Слайд 1Тақырыбы:
Елін
сүйген
Елбасы
Слайд 2Мақсаты:
1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы
мағлұмат беру.
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,
патриоттық сезімдерін арттыру.
3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге
тәрбиелеу.
Слайд 3“Мен үшін –елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат
жоқ! Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің президенттік те, перзенттік те парызым”.
Слайд 4Елбасы өткен белестер
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған
ауылында дүниеге келген.
1967жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1960-1969 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
Слайд 51969-1973 жылдары –Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977
жылдары-Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977-1979 жылдары-Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы
1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы.
Слайд 61984-1989 жылдары-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
1989-1991 жылдары-Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы,1990жылғы
ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1990 жылдың сәуірінен –Қазақстан Республикасының Президенті
Слайд 71991 жылдың
1-желтоқсанында
тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.
Слайд 81995жылдың 29сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігі 2000
жылға дейін ұзартылды.
1999жылдың 10қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
Слайд 9
2005 жылдың 4- желтоқсанында сайлаушылардың
91,5 пайыз дауысын алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды
Слайд 16Елбасының өзгеше мінез-бітімі, сөзге қамшы салдырмас шешендігі, кісіні бірден баурап алар
ашықтығы , елгезектігі, сабыры мол салиқалылығы Әлжан анасына тартқан
Слайд 17 Ауылдың бас көтерер азаматы өзі екенін сезінген Әбіш,соғыс біткенше ат
үстінде бел шешпей,елге қызмет етті. Демалыс,ұйқы дегенді ұмытты. “Мен,тіпті,әкемнің қай уақытта жатып ұйықтайтынын көз алдыма елестете алмаймын”,-дейді Елбасы, балалық шағын есіне алғанда.
Слайд 18Н.Ә.Назарбаев ата-анасы және інілері Сатыбалды, Болат және қарындасы Әнипамен бірге
Слайд 24 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Сара Алпысқызы Назарбаева
Слайд 25
Н.Ә.Назарбаев көпшілік білетіндей тамаша спортшы ғана емес, оның суырып-салма ақындығы және
құралайды көзден ататын мергендігі де бар.
Слайд 27“Балалық шағымның аспаны” фильмінен үзінді
Слайд 30
Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне
құлақ түрейік.
Слайд 31Ху Цзинтао , ҚХР Төрағасы:
“Тәуелсіздік жылдары сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман
Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді.Бүгінде Қазақстанда экономика тұрақты даму үстінде ,халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығы сақталып отыр.Соңғы жылдары Қытай-Қазақстан қатынастары белсенді дамуда.”
Слайд 32Барак Обама ,Ақш Президенті:
“Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және
өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді . Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.”
Слайд 33АнгелаМеркель,ГФР Канцлері:
“Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор табыстар
мен сәттілік тілеймін.
Экономикалық ,қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Германия тарапынан болатын қолдауға сенім арта алатын
болады.”
Слайд 34Дмитрий Медведев,Ресей Федерациясының Президенті: “Мен Сізге алғыс білдіремін.Маған көрсеткен бүгінгі қошеметтеріңіз
біздің елдердің арасындағы айрықша сенімге негізделген қарым-қатынастардың дәлелі болып табылады. Біздің халықтарымыз ғасырлар бойы бірге өмір сүрді. Соғыс кезіндегі және барлық қиындықтарды тең көтерді . Достық, түсіністік,
сыйластық тіні-міне осында”.
Слайд 35 Ислам Каримов,Өзбекстан Республикасының Президенті:
“ Өзбекстанда Сізді біздің
халқымыздың нағыз досы деп біледі, әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткісіз деп біледі.Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік,өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.”
Слайд 36 Абдулла Гүл, Түрік Республикасының Президенті:
“Әр
келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы-Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды.Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.”
Слайд 37
“Қазақ елі” монументінің төменгі белдеуіндегі тас тұғырда
төрт қола барельеф орналасқан. ”Халық және тұңғыш Президент” барельефінің дәл ортасында тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Ата Заңға оң қолын қойып, Ант қабылдап тұрған рәсімі бейнеленген.
Слайд 38 2003жылы қажылыққа барғанда, “өз еліме,халқыма,қазағыма Алланың шапағатын
тілеймін”
деген Елбасына осы жылдың 15 маусымында “Ұлт көшбасшысы” мәртебесі берілді.Белгілі британ жазушысы,саясаткер Дж.Айткен “Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның қалыптасуы” атты кітабын жарыққа шығарды. Қазақстанның Президенті жайлы шетел жазушысы кітабының жарық көруі,оның құрметіне Иорданияның астанасы Амман қаласында көше берілуі, Туркияның Анкара қаласында ескерткіш ашылуы-Нұрсұлтан Назарбаевтың дүние жүзі елдерінің арасында беделінің жоғары екендігін көрсетеді