Слайд 1Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Дүкен негізгі мектбі
Төлегенова Лиза Жеткергенқызы
Слайд 2
Сабақтың тақырыбы:
«Тәртіпке бас иген құл болмайды...»
Слайд 3Мақсаты:
заңды әркім білуге міндетті екендігін, сонымен қатар өз құқығын
қорғай білуге, өз санасында құқықтық саланы қалыптастыруға тәрбиелеу. Оқушының саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Өз іс-әрекетіне жауап беретіндей ой-өрісін кеңейту. Оларға құқықтық тәрбие
бере отырып, рухани мықтылыққа, саналы ойлауға, адамгершілікке баулу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, заңға байланысты газеттер, сызбалар.
Сабақтың түрі: жарыс-ойын
Сабақтың барысы:
I.Таныстыру. Екі топ 4 оқушыдан өз топтарын құрады, өз атымен, ұранымен таныстырады.
II.Тікелей сұрақ (екі командаға)
Слайд 4
1-командаға сұрақ.
1.Құқық дегеніміз не?
(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2.Құқықтың қындай түрлері бар?
(Жеке, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т.б)
3.Адам құқығы қай кезден пайда болады? (Туылғаннан)
4.Адамдардың құқығы мен бостандығы туралы айтып бер.
(Өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау, білім алуға, еңбек етуге құқылы, кәсіпкерлік, демалыс құқығы, тұрғын үй алу құқығы, шығармашылық құқығы т.б)
5.Азаматтардың негізгі міндеттері қандай?
(Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, орта білім алуға, ҚР-сын қорғауға, әскери қызмет атқаруға, тарихи және мәдени ескерткішт
Ерді қорғауға, табиғат байлығын сақтауға, ҚР Конститутциясы мен Заңдарын сақтауға т.б)
Слайд 5
2-командаға сұрақ.
1.Заң дегеніміз не, қандай заңдарды білесің
(Қоғамдық қатынастарды реттейтін, ең жоғарға заңдық күші бар
нормативтік-құқықтық акт.Еңбек заңы, Бала құқығы туралы заң және т.б)
2.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?
(Президент қол қойғаннан кейін)
3. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады?
(5 тарау)
4.ҚР Конститутциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады?
(9 бөлім, 98 бап)
5.ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?
(Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
Слайд 6 Ой талқы
термин сөздерге жауап беріп
алма жинау
Слайд 7
1.Бала-(18 жасқа (кәмелетке) толмаған адам)
2.Қорғаншылық-(14 жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесін
қорғаудың құқықтық нысаны)
3.Қамқоршылық-(14-18 жасқа дейінгі балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудың құқытық нысаны)
4.Патронат-(Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі)
5.Кодекс-(Нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық рәсімдерді біріктіріп, жүйелендіретін заңдар жинағы)
6.Сот-(сот төрелігін(әділ сотты) жүзеге асырушы орган)
7.Адвокат-(халыққа заң көмегін көрсететін тұлға)
8.Тонау-(бөтен адамның мүлкін ашық тартып алу)
9.Ұрлық-(жасырын түрде бөтеннің мүлкін ұрлау)
10.Әкімшілік жаза-(әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жауапгершілік шарасы)
Слайд 8Адасқан әріптерді орналастыр ойыны
Слайд 9ЕКОНЮС
БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы.
Аткрденямо
Халық еркі немесе билігі.
Уатра
Айырбас үшін
арнайы өндірілетін өнім.
Ентезприде
Мемлекет басшысы.
Өттөлжұқ
Азаматтық куәландыратын құжат.
Рпаелмант
Заң шығарушы орган.
Аңз
Қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтик- құқытық акт.
Мықылс
Қоғамға қауіпті іс-әрекет.
Ләмтмеке
Ерекше саяси ұйым.
Атшр
Екі немесе одан да көп тараптардың жасасқан келісімі.
Слайд 10«Ой жалғау кезеңі" ойыны (Сөздің жалғасын табу)
Слайд 11 1.Заңның құрығы-.....(бәрінен ұзын)
2.Өш алғаннан гөрі-..(кешірген жөн)
3.Тура биде..-(туған жоқ)
4.Ақырын жүріп...-(анық бас)
5.Асыл тастан,--(өнер жастан)
6.Ұрлық түбі-..(қорлық)
7.Жазасын тартпайтын....(жамандық болмайды)
8.Әдепті бала-..(арлы бала)
Әдепсіз бала-..(сорлы бала)
9.Тәрбие...-(отбасынан басталады)
10.Әділ істің...-(арты игі)
Слайд 12“Ой елегінен өткіз”
Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң сызып таста.
Слайд 14
Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз
сыныптастарына кедергі жасауға.
Слайд 16
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп
тәртібін сақтауға, үй тұрғызуға.
Слайд 17
Шытырманды шешу (ситуациялар)
Бұл бөлімде әр түрлі оқиғалар айтылады. Осы
болған оқиғаның ішіндегі қылмыс түрін табу және ол кімге қарсы бағытталған?
Слайд 18Әскери авиация оқу орнының студенті 5-курста оқып жүрген кезде АҚШ-тан келген
танысына оқуы жайында, яғни авиация құпиялары туралы әңгімеледі.
(Мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған)
С.деген адам басқа жердегі туысқанының үйінде сеніміне кіріп, біраз уақыт өткен соң үйіне ақша алып кетіп, өз пәтерін жөндеуге жұмсады.
(Алаяқтық жеке адамға қарсы бағытталған)
Слайд 19
Әскери азамат, өзіне әлімжеттік жасалған соң, қолына
қару алып, басқа жаққа кетіп қалған.
(Әскери қылмыс, өз міндетін орындаудан бас тарту)
Жолда Маи қызметкерлері тұр. Жүргізушілерді тоқтатып, 200т ақша ұстап отырған.
(Қызмет бабын пайдалану арқылы жемқорлықпен айналысу)
Слайд 20
Автобусқа ауыр сөмкесімен қарт адам отырды.Жанында отырған жас жігіт сөмкеден әмиянды
алып, келесі аялдамадан түсіп қалды.
(Ұрлық, жеке адамға қарсы)
Жексенбі күні жастар демалуға тауға барды.
Сауық-сайран жасайды. Сөндірілмеген темекінің тұқылынан үлкен өрт болып, тау өртенеді.
(Қоғамның қауіпсіздігіне қарсы)
Слайд 21Бір топ оқушы қарсы кездескен оқушыны таяққа жықты. Ол қатты жарақаттанып,
ауруханаға түсті.
(Бұзақылық, жеке адамға қарсы)
Түнгі сағат 12-де көп қабатты үйдің бір бөлмесінде жиын болып жатыр. Дабырлап сөйлеу, өлең айту, қатты музыка дауысы құлақты жарады. Көршілер бірнеше рет ескерту жасады.қалай баға бересіңдер?
(Қоғамдық тәртіпке, қоғамның қауіпсіздігіне қарсы іс-әрекет)
Слайд 23 -Балалар, бүгінгі сайысымызда осы құқық пәнінен алған білімдерімізді жинақтап,
ортаға салдық.
Бұл білім бізге келешекте, өмірде де қажет болады, себебі біз ҚР құқықтық мемлекетпіз. Осындай демократялы, құқықтық мемлекетте әрбір адамның құқықтық білімі болуы керек.
Ендеше, балалар, «Жеңіс бар жерде жеңіліс бар»- демекші, сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Әділқазылар шешімі.
Слайд 24Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!