЛЫ
Слайд 23КРИЗИСТЕН ШЫҒУ ЖОЛЫНА ПЕССИМИСТІК ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАТЫНАС
(депрессия, қорқыныш,
суицидалдық әрекетке әзірлік)
ПАРАНОЙЯЛДЫЛЫҚ
(нервті-психикалық үрдістердің
ригидтілігі, дайын ойшыл стереотиптерді ұстану, өте бағалы идеялар табу икемділігі)
Суицидалдық
мінез-құлықтың
психологиялық
ерекшеліктері
ЭГОЦЕНТРИЗМ
(тұлға тек өзіндік күйзеліске, уайым-қайғыға назар аударады, басқа мәселелерге қызығушылық танытпайды)
АУТОАГРЕССИЯ
(өзін-өзі орынсыз кінәлау, тұлғаның өзін төмен деңгейде бағалауы, т.б.)
Слайд 24
Альтруистік
қол жұмсау
Аномикалық
қол жұмсау
Эгоистік
қол жұмсау
Фаталистік
қол жұмсау
Өзіне-өзі
қол жұмсаудың
негізгі
4 категориясы
Слайд 25“Суицидалдық
бейімділік”
-
Суицидалдық әрекеттің
кез келген формасының
пайда болу
ықтималдығы,
яғни жалпы суицидалдық
Суицидалдық
тенденциялардың таралу
ықтималдығы, яғни
суицидалдық әрекет
Суицидалдық актілер
рецивидінің ықтималдығы,
яғни суицидтер қайталануы