Слайд 2 Біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. ....
Есірткі өте ерекше
және түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында оның «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр.
Н.Ә.Назарбаев.
«Қазақстан-2030» стратегиясы. (1997ж.)
Слайд 3
Құрастырушы:
М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп
Жобаның тақырыбы:
«Есірткісіз болашақ»
Слайд 4Есірткісіз болашақ!
Нашақорлықпен
күрес
Оқушылар
зерттеуі
Оқушылардың, мұғалімдердің, ата – аналардың тілектері
Нашақорлық дегеніміз не?
Адамзатқа
зияны
Тренингтер
Күтілетін нәтиже
Слайд 6Мақсаты:
Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға
деген теріс қөзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
кері
Слайд 7Міндеті:
Бұл жоба – жас жеткіншектер және жасөспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері
әсер ететін құралдарды теріс пайдаланудың бастапқы алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға ой қозғау.
кері
Слайд 8Ойға жүгінсек....
Қазақстандағы есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жастар мен жасөспірімдер құрап отырғандығы
өкінішті жағдай. Жалпы деректерге көз жүгіртер болсақ, еліміздегі осы дертке шалдыққандардың 51,3 пайызын 20-29; 27,8 пайызын 30-39; 9,7 пайызын 40-49; 8,1 пайызын 15-19 жас аралығындағылар құрап отыр. Ал жыныстық тұрғыдан мөлшерлер болсақ осы атылған 6616 нашақордың 76 пайызы ерлер болса, қалған 24 пайызы әйелдер екен. Ең өкініштісі бұл цифрлар күн санап өсуде. Әйелдің нашақор болуы болашақ үшін өте қауіпті жағдай. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа әуестіктің 0,3 пайызы бала іште жатқанда анасынын қана арқылы есірткі нәрін бойына сіңіріп үлгерген себепті болып отыр. Яғни, бала дүние есігін ашқанда оның бойында есірткіге деген аз да болса құмарлық белгілері байқалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл құмарлық бала жасы 6-7 толғанда барынша күшейе түсіп, оның организмінде есірткіге деген сұраныс күнделікті тағамға деген сұраныс тан 4-5 есеге жоғары болатын көрінеді. Осыған байланысты дана халқымыз «Бала біздің болашағымыз» деп, баланы ұрпағының, тұтас елінің дамуының жалғасы деп біледі.
Слайд 9 Жалпы еліміздегі есірткі пайдаланушылар санының күн санап көбеюінің негізгі себебі Қазақстанның
көрші елдердің есірткі тасымалдауына «есік» рөлін атқарып отырғандығы. Нақты ресми мәліметтер бойынша еліміз арқылы Ауғанстан, Ресей, Қытай секілді елдерге тасымалданатын есірткінің 30 пайызға жуығы Қазақстанда қалып отырады.
Есірткінің қоғам үшін әкелер зардаптарының ең негізгі бір түрі еліміздегі түрлі үлкенді-кішілі қылмыстарға себепкер болуы. Біздегі мәліметтер бойынша Қазақстандағы соңғы кездерде пайда болған қылмыстық деректердің 33,4 пайызы осы есірткі пайдаланушылар қолымен жасалған. Оның ішінде 0,6 пайызы адам өлтіру фактісімен тіркелген.
Мамандардың айтуынша жазаның бұл түрі көршілес Қытай, Тайланд секілді елдермен салыстарғанда тым жеңіл болып көрінеді. Бір ғана мысал, жоғарыдағы айтылған Қытай елінде соңғы кездері есірткі саудасымен айналысушыларға өлім жазасы немесе өмір бойы темір қапаста отыру жазасы қолданыла бастады.
Слайд 10 Ғасыр дертіне айналған есірткі заттарын қолданудан жалпы ұлтты, соның ішінде балаларды
аулақ ұстау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да еншісіндегі жауапты іс деп санауға болады. Себебі жарқын болашағымызды денсаулығы нашар нашақорлар емес, дені сау, жан-жақты дамыған азаматтар тұрғызуы қажет.
Жалпы Қазақстан үшін есірткі мәселесі кезек күттірмес негізгі проблемаларға айналып отырғанын бәріміз де жақсы білеміз. Бұл таңда атылмыш мәселе ұлттық генефонымызға төнген үлкен қауіп деп айтуға әбден болатын сияқты. Бұл қауіптен құтылудың негізгі жолдары еліміздегі есірткіге қарсы күресті табанды түрде жолға жоюмен бірге мектеп бағдарламасына есірткінің зияны мен залалын терең түсіндіретін факультативтік пәндер енгізу қажет.
Слайд 11 Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан –
ақ қолданылған. Бұны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп, ауырғандары ауруларын сезбей, бей – жай көңілді күй кешеді.
Кокаин есірткесін алғашқы рет Неміс ғалымы Альберт Ниман ойлап тапқан.
Есірткі жасайтын шөптесін өсімдіктердің түрлері: қарасора, мак, кока (Латын Америкада өсетін шөп)
Мусалы, қарасорадан: гашиш, марихуана, «план» нашасы, кокаин мен мактан: морфий, апиын, героин, лаудаум, марихуана.
Осылардың ішінде ең улысы – гашиш, уының мөлшері 30-40%.
Есірткіні түріне қарай қолданатын адамдардың атаулары:
Иіскейтіндер: токсикоман, нюхачи.
Гашиш шегетіндер: нашақорлар.
Теистер, чефиристер: өте ащы етіп ішетіндер.
Морфистер: денесіне, тамырына ине шаншып егеді.
Слайд 13Тақырыбы: «Жанғақтар»
Мақсаты: әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым қатынасын
жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу.
Мазмұны: Жетекші әрқайсысына пакеттен бір-бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет (оған белгі салуға болмайды)
Бір минуттан кейін барлық жаңғақтар пакетке қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып, шеңбердің ортасына төгеді және әрқайсысына өз жаңғақтарын тауып алуды сұрайды.
Талқылау: - қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленеді?
«Жаңғақтар» жаттығуына әдістемелік ұсынымдама.
Жаттығуды орындағаннан кейін грек жаңғағы мен адамдар арасында олардың ұқсастығына тексеру жүргізуге болады. Ол да, басқалар да үйіндіде (қалың топта) алғаш қарағанда бірдей,ал ерекшеліктерін көру үшін уақыт жұмсап, араласып қарау керек.
Жаңғақтың құндылығы оның ішінде орналасумен байқалады.Жаңғақ өте әдемі болуы мүмкін, бірақ іші мүлдем бос болуы мүмкін немесе толық болуы мүмкін. Сондай жағдай адамдарда да болады, сондықтан адам туралы қандай да бір ішкі ерекшеліктер бойынша кінә тағуға немесе шешім шығаруға асығуға болмайды.
Жаңғақтың қабығы өте қатты және ол оған ішкі қабатын қозғау үшін қажет. Көптеген адамдар да көбіне өзін қауіпсіз сезіну үшін қабықтың астына тығылады,және басқаларға тез ашылмайды.Қарым-қатынас жасау данышпанына осыны есте сақтаған жөн.
Слайд 14 “Қыл көпір”
Мақсаты: балаға қандай да бір қиын жағдайда қол ұшын
беру, көмектесу.
Мазмұны: Жерге ақ парақ қағаздар төселіп, тренингке қатысушылар бірінің артынан бірі ұстап қыл көпірдің үстінен өту керек (үзілмей өту керек), егер тізбек үзіліп кетсе бір-бірінен қол үзіп қалды деген сөз. Бұл жерде балаға қандай да бір қиын жағдайда қол ұшымызды үзбей беруіміз керектігі білдіріледіе.Тек ешқандай ешкімнен үміт жоқ екенін сезінгенде ғана бала құқық бұзушылық пен жаман жолға түседі, өйткені баланың сыртқы жан дүниесінен гөрі ішкі жан дүниесі өте нәзік келеді.
Сондықтан ол жеңіл жолға біреудің ықпалымен, ия болмаса өзі осылай болады ғой деп шешіп, сезінгеннің арқасында құқық бұзушылыққа барады.
Слайд 15Ассоциация (жаттығу)
Мақсаты: өз-өзіңді басқара, меңгере білу, өз мінезіңе баға бере білу.
Мазмұны:
Қатысушылар дөңгелене отырады, ұйымдастырушының қолында доп.
Мысалы: конфликт - келіспей қалу, сезімнің өзгеруі
Соны зерттеп көрейік, адамның ішкі сезімінде қалай болады. Доп ұстаған адам сол конфликт туралы айту керек. Ішкі ойыңыз не туралы айт деп тұр.
Егер келіспеушілік – әнде болса - ол қандай қатты.
Егер келіспеушілік ауада болса - ол қандай суық.
Егер келіспеушілік аңда болса - жолбарыс
Егер келіспеушілік адамда болса - ашушаң
Осыдан кейін көзді жауып тұрып көз алдымызға елестетейік, ішкі сезімді тыңдап, соны істеу керек.
Не үшін бұл жаттығуды істедік. Өз мінезіңді басқара білу үшін және өз мінезіңді терең білу үшін.
Слайд 16Жұдырықты ашу
Мақсаты: баламен көбірек қарым-қатынаста болу, көңіл бөлу, жағдайын
түсіну, егер қателік жасаса жазалауға асықпай, сенімділік көрсету.
Мазмұны: Екі адам қарама-қарсы отырып біреуі жұдырығын түйіп отырады, ал екіншісі жұдырығын ашу керек.
Егер жұдырықты қарсы отырған адам күшпен ашса ол дұрыс емес, ал егер жай ғана аш дегенде аша салса, онда бірін-бірі түсінген болып саналады.
Бұл-психологтың түсіндіруі бойынша егер жұдырықты күшпен ашсаңыз оның жағдайын түсінбей, күш жұсағаныңыз, Өзіңізге көбірек сенім көрсетіп, құқық бүзушылыққа итермеледіңіз. Сондықтан да баланы күштемей-ақ өзіңізге сенімділік білдіртіп, түсіндіріп айтып, қандай қателік жасаса да жазалауға асықпай, көбірек қарым-қатынаста болып, түсінуге тырысу керек.
Слайд 17 Тұңғыш (жаттығу)
Мақсаты: эмоционалды жаттығу, топтық жұмысқа орнықтыру.
Жүргізуші қандай да
санды қатты дауыспен айтады (мысалы «үш»). Бір мезгілде қандай сан айтылды сонша бала орнынан тұру қажет. Бір-бірімен келісуге болмайды.
Хулиган (жаттығу)
Мақсаты: ұйымдастырушыны табу.
Мазмұны: Тренинге қатысушылар дөңгелектене тұра қалады.
Бір адамды сыртқа шығарып жібереміз. Бір адамды таңдап қозғалыстың ұйымдастырушысы жасаймыз. Жаңағы ұйымдастырушымыз іс-қимыл жасайды (кіріп келе жатқан адамға білдіртпей), біздер сол жасаған қимылды қайталаймыз .Кірген адам түсіну керек және ұйымдастырушыны табу керек.
Слайд 21Күтілетін нәтиже
БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конституциясына сай, еліміздің балалар бұқарасын құқықтық
біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, алкогольді ішімдіктерді, темекі мен нашақорлықтан аластату мақсатында балалардың қоғамын құру.
Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, ішімдікке салынушылық және темекі шегуді алдын-алу мақсатында мұғалімдер мен ата-аналар үшін «Егер үйге бақытсыздық келсе не істеу керек?» атты құралын жасау
Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, ішімділік, темекі шегушілікті ескерту жөніндегі жасалған алдын-алу жұмыстарын мониторингін өткізу