Презентация, доклад на тему Жасөспірімдердің отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын-алудағы психологиялық қызметтің іс-әрекеті

Бала құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық, ол өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды. Қыркүйек айында барлық оқушылардың әлеуметтік жағдайы

Слайд 1Жасөспірімдердің отбасындағы
тұрмыстық зорлық-зомбылық
және өзіне – өзі қол жұмсаудың
алдын-алудағы психологиялық
қызметтің

іс-әрекеті

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«ШЫҒЫС» аймақтық орталығының ұйымдастыруымен Облыстық онлайн сабақ іс-тәжірибе алмасу 04. 01. 2018жыл.

Жасөспірімдердің отбасындағытұрмыстық зорлық-зомбылық және өзіне – өзі қол жұмсаудыңалдын-алудағы психологиялық қызметтің іс-әрекетіШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «ШЫҒЫС»

Слайд 2 Бала құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық, ол

өз бойына әдетте жеке адамның заң мойындаған және мемлекет қорғайтын еркіндігі мен құқығын жинақтайды.
Қыркүйек айында барлық оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерттеліп әр сыныптың әлеуметтік паспорты жасалады. Зерттеу қортындысы бойынша қай оқушымен қандай жұмыс жүргізілуі керек екені айқындалып шыға келеді.Осы орайда мектептегі әлеуметтік –психологиялық қызметтің маңызы зор.

Жұмыстың негізгі бағыттары.
Жасөспірімдер мен балалардың өмір сапасын жақсарту,
Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін жоғарлату
Өз құзырлығы шеңбері бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсету
«Ерекше назардағы» оқушылармен жеке жұмыс
Кәмелет жасына толмаған оқушыларды тәрбиелеу, оларға кері әсерін тигізетін жат қылықтардың алдын алу
Жетім балалар, мүгедек балаларға қамқорлық
Диагностикалық, түзету жұмыстары
Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, таным процестерінің дамуын зерттеу
Баланың жанұядағы әлеуметтік жағдайын анықтау
 
Бала құқығы – аса маңызды демократиялық құндылық, ол өз бойына әдетте жеке адамның заң

Слайд 3Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (Ата-аналарға өз балаларына айтып

жүру үшін жаднама) -Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. -Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау. -Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. -Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; -Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; -Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.  

Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары
Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ іс, ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезімізден бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп білетін ата-аналар жиналысы.
«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс – шаралар жоспары жасақталып, түрлі іс – шаралар өтеді.
Жоспар бойынша оқушылар мен ата-аналарға сауалнама жүргізу. Мақсаты ата-аналарға балаға жыныстық тәрбие беруде өз рөлін сезінуге көмектесу, оқушыларды жағымсыз әрекеттен сақтандыру.
Сауалнамаға 9-16 жас аралығындағы 4-11 сынып оқушылары қатысты. Сауалнама бойынша ешқайсысына мектептегі құрдастарымен, мұғалімдерімен, үй жағдайында зорлық жасалмағаны анықталды.

Зорлықтың түрлері:

-Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
-Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
-Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
-Балаларды анасына қарсы қолдану - әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? (Ата-аналарға өз балаларына айтып жүру үшін жаднама) -Көшеде түнгі беймезгіл

Слайд 4 Суицид (лат.тілінен sui – өзін + caedere –

өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті.
Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатігездігі.
Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ, өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.

Мамандар суицид оқиғасының жиiлеуiне әртүрлi себептердi алға тартады. Соның ішінде әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар негізгі факторлар. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін кәдімгі жағдайлар ғана.

Суицид (лат.тілінен sui – өзін + caedere – өлтіру) — өзін-өзіне қол жұмсауға икемді

Слайд 5Балалардың өзіне-өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі
мәселелерге байланысты болады:

Баланың достары

болмаса;
Ешкіммен араласпаса;
Ата-анасымен сырласпаса;
Ешкімге сенбесе;
Ешнәрсе қызықтырмаса;
Қымбат адамын жоғалтса;
Біреуге ренішін ұзақ уақыт  уайымдаса;
Сүйген адамы қарамаса;
Ата-аналары ажырасып, олардың махабатын жоғалттым деп ойласа;
Ата-аналарының өмірден өткенін қайғырса;
Басқа адамдар  қорлап, кемітіп тілін тигізсе;
Өзінікін дұрыс деп кешірім сұрағысы келмей жазалаудан қашқанда;
Ұзақ уақыт бопсалауға кездескенде;
Жолдасына, кітаптағы немесе кинодағы кейіпкерлерге еліктегенде.
Жасөспірім қыздар жүктеліп қалып ұяттан қашып сондай іс әрекетке баруы мүмкін;
Балалардың өзіне-өзі қол салуға бейімділігі мына төмендегі мәселелерге байланысты болады:Баланың достары болмаса;Ешкіммен араласпаса;Ата-анасымен сырласпаса;Ешкімге сенбесе;Ешнәрсе қызықтырмаса;Қымбат адамын

Слайд 6 Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара

білмеген адамның баласы опық жейтін оқиғаға баруы даусыз. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе,  баланың өмірге деген  сенімі күшейеді. Ал ата-аналарымен араласпай өз бетімен проблемаларын шеше алмаған бала депрессияға түседі. Депрессия кезінде жасөспірімдер көп сөйлемейді, қобалжушылық көрсетіп көңіл-күйі, ұйқысы бұзылып, тез шаршап сабақты жиі босатады, кейбіреулері шылым шегіп, ішімдік ішуді бастайды, ауырғанды жақсы көріп, үнемі бір ауруларды ойлап тауып, ата-аналарын тыңдамай  агрессивті мінез-құлық көрсетуі мүмкін.

Осы кезеңде:
ата-аналар қабылдаушы және қамқоршы болу керек;
адамда қайғылы жағдайлардың болатынын түсіндіру;
қайғылы жағдайды қажеттілігіне байланысты жиірек талқылап отыру;
психологиялық қолдау жүйесі жөнінде ақпарат беру;
маңыздылығы аз детальдарға да зейін аудару;
шығу жолдарына байланысты ақыл айту;
жағымды эмоцияларды көрсету (жасанды түрде шығаруға болады)

Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адамның баласы опық жейтін оқиғаға

Слайд 7«Бекітемін»
Мектеп директоры
_______Р.А.Мухтарханова

Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу жоспары
2017-2018 оқу жылы

«Бекітемін»Мектеп директоры_______Р.А.Мухтарханова

Слайд 8Суицидтің алдын алуға әрекет ету алгоритмі

Сынып жетекші:
Сабақ барысында оқушының психологиялық, эмоционалдық

көңіл-күйіне мән беру;
Күнделікті сабақта оқушының денесінде сызба, белгілердің болмауын қадағалау;
Оқушының көңіл-күйіне және әрекетіне байланысты жеке әңгімелесу;
Оқушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеру ;
5. Оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізу;
6. Әлеуметтік желіден оқушының жас ерекшелігіне және оқу-білім бойынша ғана группаларда болуы, одан басқа группада болмауы туралы ата-анасына ескерту.
7. Ата-ананың үйден бақылау жасауын қадағалау.
8. Педагогикалық этиканы сақтау.
9. Өмірге деген қызығушылығын арттыруға сыныптастары мен сынып жетекшісі тарапынан қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
10. Оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін үнемі назарда ұстау.
Суицидтің алдын алуға әрекет ету алгоритміСынып жетекші:Сабақ барысында оқушының психологиялық, эмоционалдық көңіл-күйіне мән беру;Күнделікті сабақта оқушының денесінде

Слайд 9Сынып жетекші:
Суицид жасалған жағдайда әрекет ету алгоритмі (суицидке әрекеттену)
1. Алғашқы медициналық

көмек көрсету.
2. Болған оқиға туралы мектеп әкімшілігіне, ата-анасына хабарлау.
3. Мектепішілік тергеу жүргізу, болған жағдайды анықтау.
4. Суицидке әрекеттенген (аяқталған суицид) жасөспіім туралы мәліметті бір күн ішінде мектеп педагог-психологіне тапсыру. (1,2,3,4 үлгі бойынша)
5. Екі күннің ішінде білім беру бөліміне тапсырылатын құжаттар топтамасының көшірмесін дайындау:
1) суицидке әрекеттену (аяқталған суицид) жағдайы бойынша түсіндірме актілер
2) отбасына мінездеме (толық, кең түрдегі), отбасы мен сынып жетекшісі жұмысының сипаты
3) баспана-тұрмыстық жағдайы жөніндегі акт
4) оқушыларға мінездеме
5) сыныппен тәрбие жұмысының нәтижелері бойынша дәйектеме (нақты іс-шараны көрсету, өткізу мерзімі, жоспарлар мен хаттамалардың көшірмесін салу)
6) Құжаттардың көшірмесі:
- соңғы үш жылдағы табельдер;
6. атқарылған жұмыс нәтижелерінің талдауы, жағымды және жағымсыз кезеңдерді анықтау, жұмыс тиімділіктерін арттыру үшін түзетулер енгізу.
Нәтижелерін көрсете отырып тоқсандық есепке міндетті жеке бағыт енгізу.
Егерде әрекеттену оқу орнында болмаған жағдайда, бірақ сіз болған оқиғаны білсеңіз онда ұсынылған алгоритмнен бірінші екі пункт алынады. Жұмыс ары қарай жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша жүргізіледі.
Барлық жұмыс мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметімен жүргізіледі.
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау қажеттігі туралы ұмытпаңыз, жасөспірімдер суицидінің ерекшелігі «жұқпалы» механизм болып табылады.
Сынып жетекші:Суицид жасалған жағдайда әрекет ету алгоритмі (суицидке әрекеттену)1. Алғашқы медициналық көмек көрсету.2. Болған оқиға туралы мектеп

Слайд 10Мектеп психологі, мектеп әкімшілігі:
7. соңғы жылға сынып жетекші мен психологиялық қызмет

жұмысының нәтижелері бойынша дәйектеме (нақты іс-шараны көрсету, өткізу мерзімі, зерттеу материалдарының көшірмесін салу)
Екі күннің ішінде білім беру бөліміне тапсырылатын құжаттар топтамасының көшірмесін дайындау:
Ақпараттардың құпиялылығын сақтау қажеттігі туралы ұмытпаңыз, жасөспірімдер суицидінің ерекшелігі «жұқпалы» механизм болып табылады.

Мектеп инспекторы:
- ПНД, ПМПК, кәмлетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің анықтамалары және т.с.с.;
- осы балалармен жұмыс көрсетілген тәрбие жұмысының жоспары;
- басқа да дәлелдейтін құжаттар.

Ата-ана;
8. дәрігер-психиатрдан, болған жағдай мәселесі бойынша заңгерлік кеңес алу.
Мектеп психологі, мектеп әкімшілігі:7. соңғы жылға сынып жетекші мен психологиялық қызмет жұмысының нәтижелері бойынша дәйектеме (нақты іс-шараны

Слайд 11Назарларыңызға
рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть