Слайд 2Абай жайлы айттым сөз...
Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық,
Абайдан
ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.
Н.Ә.Назарбаев
Абай жайлы айттым сөз...
Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық,
Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.
Н.Ә.Назарбаев
Слайд 3
Сабақтың тақырыбы:
Абайдың
қара сөздері
Слайд 4
Сабақтың мақсаты:
1.Абай шығармашылығы мен қара сөздерін оқып, талдау жасату,ақынның қарассөз жазудағы
мақсатын түсіндіру, оқушылардың ойын, білімдерін кеңейту. Қара сөз туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өзіндік дербес ізденуге жетелеу,білімді өз бетімен шығармашылық деңгейге жеткізуге көмек беру, өзіндік пікір айтуға,баға беруге икемдеу.
3.Абай шығармашылығындағы тағылымдық тәрбиеден үлгі алуға, оны өмірде қолдана білуге баулу.Ұлы ғұламаның қара сөздері арқылы оқушыны өзін – өзі тәрбиелеуге, адалдыққа, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болуына түрткі жасау.
Слайд 6...Бір кезде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тасты жарып, әлсіз
шынар шешек атып, жас шынар пайда болған...
М.Әуезов. “Абай жолы”
Слайд 7
Абай – қазақтың бас
ақыны.
А. Байтұрсынов
Абай өз заманының тарихилық, кертартпалық бөгеттерінің бәрінен аттап өтіп, елі, жұртын дүниежүзілік мәдениетке жеткізем деушілердің ең алдыңғысы болды.
М. Әуезов
Слайд 8
Ол өз кезіндегі қоғам өміріне
сын көзбен қарап, барлық қайшылықтарын көре білді.Елдің әлеуметтік жайына, тұрмысына, ой-арманына, мұң-мұқтаждарына үңілді. Ел берекесін алып, дау-жанжалды қоздырып, бүліктен пайда тауып жүрген қулардың, зұлымдардың бетін ашты.
Х. Сүйіншіәлиев
... Халқымыздың ұлтжанды азамат ақыны халық жайын ойлағанда, біресе ызамен толқыса, бір кезде сол халық үшін мұңға батады. 1886 жылы жазылған “Қалың елім қазағым...” өлеңінде ақын сол кездегі тарихи трагедияны айта отырып, халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды.
М. Әуезов
Слайд 9 “Жүрегінің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны
да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз
жерде өстім,
Мыңмен жалғыз
алыстым,
кінә қойма!...
Слайд 13АБАЙ
Ғажайып суреткер
сыншы
аудармашы
сазгер
дана
Көсемсөз зергері
Табиғат жыршысы
Қазақ поэзиясының асқар биігі
Ұлт мақтанышы
Слайд 14…Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны
ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ…
/Бірінші сөз /
Слайд 15
Іздендіру бағытындағы тапсырмалар
1.Қалай ойлайсыңдар, ақынның
қара сөз жазудағы мақсаты не?
2.Ақынды қара сөз жазуға қандай жағдайлар итермеледі?
Слайд 17Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының
кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
/Төртінші сөз /
Слайд 18Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып,
я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады
/Бесінші сөз/
Слайд 19Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сыртың - пысық, ішің - нас,
Артын
ойлап ұялмас, -
/Алтыншы сөз/
Слайд 20Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
/Он тоғызыншы сөз/
Слайд 21...Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар
кісіге ғибадат парыз деген екен. Және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек...
/Жиырма сегізінші сөз /
Слайд 22...Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек:
әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
/Отыз сегізінші сөз /
Слайд 23
Ақынның қара сөздері мен өлеңдерін
салыстыру жұмысы
Слайд 24
Іздендіру ,зерттеу бағытындағы тапсырмалар
Ақын қара
сөздеріндегі афоризмдерді, өсиет сөздерді теру
Слайд 25Абай даналығы
Пайда ойлама ар ойла,
талап қыл артық білуге.
Достық, қастық, бар
қызық – жүрек ісі. Ар-ұяттың бір ақыл– күзетшісі.
Адамның адамшылығы. – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады.
Еріншектік– күллі дүниенің дұшпаны.
Слайд 26Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ
бол.
* * *
Жаман дос - көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
* * *
Егер ісім өнсін десең, ретін тап
/Отыз жетінші сөз /
Слайд 27...Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол
- көп жиғаны бар адам: сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл харекетке түсінген адамды ақылды дейміз...
/ Қырық үшінші сөз /
Слайд 28Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ,
кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
/ Қырық бесінші сөз /
Слайд 29Толық адам бейнесі
Білім
Ақыл
Қайрат
Еңбек
Талап
Қанағат
Рақым
Достық
Қарапайымдылық
Слайд 30Жоба қорғау
Абай және Мен (жоба)
“Адастырмас қазығым”
(өсиет-хат)
“Дүниеге кірпіш болып қалансам...”
(сыр
толғау)
Абайдың қара сөздерінің тәлім –тәрбиелік сипаты ( ойтолғау)
Слайд 31Бағалау парағы
Рефлекция (түйін):
“Абайдың қара сөздерінің маңызы неде?”
Үйге тапсырма: Жобаны аяқтау.
Слайд 33 ...Ал Абай бой түземей, ой түзеймін дейтін
адам үшін адамдық қасиеттің бірден –бір белгісі- ойланудың, ой өсірудің құралы!
Абай “сөз сарасын ” қадірлеген ұлттық және сол ұлттың өкілі екендігін мақтан тұтқысы келетін азаматтардың рухани бойтұмары...
Абайға табынбаған адам- ақылға
табынбайтын адам!
Ғабит Мүсірепов