Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер:
Тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», «Арал тағдыры», «Семей полигоны» видеофильмдерінен үзіліс, «Қазақстан қорықтары» суреттері, «Қ.Сәтбаевтің суреті», видеотаспа және т.б
Өткізу әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап , жарысу, өлең оқу, ойыншық жасау, есептеу әдістері .
6. «Өнер» аялдамасы
«Өнер» тобына өсімдіктердің ,жануарлардың қалдық заттар, яғни пакет, сынған ағаш, жануар терісі мен жүні , сарғайған-жыртылған жапырақтар қалың қағаз қораптар, пластмасса бөтелкелерден, жасаған ойыншықтарына баға беру . Олар не үшін ,қалай жасағанын,экологиялық бағытпен түсіндіреді.
Мұғалім елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына табиғатты қорғау туралы ( экологияны) жолдауына тоқталу.
«2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» - деген сөздерінің мағынасына үңілу.
7. «Үнемшіл» аялдамасы
Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын тізімін жазып, көп қабатты және тұрғын үйлерден күнделікті қанша қоқыс шығатынын есептету және олардан қанша уақытта толық айырылып, шіру әдістерін есептеп, олардың қалдық заттарын азайту жолдарын сұрау. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін қандай ұсыныстар айтылатынын білу,оға қаншалықты қолдау таба алатындығына сенімділіктерін байқау.
Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз 2-10 жыл
Консерві банкалар 80 жыл
Полиэтилен 200 жыл
Пластмасса 500 жыл
Шыны 1000 жыл
10. «Қорықтар» аялдамасы
Мультимедия кешені арқылы Қазақстан корықтары мен табиғи саябақтардың, мысалы Ақсу Жабағлы, Көкшетау, Іле Алатау, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл және т.б қорықтарды слайдтармен көрсету.
3.Қорытынды.
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса, экологияландырылған білімді ұрпақ қажет.
Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.
Email: Нажмите что бы посмотреть