Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.
Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть