Слайд 1Модуль
Гипермәтін
Тапсырма
Тест
Слайд 2Зейін
Түрлері
Қасиеттері
Ырықты
Ырықсыз
Үйреншікті
Тұрақтылығы
Аударылуы
Бөлінушілігі
Көлемі
Алаңболушылық
Слайд 3Зейін
Жоспар:
Зейiн туралы жалпы ұғым
Зейiн түрлерi
Зейiннiң негiзгi қасиеттерi
Зейіннің жас ерекшелігіне
байланысты дамуы.
Баланың
зейінін тәрбиелеу.
Слайд 4
Зейiн деп — адам санасының белгiлi бiр затқа бағыттала тұрақталуын көрсететiн
құбылысты айтады.
Зейiн дегенiмiз - айналадағы объектiлердiң iшiнен керектiсiн бөлiп алып, соған психикалық әрекетiмiздi тұрақтата алу.
Зейін дегеніміз не?
ЗЕЙІН
Слайд 6Зейінді зерттеген ғалымдар.
А. А. Ухтомский
доминанта теориясын ашты.
И. П. Павлов
Зейiннiң
физиологиялық негiздерiн, жүйке процестерiнiң өзара индукция заңын ашты.
Ч. Шеррингтон
Зейiн əрекетiнiң физиологиялық көрiнiсiн ғылыми дəлелдеп, түсіндірді.
Слайд 8Зейін бұзылысы
Гипопрозексия
Зейінді шоғырландыру қабілетінің төмендеуі (зейін шашыраңқылығы, төмен зейін шоғырланушылығы, зейін
аударудың, бөлінушілігінің төмендеуі зейін көлемінің тарылуы)
Гиперпрозексия
Зейіннің бір бағытты күшті шоғырлануы.
Парапрозексия
патологиялық сипаттағы обьектілерге назарымызды бұрмалап шоғырландыру (саңдырақ, галлюцинациялар).
Слайд 11Зейін түрлері
Сыртқа және ішке бағытталған
Үйреншікті
Ырықсыз
Ұжымдық,
топтық, жекелік
Ырықты
Слайд 12Зейін түрлері
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш
жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.
Түрлері
Слайд 13
Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар
аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді.
Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.
Түрлері
Слайд 14
Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп
қарастыруға жұмсалады. Сыртқа бағытталған зейін адамның перцептивті қызметінде және заттық әрекетті басқаруда көрінеді.
Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысандарды бөліп алу қызметін атқарады. Ішке бағытталған зейіннің обьектісі - сезімдер, естеліктер, ойлар.
Сыртқа және ішке бағытталған зейін
Түрлері
Слайд 15
Ұжымдық зейін — барлық оқушылардың бір пәнге (затқа, құбылысқа) зейін аударуы.
Топтық
зейін — ұжым жағдайындағы жұмыста топ болып зейінді шоғырландыру.
Жекелік зейін — өз тапсырмасына зейін аудару. Ол өзбетті тапсырмаларды орындағанда, бақылау жұмыстарын орындағанда т.б. пайда болады.
Ұжымдық, топтық, жекелік зейін
Түрлері
Слайд 16Зейін қандай түрлері суреттерде бейнеленген?
1
2
3
Слайд 17
Ырықсыз зейіннің көрінуіне себеп болатын жағдайлар
Субъективті
факторлар
Объективті
факторлар
ЗЕЙІН
Слайд 181)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш.
2)Жай нәрсенің әсер етуі.
3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің
қайшы келуі.
4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі.
Слайд 191)Адамның ішкі cезіміне, түсіндіруге байланысты.
2) Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына
сай келуі.
3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.
Слайд 20Зейіннің негізгі қасиеттері
Тұрақтылығы
Аударылуы
Бөлінушілігі
Көлемі
Алаңболушылық
ЗЕЙІН
Слайд 21
Тұрақтылығы
Адамның зейiнi бiр объектiге немесе бiр жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны
зейiннiң тұрақтылығы дейдi.
Слайд 22
3ейiннiң аударылуы деп бiр объектiден екiншi объектiге назарымызды көшiрудi айтады.
Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Аударылуы
Слайд 23
Адам санасының бiрмезгiлде бiрнеше әрекеттi атқара бiлу мүмкiншiлiгiн зейiннiң бөлiнушiлiгi дейдi.
Адам зейiнiн екi-үш нәрсеге бөле алады.
Бөлінушілігі
Слайд 24
Көлемі
Зейiннiң көлемi деп бiр уақыттың iшiнде оның қамтитын, объектiлерiнiң санын айтады.
Зейiн көлемiн анықтауға байланысты жасалған тәжiрибелер тахистаскоп деген аспаппен тексерiледi.
Слайд 25
Алаң болушылық деп белгiлi бiр объектiге саналы түрде зейiндi ұйымдастыра алмаушылықты
айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретiн жаңғалақ адамдардың зейiнi көбiнесе осындай болады.
Алаңболушылық
Слайд 29Тапсырма №1
Зейін түрлеріне салыстырмалы сипаттама бер.
Слайд 30Тапсырма №2. Зейіннің қандай түрлері мен қасиеттері келесі жағдаяттарда көрініс береді:
а) Гроссмейстер бірнеше тәжірибелі шахматисттермен бір мезгілде ойын ойнайды.
б) Талапкер геометрия пәнінен емтиханға бар күш-жігерімен даярланады.
в) А.Құнанбаевтың қара сөздерін оқи отырып, оқушы терезе жақтан сырттағы қатты әуенді естиді.
г) Оқушылар шағын әңгімені тыңдап, мәтіндегі сын есімдерді айтуы қажет.
д) Сыныптағы тыныштықты мектеп ауласындағы машина сигнализациясының дыбыс бұзды.
е) Жаңа оқулықтарды алған оқушылар мұғалімнің сөзіне еш назар аудармай оларды қызығушылықпен қарай бастады.
Слайд 31
ж) Психологтың нұсқауымен зерттеушілер бес минут ішінде мәтіннен «к» және «а»
әріптерін тауып, максималды тез белгілеуі қажет.
з) Химия пәнінің мұғалімі тәжірибені көрсету барысында оқушыларға пробиркадағы ерітіндінің түсі қазір өзгеру керектігін айтты.
и) Мұғалім жаңа сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға тақырыптың күрделілігін ескертеді.
к) Корректор мақаладағы қателерді тексереді. л) Хатшы басшының баяндауымен бұйрықтың мәтінін компьютерге теріп жатыр.
м) Уақытының шамамен 65-70 пайызын аудармашы оратордың сөзін тыңдайды және бір мезгілде өзге тілде оратор сөзінің мазмұнын аударады.
Слайд 32
а) Әйел адам өзінің қара түсті көлігіне ақ жолақ салдырды.
б)
Мұғалім дауыс көтеріп, «Тыныш!» деп айқайлады.
в) Базарда саудаласу мүмкін болатындықтан, үнемі көп тұтынушылар жиналады.
г) Анасы баласына үнемі: «Өз бөлмеңді жинастыруды ұмытпа» деп ескертеді.
д) Ересек адам көрінген адамды су пистолетпен атқылайды.
е) Жаңа оқытушы аудиторияға кіріп, үндеместен тыныштық орнағанын күтеді.
қайталау
жаңалығы
Қарқындылықтың
өзгерісі
контрастылы түстер
форма немесе өлшемі
жасанды қоғамдық қызығушылықты ояту
Тапсырма №3: Зейін аударудың қандай тәсілдері келесі жағдаяттарда қолданылғанын анықтаңыз.
Слайд 33Тапсырма №4: Қарандашты қағаздан алмастан 16 нүктені 6 сызықпен, 25 нүктені
Слайд 34Зейінді диагностикалау
әдістемелері
1
2
3
4
5
Слайд 35Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін анықтау әдістемелері
Слайд 361. «Тауып алып, сыз» әдістемесі
Бұл әдістемедегі тапсырмалардың мазмұны зейіннің өнімділігі мен
тұрақтылығын анықтауға бағытталған. Балаға 6 сурет көрсетіледі. Онда кездейсоқ тәртіппен қарапайым фигуралар: саңырауқұлақ, үйшік, шелек, доп, гүл, жалауша бейнеленген. Зерттеу басталмастан бұрын балаға келесі мазмұндағы нұсқау беріледі: «Қазір біз ойын ойнаймыз: мен саған алуан түрлі саған таныс заттар бейнеленген суреттерді көрсетемін. Мен «баста» деп айтқанымнан соң, сен осы суретте мен атаған заттарды жол бойымен тауып, сыза бастайсың. Аталған заттарды іздеу мен сызуды мен «тоқта» деп айтқанымша жалғастырасыз. «Тоқта» деген уақытымда сен жұмыстануды тоқтатып, маған соңғы көрген зат бейнесін көрсетуің керек. Бұдан кейін мен сенің суретіне сен тоқтаған жерді белгілеп, қайтадан “баста” деп айтамын.Осыдан кейін сен қайтадан аталған заттарды іздеп,сызуды жалғастыруың керек. Осылай бірнеше рет осы тапсырманы мен “бітті” дегенше орындайсың. Осымен тапсырманы орындау аяқталды”.
Бұл әдістемеде бала 2,5 мин жұмыстанады,осы уақыт ішінде оған 5рет “баста”деп “тоқта”делінген нұсқау беріледі(әрбір 30сек сайын).
Слайд 38 Нәтижелерді өңдеу және бағалау
Нәтижелерді өңдеу мен
бағалауда баланың 2,5 мин ішінде яғни барлық тапсырманы орындау уақытында суреттегі заттардың саны анықталып, сондай-ақ әрбір 30секундтық интервал бөлек қарастырылады. Алынған нәтижелер формулаға енгізіледі, бұл арқылы балада бір мезгілде зейіннің 2 сапасы: өнімділігі мен тұрақтылығының даму деңгейінің жалпы көрсеткіші анықталады:
S=0,5N-2,8n/t
S-зерттеуші баланың зейінінің өнімділік және тұрақтылық көрсеткіші.
N-баланың жұмыстану уақытында қараған суреттегі бейнелердің саны.
T-жұмыс уақыты.
n-жұмыстану уақытында жіберілген қателіктер саны. Қателіктер болып тасталынып кеткен қажет бейнелер немесе сызылған қажет емес бейнелер саны саналады.
Слайд 3910 балл – баланың S көрсеткіші 1,25 баллдан жоғары болса;
8-9 балл
– баланың S көрсеткіші 1 мен 1,25 балл аралығында болса;
6-7 балл – S көрсеткіші 0,75 пен 1 балл аралығында болса;
4-5 балл – S көрсеткіші 0,50-ден 0,75 балл аралығында болса;
2-3 балл – S көрсеткіші 0,24-тен 0,50 балл аралығында болса;
0-1 балл – S көрсеткіші 0-ден 0,2 балл аралығында болса беріледі.
Даму деңгейі бойынша қортынды
10 балл – зейін өнімділігі өте жоғары, зейін тұрақтылығы өте жоғары.
8-9 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы жоғары.
4-7 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы орташа.
2-3 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы төмен.
0-1 балл – зейін өнімділігі, зейін тұрақтылығы өте төмен.
Слайд 40Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін анықтауға арналған әдістемелер
Слайд 412. Пьерон-Рузердің әдістемесі
Бұл әдістеме зейіннің тұрақтылығы және оның бөлінушілігін анықтауға арналған.
Әдістеме 5,5 жастан 8-9 жасқа дейінгі балларға қолданылады.
Бланкінің жоғары бөлігіндегі геометриялық фигуралар шартты белгілермен(нүкте, сызықша, вертикалды сызық) белгіленеді, бала оларды ұсынылған бланкіге толтыруы керек.
Өткізу барысы
Баланың алдына таза бланкі беріледі. Зерттеуші үлгінің бос фигураларын толтырып: «Мына шаршыға мен нүкте қоям, тік үшбұрышқа – мынадай сызық сызам(вертикалды), дөңгелекті солай қалдырамын, оған еш белгі салмаймын, ал ромбыға мынадай сызықшаны саламын. Барлық қалған фигураларды мен көрсеткенімдей, сен өзің толтырасың».
Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Зерттеуші секундомермен баланың 1 минут ішінде белгілеген белгілерінің саны тіркеледі. Бланкіге нүкте немесе сызықпен белгілеп қояды.
Слайд 43Жеткіншек жасындағы балалардың зейінін анықтау әдістемелері
Слайд 44МЮНСТЕНБЕРГ ӘДІСТЕМЕСІ
Зейіннің таңдамалылық қасиетін анықтауға бағытталған. Зейіннің таңдамалылығын, шоғырланушылығын, сондай-ақ
жоғары деңгейдегі зейін тұрақтылығын қажет ететін мамандықтарға кәсіби іріктеу жүргізу барысында қолдануға болады.
Нұсқау: әріптер мәтінінің арасында сөздер бар. Сіздің міндетіңіз осы мәтіннен сөздерді тез тауып, белгілеу.
Жұмыс уақыты — 2 минут.
Мысалы: рюклбюқуанышуфркнп
Әдістеме топтық және жекелей қолданылуы мүмкін. Белгіленген сөздер саны мен қателіктер саны бағаланады (тасталып кеткен және дұрыс белгіленбеген сөздер).
Әрбір тасталып кеткен сөз үшін 1 балл шегеріледі.
Слайд 45б к ү н в т р г щ о ц
э а у д а н з г у ч ж а ң а л ы қ ъ х э ь г ч я ф а к т ь у е м т и х а н т р о ч я г щ ш г ц к п п р о к у р о р г у р с е ь у к а б е а т е о р и я ж е б ь а м ф и з и к а т р о и ц а ф ц у г а т т е л е д и д а р б о л д ж щ з э г щ ь б е с ш о г х е ю ж и п д р г щ х щ н з д з е й і н й ц у к е н л д б қ а б ы л д а у а б ф ь т р п л о с а х н а л д с п е к т л ь я ч с и н т ь б ю е т н қ у а н ы ш в у ф ц и е ж ц д о р р п х а л ы қ ш а д ь х э п п ц г и е р н к у ы ф й ш р е п о р т а ж э к ж д о р л а ф ь в ю ф б ь к о н к у р с й ф н я ч ь г у з с т ұ л ғ а л и ч н о т ь з ж э ь е ю д ш щ г л о д ж я н э ц р ж ү з у д т л ж э з б ь т н п р к ы в к о м е д и я ш л д к ө ң і л ф о т ч а я и е й ф р л н ь я ч в т л д ж э х ь г ф т а с е н л а б о р а т о р и я г щ д щ н р у ц т р г щ ч т л р н е г і з в а н и е з х ж ь б щ д э р к е н т а о п р у к г в с м т р п с и х и а т р и я б п л м д о с т ч ь й ф я с щ з а э ъ
Слайд 47Жоғары сынып оқушыларының зейінін анықтауға арналған әдістемелер
Слайд 48«САНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістеме ырықты зейінді бағалауға арналған. Зейін қызметінің жоғары деңгейін
қажет ететін мамандықтарға іріктеуде қолдануға болады.
Нұсқау: 2 минут аралығында бос торкөздерге жоғарыдағы квадрат бланкі торкөздеріндегі 25 санды өсу ретімен орналастыруың қажет. Сандар бланкінің жолдарына жазылады, бірақ жоғарыдағы торкөздерге белгі қоюға болмайды. Бағалау дұрыс жазылған сандардың саны бойынша жүргізіледі. Орташа норма — 22 сан және жоғары.
Слайд 50Ересектердің зейінін анықтауға арналған әдістемелер
Слайд 51«КОРРЕКТУРАЛЫҚ СЫНАҚ» ӘДІСТЕМЕСІ
(Әріптік нұсқасы)
Зерттелушіге 40 қатардағы 40 түрлі әріптері бар бланк
беріледі. Зерттелушілерге әрбір қатарға белгілі бір әріпті белгілеуі тиіс. Жұмыс максималды дәлділікті талап етеді. Жұмыс уақыты — 5 минут.
Нұсқау: Бланкінің бірінші қатарына әріптер қатарын белгілеп алыңыз. Сіздің міндетіңіз осындай әріптерді басқа қатарлардан да тауып, белгілеу. Тез және дәл белгілеуің қажет.
Мысалы: Е К Р Н С О
Зейін көлемі қаралған әріптер санымен, концентрация — жіберілген қателіктер санымен бағаланады. Осылайшы, зейіннің екі көрсеткіші анықталады. Зейін көлемінің нормасы— 850 белгіден жоғары, концентрация — 5 қателіктен кем.
Слайд 53Зейінді дамытуға арналған жаттығулар
Слайд 54«Не өзгерді?»
Мақсаты: Баланың ырықты зейінін дамыту.
Өткізу әдісі: Үстелге үш-төрт
ойыншық қойылады. (ойын барысында
ойыншық санын көбейтуге болады). Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады. 1-2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып, үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.
Слайд 55«Сурет сал»
Мақсаты: Ырықты зейінді қалыптастыру.
Өткізу әдісі: «Алдымен балаға қағаз бен
түрлі-түсті карандаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3-ші 6-шы және 9-шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2-ші және 5-ші үшбұрыштарды жасыл түспен боя, ал 4-ші және 8-ші үшбұрышты көк түспен боя, ал енді осы айтылған бойынша үшбұрыштарды бояуға кірісейік».
Слайд 58«Жасырылған» сөздерді тап:
АВРОЖАРНАМААТШКТДОМРМШЬ
КҮЛКІ БАҒАН ТОР КІТАП
Қайталанған сөздерді сыз:
ОЗЕНКҮНОРМАНСУОЗЕНЖЕР
КҮНАСПАНСУБАЛЫҚСАЯХАТ
Слайд 61 Мысалдардан қателерді тап
3 + 12 = 15 15 – 8 =
7 16 + 4 = 22
3 + 3 = 10 16 + 8 = 23 13 – 4 = 9
16 – 9 = 7 16 + 9 = 28 13 – 2 = 11
12 – 6 = 6 15 + 9 = 25 15 – 4 = 11
15 – 2 = 13 19 + 5 = 24 12 – 4 = 16
ЗЕЙІН