Слайд 1Батыс Қазақстан “АТиСО” академиялық колледжі
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы:
“Қазіргі жастардың құндылықтық бағдарларының
қалыптасуын әлеуметтік талдау”
Дайындағандар:
Құлахметова Рысгүл, Ғалымжанова Назекен, Урынгалиева Гүлназ
Жетекші: педагог- психолог Шналиева Майя Урынгалиевна
Слайд 2Зерттеу жұмысын жүргізгендер:
Ғалымжанова
Қолахметова Урынгалиева
Назекен Рысгул Гулназ
Ұранымыз: «Үлкен иманды болса
Кіші ибалы болады»
Слайд 3
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- жастардың құндылық бағдар жүйесін анықтап зерттеу;
- осы жұмыс
арқылы жастардың отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру;
- «ұрпақтың сабақтастығын» жаңғырту және арттыру.
Слайд 4Жастар- өзіне тән өмір салты, өзіндік мінез -құлқы стилі, белгілі бір
мәдени нормалары мен құндылықтары бар топ. «Әлеуметтену кезеңін бастан кешіріп отырған, білім алу, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеретін, ал анағұрлым ересектеу жаста осыларды меңгеріп үлгерген адамдардың буыны, нақты тарихи жағдайларға байланысты жастардың жас өлшемдері 16-дан 30 жасқа дейін ауытқулары мүмкін, - деп атап көрсетті көрнекті әлеуметтанушы ғалым Лисаковский В.Т.
Құндылық- объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық -социологиялық ұғым.
Бағдар- субъекттің дайын пейілді болуы; белгілі бір объекттің пайда болатынын күні ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектке қатысты іс әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.
Глоссарий:
Слайд 5
Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең
басты факторы. Қоғамдағы тәрбиенің даму үрдісін зерделей келе, әлі де болса жоғары және кәсіптік арнаулы оқу орындарында тәрбие мәселесі өз дәрежесінде ғылыми тұрғыда зерттелмей отырған мәселелердің бірі. Жастардың рухани әлемінің жағдайы жастар үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін де маңызды орын алады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Жастардың рухани мәдениетін құраушылардың бірі құндылықтық бағдарлар болып табылады яғни, белгілі-бір мәндерді өмірді ұйымдастырушы бастамалар ретінде қабылдау және өзін соған сәйкес ұстау.
Слайд 6“Болашақтың берік іргесін бірге қалаймыз”
“Әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат деген
айдармен айқындалып, өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс”
Слайд 7Президент және жастар
2013 жылдың 1 желтоқсан күні Астана қаласында Тұңғыш Президенті
күніне орай Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елдің ертеңі» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітапқа Елбасының бірлік, адамгершілік, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері мен ой толғаныстары топтастырылған. Қойын кітап үлгісінде үш тілде қатар жарық көрді, бұл жинақ «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында жастарға бағыт беретін бағдаршы болмақ.
Елбасы жас ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Ұрпақтар сабақтастығы – тарихи процесс, обьективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Н.Назарбаев жастарға «Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар, тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін, – дейді. Тұлға болу дегеніміз – жауапты болу деген сөз, яғни өмірде ата-анаң, Отанның алдында жауапкершілікті сезініп, өз ісіңе мұқият болу деген сөз. Ол үшін ағынмен жүзе бермей, белсенді болу қажет. Өзіңнің көздеген мақсатың, алға қойған межең болуға тиіс. Сол межені алуға күш-жігеріңді жұмылдырып, қайрат көрсетуің керек-деп әрдайым жастарға үндеу айтады.
Слайд 8Кәсіпқой болу деген сөз – өзің шынымен де айналысқың келген өмірлік
істі таңдай білу. Және оның өзін жақсы тұрғыда жүзеге асыру керек. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің негізі.
Патриот болу – өз Отаныңды шың жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету. Бірақ өзіңнің тарихынды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей нағыз патриот бола алмайсын. Қазақстан халқы ассамблеясының ХVI сессиясында Елбасы: Біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық азаматтарының меңгеруіне қол жеткізу, деп атап көрсетті. Бұл мақстаты жүзеге асыруда жастарға қойылатын талап күшті. Енді он жылдан кейін әрбір қазақстандық мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығуға тиіс. Қазір бұл үшін барлық жағдайлар жасалуда. 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді білетін болады. Ал қазақ жастары бұл мерзімге түгелдей ана тілін білуі абзал. Өз ана тілін, төл мәдениетін, өз тарихын білмейтін ұл мен қыз ешқашан патриот бола алмайды. Бірақ бұдан тіл білгеннің бәрі паториот болып шыға келеді деген ұғым тумауға тиіс. Нағыз патриот болу жастардан көп қасиетті талап етеді. Өз елін, өз жерін, өз Отанын, өз халқын сүйе білетін үлкен жүрегі болуға тиіс. Мұнсыз азамат шын патриот бола алмайды. Әр азаматқа өнімді еңбек ету үшін, терең білім алу үшін мықты денсаулық керек. Өз денсаулығын сақтау үшін әркім өзі қамқорлық жасау қажет. Міне, Елбасы жастарға осындай ақыл-өсиет айтады. Бұл жастарға арнап айтылған ұлт көсемінің нақыл сөзі, берген ұлағатты тапсырмасы. Жастар осыған лайық болып өсулері керек.
Слайд 9Ұлағатты сөздер
Абай Құнанбаев:
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық
жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады». Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның жастарға бірінші қоятын талабы мораль жағынан ұстамды таза болу, сыпайы, мінезді, әділетшіл, шыншыл болу. Абайдың қоятын екінші талабы тұрақтылық. Үшінші талабы әділетшілдік.
Слайд 10 Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше
тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, татып, естелердің айтқандарын есте сақтап қана естелер қатарында болады», – деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді, әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, жауыздықты т. б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір, болмаса жұмасында немесе айында бір рет өмірді қалай өткізгендігі жайында өзіңнен-өзің есеп ал», – дейді. Жеке адамның қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процессінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім,еңбек құралдары т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.
Слайд 11Ұлағатты сөздер
Ыбырай Алтынсарин:
«Өмірдің негізгі мәні- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді,
өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат ләзатын көре білу кісіліктің басты белгісі- деген».
Слайд 12Ұлағатты сөздер
Профессор Мәлік Ғабдуллин өзінің «Ата- аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде:
«Бүгінгі
жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын- жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел жұртқа қорған бол деушілік, қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» -дейді
Слайд 13Әзілхан Нұршайықовтың Жастарға Арнаған Өсиетінен
Бірінші сөз (Ұлдарға өсиет):
Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге
арнаймын. Менің сендерден тілегім мынадай:
- Арақ ішпендер! Арақ – азаматтың жауы: халықтың, қоғамның дұшпаны…
… Адам арақ ішпегенен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі мәнсіз болады. Адамның өмірі онсыз да қысқа. Ендеше аз өмірді ардақтап, шамаң келгенше мағыналы, мәнді етіп өткізгенге не жетсін, шіркін. Жігіттер, қастарыңда отырған қыздарды құрметтеңдер, мәпелеңдер. Алақандарыңа салып әлпештеңдер. Қыздың жанын қинамаңдар! Қыз- болашақтың анасы.
Слайд 14Әзілхан Нұршайықовтың Жастарға Арнаған Өсиетінен
Қыздар! Жаңдарында жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы
мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіндер: арақ ішкізбеңдер, айқайға жуытпаңдар. Оларды түнгі он екіде мас боп рестораннан қайтып, тынымдап жатқан жұрттың шырқын бұзып, терезесінің түбінен текедей бақылдап өлең айтып өтпейтін етіңдер. Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенің! Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар. Адамның асыл махаббат сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Сөйтіп, олармен тату, дос, қимас құрбы болып өсіңдер, шырақтарым! Өмірдің қызық ләззаты – адал достық, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашан да естеріңде сақтаңдар.
Слайд 15 2-ші өсиет (Қыздарға кеңес): Қыздар!
1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар
боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар! Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.…Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.
Қыздар! Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!
… Апиын ішкендей елтіп, сәнге еліктей бермеңдер. “Жылтырағанның бәрі алтын емес” дегендей,жарқырағанның бәрі бірдей сән емес. Олардың ішінен тек өз бойыңа қонымдысын, өз денеңе жарасымдысың, сырт көзге де оғаш көрінбейтін ұнамдысы ғана сән. Ендеше, өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер.
Слайд 16
Көрсе қызар болмаңдар! Қол жетпеске тыраштанбаңдар! Құр сәнқойлықтан сақтаныңдар. Сананы сәнге
емес, сәнді санаға бағыныңдар.
Қыздар! Желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп ауыздарына бір-ақ құлғыта салуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар… Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар, салауатты болыңдар, қарақтарым!
Қыздар! Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудын сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!
Пәк болыңдар! Пәк болу үшін сақ болыңдар бауырларым! Алайда, қазір сендердің жігіттерден көз алмайтын, жігіт жаққа қарайлап көп қарайтын шақтарың ғой бұл кез. Қарағанда олардың сыр сиқына, киген киіміне, ресторанда қалталарынан шытырлатып шығарған ақшаларына қарамаңдар, қарақтарым. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейті сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның, жылпылдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді. Сондықтан жігіттерге қарағанда олардың ішкі дүниесіне үңіліңдер, адамгершілік, азаматтық сапасына көз жүгіртіңдер…
… Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өйкөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы…
Слайд 17 “Адам өмірінде жастық шақтан басқа қызығарлықтай нәрсе, сірә, бар
ма екен?”
Жастар ең зерек, алғыр топ ретінде ішкі серпінді өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық элементтерімен және басқа да құрылымдарымен қарым-қатынастарының, өзара байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Қазіргі заманғы өркениетті көбіне ақпараттық қоғам деп атайды. Ұдайы үдей түскен ақпараттық ағындар жас адамдардың сана- сезімі мен психикасына әсер етеді, сол арқылы олар жастардың дүниетүйсіктері мен дүниетанымдарын өзгертеді. Шексіз еркіндік, күш көрсету мен “тыңдамау” алдынғы қатарға шықты. Ғылыми әдебиетте жастардың құндылықты бағдарларын қалыптастырумен байланысты әлеуметтенудің негізгі үш кезеңі шартты түрде жіктеледі.
1.Түрлі құндылықтарды ұғыну- отбасы, ата-ана, оқу орны бұл кезеңде маңызды рөл атқарады.
2.Жастақ шақ- өмірдің жаңа саласына қадам басуымен байланысты- қарулы күштер қатарындағы қызмет, жоғару оқу орнында оқу, қызмет және т.б
3.Жастардың сана- сезіміндегі қарама- қайшылықтар еңсеріліп, моральдық құндылықтарға терең жеке тұрғыда, шығармашылық құндылықты бағдарлардың жүйесі дами және жетіле түседі.
Слайд 18 Колледж студентерімен жүргізілген «Құндылықтар бағдарын зерттеу” М. Рокич әдістемесі
Мақсаты:
студенттердің құндылық бағдар жүйесін зерттеп анықтау.
Практикалық жұмыстың І бөлімі
Слайд 19М. Рокичтің құндылықтық бағыттарды зерттеу әдістемесінің артықшылығы, әмбебаптығы, ыңғайлылығы, зерттеулермен оның
нәтижелерін өңдеудегі тиімділігі, икемділігі. Ол құндылықтар тізімін тікелей тәртіппен жүйелеуге негізделген. М. Рокич құндылықтардың екі классын бөліп қарастырады:
терминальды — қандай да бір жеке дара өмір сүруге деген түпкі мақсат, оған ұмтылуға тұрарлық деген сенімдері;
инструментальдық — қандай да бір әрекет образы немесе тұлғаның қасиеті кез-келген жағдайда тәуір болады деген сенімдері.
Бұлай бөлу құндылықтар-мақсаттар және құндылықтар-құралдар деп дәстүрлі бөлінуге сәйкес келеді.
Оқушыға құндылықтардың екі тізімі (әрқайсысында 18 ден) қағазда алфавит тәртібімен ұсынылады. Тізімде сыналушы әр құндылыққа рангтік номер беріледі, құндылықтарды мәнділік ретімен орналастырылады. Материалды берудің соңғы үлгісі сенімдірек нәтижелер береді. Ең алдымен терминалдық топтама, ал содан кейін инструменталдық құндылықтар топтамасы ұсынылады.
Нұсқау: «Қазір сендерге құндылықтар белгіленген 18 карточкадан тұратын топтама ұсынылады. Сендердің міндеттерің – оларды сендер үшін сендер өмірде басшылыққа алатын принциптер ретінде маңыздылық ретімен орналастыру. Әрбір құндылық жеке карточкада жазылған. Карточкаларды зейін қойып қарап, Сендер үшін ең маңызды дегенін таңдаған соң оны бірінші орынға орналастырыңдар. Содан соң маңыздылығы жағынан екіншісін таңдаңдар да оны біріншіден кейін орналастырыңдар. Содан кейін қалған барлық карточкалармен осылай жасаңдар. Маңыздылығы ең төмені соңында қалып 18 орында орналасады. Ойланып, асықпай жұмыс істеңдер. Егер жұмыс істеу процесінде өз ойларыңды өзгертсеңдер, онда өз жауаптарыңды карточкалардың орнын ауыстырып өзгерте аласыңдар. Соңғы нәтиже сендердің шынайы позицияларыңды көрсетуі керек.
Нәтижелерді өңдеу және талдау: Құндылықтар иерархиясын талдай отырып, студенттердің әр түрлі негіздеулер бойынша мазмұндық блоктарға оларды топтастыруына зейін аудару керек. Осылайша, мысалы, «нақты» және «абстрактілі» кәсіби өзін-өзі керсетуі мен жеке өміріндегі құндылықтар және т.т. Инструментальды құндылықтар этикалық құндылықтарға, қарым-қатынас құндылықтарына, іс құндылықтарына; жеке даралық және конформистік құндылықтар, альтруистік құндылықтар; өзін-өзі қалыптастыру құндылықтары мен басқаларды қабылдау құндылықтары, өзін-өзі көрсету және т.т. құндылықтарға топтастырылуы мүмкін.
Слайд 20Ынталандырушы материал
Тізім А (терминальдық құндылықтар):
белсенді әрекетшіл өмір (толықтық және өмірдің эмоциональды
қанықтылығы);
өмір
даналығы (өмірлік тәжірибемен келетін ойланылған тұжырым және дұрыс ой);
денсаулық (физикалық және психикалық);
қызық жұмыс;
табиғат пен өнер сұлулығы (табиғаттағы және өнердегі тамашалықты сезіну);
махаббат (кез-келген адаммен рухани және физикалық жақындық);
материалды қамтамасыз етілген өмір (материалдық қиындықтардың болмауы);
жақсы және сенімді достардың болуы;
қоғамда белгілі болу (айналадағылардың ұжымның, оқу мен жұмыстағы жолдастарының құрмет);
таным (өз білімін, ой-өрісін жалпы мәдениеттілігін, интеллектуальды дамуын);
өнімді өмір (өз мүмкіндіктерін, күшін және қабілеттерін барынша толық пайдалану);
даму (өзімен жұмыс істеу, тұрақты түрде физикалық және рухани жетілдіру);
ермектер (ұнамды, ауыртпалықсыз уақыт өткізу, міндеттердің болмауы);
еркіндік (дербестік, ойлау мен әрекеттегі тәуелсіздік);
бақытты жанұялық өмір;
басқалардың бақыты (жақсы тұрмыс, басқа адамдардың, бүкіл халықтың, бүтіндей адамзаттың дамуы мен жетілдірілуі);
шығармашылық (шығармашылық қызметтің мүмкіндігі);
өзіне сенімділігі (ішкі гармония, ішкі қайшылықтардан, күмәндерден бос болу).
Тізім Б (инструментальдық құндылықтар):
ұқыптылық (кір жуытпайтын), заттарын ұқыпты ұстай білуі, істеріне ұқыпты қарау;
тәрбиелілік (жақсы мінез-құлықтар);
жоғары сұраным (өмірге жоғары талаптар және үлкен ұмтылыс);
жарқын жүзділік (қалжыңды ұнату);
орындаушылық (тәртіптілік);
тәуелсізділік (өзбетінше, батыл әрекет жасау қабілеттілігі);
өзіндегі және басқалардағы кемшіліктерге ымырасыз болу;
білімділік (білім кеңдігі, жалбы мәдениетінің биіктілігі);
жауапкершіліктік (парыздық сезім, сөзін орындай алуы);
рационализм (дұрыс және қисынмен ойлай алуы, ойланылған және рационалды шешім қабылдау);
өзін-өзі бақылау (ұстамдылық, өзіндік тәртіп);
өз ойын, өз көзқарасын қорғаудағы батылдық;
қатты жігер (өз дегенінде тұру, қиындықтардан шегінбеу);
төзімділік (басқалардың көзқарасы мен ойларына, басқалардың қателері мен адасуларын кешіре білу);
көзқарастарының кеңдігі (басқалардың көзқарастарын түсіне білу, басқалардың ғұрыптарын силау);
шыншылдық (адалдық, шын жүректілік);
істегі тиімділік (еңбексүйгіштік, жұмыстағы өнімділік);
сезімталдық (жанашырлық).
Слайд 24Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы
Слайд 26Практикалық жұмыстың
ІІ бөлімі
“Ардагер” клубы
Слайд 27Ашылған күні: 9 мамыр 2009 жыл
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен
тыл, еңбек ардагерлері, зейнеткерлері және «Алтын», «Күміс» алқалы батыр аналарын бас қосып, түрлі мәдени, спорттық шаралар, жиналыстар, кеңестер өткізетін орны.
Үйірмелер:
«Ару -аналар» вокалдық тобы
«Ағалар әуені» вокалдық тобы
«Шахмат -дойбы» үйірмесі
«Ардагер» клубы
Слайд 36«Ардагер» клубының мүшелерімен сұхбаттасу
Слайд 38
Уракаев Абубакар Кубайдоллаұлы, Бердіғалиев Алмабек Қапизұлы, Қуанышқалиев Тлекқабыл ағаларымызбен сұхбаттасу:
Қазіргі жастар
бірінші орынға материалдық құндылықтарды қояды. Әйтеуір жас адамдардың көңіл көншітетіні ішімдікке, шылымға көп салынбайды. Бірақ көбі кітап оқымайды, жастардың барлығы компьютерге бейім болады. Қобланды , Ертарғын батырлар жырын оқып өскен адам, ол қандайда болмасын үлкен тәрбие алады деп ойлаймыз. Себебі жастар керек мәліметтердің барлығын кітаптан емес, ғаламтордан алады, ондағы мәліметтің сапасы мен мазмұны дұрыс па, бұрыс па сараптамайды. Сондықтан да жастар көп уақытын кітап оқуға, өз әдеби сауаттылығын арттыру керек. Әке шешенің сөзіне құлақ аспау, оларға сөз қайтару сияқты жаман қылықтар басым болып бара жатыр, себебі бізге шетел мәдениеті сіңіп кетті. Абай, Шәкәрім сияқты ұлы ғұламалардың еңбектерін оқыған адам ешқашан жаман жолға түспейді және бұл өмірде қателеспейтіне сенеміз. Яғни жастарды кітап оқуға баулу керек деп ойлаймыз. Кітап оқуға арнау дағдысын кішкентайынан қалыптастыру керек. Ол үшін ата -ананың өзі сауатты болу керек. Ата -баба салт дәстүріне көп көңіл бөлген, біздің жастардың кейбірі бұзылып кетіп жатқан жолдары бар, оның басты себебі тәрбиенің аздығы деп білеміз. Себебі тәрбие жағынан ақсап қалдық. Бірақ, ең бастысы жастарға қарап отырсан өнер, спорт жағынан көп дамыған, әр салада жастар қазір өздерін көрсете біледі.
Слайд 40Клуб мүшелерінің қызметі:
рухани-адамгершілік ( болашақ жас мамандардың өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену азаматтық
ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау);
әлеуметтік-педагогикалық (мүгедек баласы бар, девиантты мінез-құлықты баласы бар отбасындағы бала рөліне қатысты оның толыққанды өмір сүруіне бағытталып ұйымдастырылған іс-шара)
идеологиялық -тәрбиелік (қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын бекіту, түрлі партриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу)
мәдени-ағартушылық (қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік нормаларын, саяси-мәдени дәстүр құндылықтарын реттейтін еріктілердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін ұйымдастыру).
саяси-әлеуметтік (әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, әлеуметтік жетім және жайсыз отбасын мемлекеттік қолдау және бала құқығын қорғаумен қамтамасыз ету жұмыс тәжірибесін тарату);
жарнамалық-насихаттаушылық (еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.)
аниматорлық (балалар үйі, сауықтыру-бейімдеу орталықтары мен демалыс лагерлерінде балалардың мәдени-бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін қолдау).
Слайд 41Түйіндеме:
Әрбір ұрпақтың өз миссиясы бар. Оны іске асыру
кезеңі ұрпақ өмірінің уақыты болып табылады, оның үздіксіз болуы да, үзілуі де мүмкін. Жас- тар нақты әлеуметтік жағдайда өсіп-өнеді. Жастар нақты ортадағы түрлі бағаларды, жақсы көру мен жек көру сезімдерін қабылдайды, олардың позициялары мен мінез- құлықтарына өздері өмір сүретін ортадағы нақты жағдайлар әсерін тигізеді. Аға ұрпақтың тәжірибесін жалғастырудың орнына кейбір жастардың тәжірибесі мүлде бөлек немесе тікелей қарама-қайшы болған жағдайларда ұрпақтар арасындағы сабақтастық проблемасы күрт шиеленіседі.
Бүгінгі жас ұрпақ бір текті емес, әрі өмірге ұмтылыстары, бағдарлары, мүдделері күшейе түсуде. Көп ұлтты елде тұратын жастар көпұлтты және көпмәдениетті, жастардың көпшілігі мұны лайықты және өздігінен сәйкестенудің жоғары деңгейінде сезінеді.
Слайд 42Түйіндеме:
Бұл күнде білім шарабын сіміріп жүрген жастар көп, басына
білім жинау, өнер, адамшылық үлгілерін жасау жастарымыздың салтына енген шақ. Алайда, күшала жеген иттей қисаңдап келе жатқан біреу оқта-текте кездесіп қалады. Аузынан сасық иіс аңқиды, сөзі іріп-шіріп түсіп жатады. Бұл бишара білім шарабының орнына есіру шарабын сімірген, ата-анасының маңдай терін сатып ішкен, өзі қазір адамның қоры, сөйте тұра зормын деп кеуде қағады. ...Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес. Әрбір жас сол дәстүрлерді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ. Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру, кимелеп баса-көктеп өтпеу, үйіне келе қалса атын байлап, есік ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен аттандырып салу, меймандос, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты салт-дәстүрлердің бірде-бірі ескірген жоқ. Бұлар — өмір бойы ескірмейтін, адамнан адам іштей әмәнда дәметіп тұратын табиғи құлық-мінездер. Бұл мінездерді қорлау — алдымен өзін-өзі қорлау, сыйлау — алдымен өзін-өзі сыйлау.
Сыйласу, қайырымдылық әр қилы. Біреулер ісім түседі-ау немесе қарымжысы қайтады-ау деген адамын сыйлайды. Ашып айтқанда, бұның аты — сауда. Біреулер қарымжысы қайтсын, қайтпасын сыйласуды, қайырымдылықты адамшылық борышым деп санайды. Міне, бұл — ең қымбат қасиет. Жастар осы қымбатқа ұмтылу керек.
Слайд 43Біздің заманымыздың диагнозы
...Бүгінгі қоғамдағы жастар проблемасының екі аспектісі бар, оларды былайша
тұжырымдауға болады: бізге жастар не бере алады және жастар бізден не күтеді...
Слайд 44Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қалиев С., Жарықбаев. «Қазақ тәлім тәрбиесі. – А.,1993.
– 187 б.
2. Тұрманова Ж. «Жасөспірімдердің өзін-өзі реттеуі және өзіндік құндылық бағдары. Педагогика журналы. – 2005. – 21–23 бб.
3. Ш.Құрманалина «Педагогика» екінші басылым, Астана «Фолиант»
4. Ж.Әбиев «Педагогика»
5. Жарықбаев Қ, О.Саңғылбаев «Психология энциклопедиялық сөздік» , Алматы, 2011 ж
6. Қазақ энциклопедиясы, 7 том, Алматы, 1975 ж
7. Әбдірайымова Г.С. Жастар соцтологиясы, оқұ құралы, Алматы, 2012 ж
8. Биекенова С.К, Биекенов К.У, «Әлеуметтану», Алматы, 2012 ж
«АРДАГЕР» клубының меңгерушісі Балдақов Ануарбек Саленұлына, әдіскері Мағзомова Надия Мұратқанқызына және үлкен ағаларымызға осы материалды дайындау барысында қол ұшын бергендеріне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. БҚ АК “АТиСО” 835 топ студенттері “Әлеуметтік қызмет” мамандығы
Слайд 45Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»
деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде заман ауысып, үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ескіні қиратып, жаңа тұрмыс құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артқан еді. Жас қырандар – балапан қанат жайып ұмтылған, көздегені көк аспан, мен жастарға сенемін, мен сенемін жастарға, алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда, мен жастарға сенемін, деп жырлаған еді…Ақынның жастарға қайрылуы, ұлт тағдырын солардың ісімен байланыстыруы бекер емес-ті. Өйткені жастар жігерге толы, жаңалыққа құмар, жасампаз еңбекке ынталы, жаңалықты қабылдауға зерек, қайрат-жігері мол. Сондықтан да ақын жастарға үміт артты, соларға сенді. Мұны «Мен жастарға сенемін» жеп жырға қосып, бар дауыспен халыққа үн қатты.
Ал жиырма бірінші ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті ХІІІ сьезінде осы сөзді қайталап, жастарға арнайы қайырлып үн қатты.
Слайд 46
Мен жастарға сенемін!!!
Мағжан Жұмабаев
Слайд 47Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
Слайд 48Жұмысты тексерген сарапшылардың пікірі:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Пікірді жазған:
Қолы: