Слайд 1Жаса, жайна туған ел – Егеменді Қазақстан!
Слайд 2 Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күндері
оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы.
ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев
Алматы, 1991 жыл 12 желтоқсан
Егемендігімізге қарай ең алғаш дабыл қаққан осы оқиғаның өткеніне 20 жыл толуына орай Алматыда “Тәуелсіздік таңы” ескерткіші салтанатты түрде ашылып, рәсімге Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты.
Слайд 4Тәуелсіз боп артты халқым сенімі
Мұз боп қатқан қайғы – мұңым еріді.
Ақ
шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап, ұлы далам кеңіді.
Слайд 8Мемлекеттік ту мен елтаңбаның
эталондық даналары
Слайд 9Жер бетіне қайта шықты алтыны,
Көлдерімде жүзді аққу, қалқыды.
Толқын атып дарияларым тасыды,
Тау
өзені, ақбұлақтар шалқыды.
Слайд 11Тартса тағдыр тауқыметі азабын,
Сонда – дағы көрдік өмір ғажабын,
Бәріне де Тәубе
бүгін, шүкір деп,
Майдан салар елдігі үшін Қазағым!
Слайд 12Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл – қызындай даламыз бар – ұлы кең,
Алдарыңда
басымды иіп өр халқым,
Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!!!
Слайд 13Қазақстан… Елбасы… Астана… Бұл үш ұғымсыз бүкіл елімізді елестету мүмкін емес.
Ойы жүйрік, зердесі сарай кім болмасын, осы үш-ақ ұғымға ұлан-байтақ Қазақстан Республикасы, оның әлем танып, түркі дүниесі бас иіп, құрметтеген Елбасымен қатар Отанымыздың жүрегі Ақордалы Астана сыйып тұрғанын бірден түсінері хақ.
Слайд 14 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына
Жолдауында: “Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты”, – деп Тәуелсіздік құнын тереңнен толғай келіп, айрықша тұжырымдаған.
Слайд 18Ф. Майор, ЮНЕСКО-ның бас хатшысы:
“Н.Назарбаев Қазақстанның жаңа
астанасын тұрғызып, мықты қадам жасады. Астана – жас мемлекет – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жарқын рәмізіне айналды”
(Астанаға “Әлем қалалары бейбітшілік жолында” жоғары наградасын тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінен, 2000 жылғы 17 ақпан)
Слайд 19Астана – ару, арман қала! Қазақстанның кіндігі – Ұлы даланың жон
арқасынан “күндіз күміс, түнде алтын” болып ағатын, шәрбат Есілдің жағасында лағыл-інжудей түрленіп, “өзіне өлердей ғашық етер, тал бойында бір міні жоқ сылаңдаған сұлудай” бой түзеген шаһарға келу мен қызықтауды кім армандамайды дейсіз?! “Астанаға бардым!”, “Астанадан келдім!”- деп, барғанымызда, келгенімізде сондай бір айрықша қуаныш сезіммен айтсақ, астаналықтар: “Мен – астаналықпын!”- деп, мақтанышпен айтады. Уақытпен қатар ажарланып, айшығына өрнегі жарасқан әсем де жас қаланы аралап, Бәйтерекке бір көтеріліп қайтуға еліміздің түкпір-түкпірінен еңкейген кәріден еңбектеген жасқа дейін толассыз ағылып, келіп жатады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келіп-кетіп жататын шетелдік саяхатшылардың өзі қаншама! Иә, гүлдене бер, Астана!
Слайд 27Тауымыз бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл – қызындай даламыз бар – ұлы кең,
Алдарыңда
басымды иіп өр халқым,
Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен!!!