Слайд 1
«Болашақ өз қолымызда!»
психологиялық тренинг
Слайд 2Мақсаты:
Қыз балалардың бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, әр сынып қыздарының арасында достық
қасиет қалыптастыру;
тұлғаның өмірге деген құлшынысын, сенімділігін арттыру, өз мінезіне басшылық жасай алуын қалыптастыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
кикілжіңді жағдайдың алдын алуға үйрету, проблемалық жағдаяттардан шығу жолын қарастыру.
Слайд 3«Танысу тренингі».
1. Оқушылар бір-бірімен жақын танысу үшін шеңбер бойымен тұрып, өз
атын және өз аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жағымды қасиет (сын есім) қосып айту.
Слайд 4«Жапон әліппесі» жаттығуы.
А-ка З-з П-но Ц-ми
Б-зу И-ки Р-ши Ч-кэ
В-ру К-мэ С-ари
Ш,Щ-хи
Г-жи Л-та Т-чи Ь,Ъ,Ы-зук
Д-тэ М-рин У-до Э-мэй
Е-ку Н-то Ф-лу Ю-фу
Ж-су О-мо Х-ри Я-на
Нұсқау: өз атыңызды жапон әліппесіне салып жазып айту. Мысалы: Менің есімім Светлана, ал жапон әліппе бойынша - Арирукучитакатока.
Слайд 5«Күн шуағы» жаттығуы.
Алдарыңызға берілген күн шуақтарына «Үлгілі қыз балалардың бойында
қандай жағымды қасиеттер болу керек?»- деген сұраққа жауап жазу және ілу.
Слайд 6«Менің мінез-құлқым» жаттығуы
1-баған: Үйде (..............)
2-баған:
Мектепте (..............)
3-баған: Жора-жолдас арасында (................)
4-баған: Өзіндік бағаң (…………..)
Нұсқау: Төменде көрсетілген аңдар мен құс,
үй жануарларынан өзің қалаған төртеуін таңдап
бағандардың тұсында жазылған орындарға
орналастырып жаз. (Мыс:Үйде-аққу; мектепте-
тасбақа; жора-жолдас-қоян; өзіндік баға-қой.)
13.Аю,қасқыр,барыс
2.Ат арыстан,қабылан
3.Сиыр 14.Түлкі
4.Қой 15.Бүркіт,лашын,қырғи
5.Ешкі 16.Балық,дельфин
6.Ит 17.Бұлбұл,бозторғай
7.Мысық 18.Марал,тауешкі,ақбөкен
8.Тауық 19.Маймыл
9.Қаз,үйрек 20.Жылан
10.Үкі ,байғазы 21.Тасбақа
11.Қарлығаш 22.Қоян,тиін
12.Көгершін,аққу 23.Қырғауыл
Слайд 8
1.Түйе-шыдамдылық; 2.ат-тектілік; 3.сиыр-өкпелегіш адамдар; 4.қой-жайдарылық; 5.ешкі-ұйымдастырғыш қабілеті бар; 6. ит-адалдық;
7.мысық-биөрісі басым адамдар; 8.тауық-шығармашылық; 9.қаз,үйрек-ұқыптылыққа, сақтыққа, тазалыққа бейім адамдар; 10.үкі,байғыз-сақтық; 11.қарлығаш-бауырмал адамдар; 12.көгершін,аққу-сезімді жоғары бағалайтын жандар 13.жыртқыш аңдар:аю,қасқыр,барыс, арыстан,қабылан -қайратты,жігерлі; 14.түлкі-бейімделгіш 15.жыртқыш құстар:бүркіт,лашын,қырғи-сұсты адамдар; 16.балық,дельфин-еркіндікті жақсы көретіндер, 17.сайрайтын құстар:бұлбұл,бозторғай-ән айтатындар; 18.тауешкі,марал,ақбөкен-талғамы биік адамдар; 19.маймыл-артистік қабілеті бар; 20.жылан-салқынқандылық,сабырлылық; 21.тасбақа-мейірімділік,баяулылық; 22.қоян,тиін-елгезек,бірақ аяғына дейін жетпей тастап кетеді; 23.қырғауыл-күйгелек.
Слайд 9«Достық торы» жаттығуы.
1. Берілген жіпті бір-біріне лақтыра отырып, қыз балаларға
лайық өз бойларындағы ерекше қасиеттерін айту. Көптеген қасиетті айта отырып, жіпті бір-біріне лақтырып отыру.
2. Болашақта үлгілі қыз бала атына лайық болу үшін, бір-бірлерін дұрыс түсіну үшін, сондай-ақ достық қарым-қатынасымыз нығаюы үшін қандай қасиеттер бойымыздан табылу керек (әдептілік, сыпайылық, ибалылық, келісім, сыйластық т.б.). Соңында тор шықты, торды «достық торы» деп атап, достығымыз нығая берсін деп қорытындылау.
Слайд 10«Ашулы шарлар» жаттығуы
Нұсқау:
I топ қатысушылары ортаға
шығып
шарларды үрлеп,оларды байлайды.Шарлар-адамдар
денесін бейнелейді,ал оның ішіндегі ауа-сезімін.
Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.
II-топ қатысушылары да шарды үрлейді.Бірақ
байламай ұстап тұрады.Бұл шарлар ашу толы сезімді
білдіреді.Шарды жайлап аузынан жарты ауасын
жіберу керек.Шар кішірейеді бірақ жарылмайды.
Қатысушылар шардағы ауаны толығымен шығарады.
Слайд 11«Жақсы сөз-жарым ырыс» жаттығуы
Нұсқау: қатысушыларды фигуралар арқылы екі топқа бөлеміз.
Үшбұрыш
фигурасын алғандарға әр түрлі көңіл-күйді білдіретін сөздер таратылады.
Төртбұрыш фигурасын алғандар кеңес береді.Кеңес берушілер қарсы топтағыларға жағымды әсер қалдыруға әрекет етеді.
Мыс: Ұзақ уақыт күткен кездесу сәтсіз аяқталды.
Слайд 12«Кел,орын ауыстырайық!» ойын-жаттығуы
Нұсқау: ойын-жаттығуды жүргізуші топтың
ортасына шығып,орындарын ауыстырып
отыруға
мүмкіндік туғызатын кез-келген тапсырма
айтады.
Мыс: Бүгін жұмысқа келерде шашын
тарағандар орынын ауыстырсын.т.б.,барлығы
жүгіріп орынын ауыстыруға ұмтылғанда өзі бір
орынға жайғасады,қай ойыншыға орын жетпей
қалса,ойынды сол жалғастырады.7-8 рет
қайталанады.
Слайд 13«Тілек айту» жаттығуы
Қыз балалар бір-біріне доп лақтыру арқылы жақсы тілек айту,
тренингтік жаттығуларды қорытындылау.
Слайд 14
Қорытындылау. Рефлексия
Оқушылар, бүгінгі тренинг қалай өтті?
Не
себептен ұнады/ұнамады?
Бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау, ойын-
жаттығулар арқылы сенімділік орнады ма?
Ашуды басу, кикілжіңге келмеу, жігерлілік
бойыңызда пайда болды ма?
Оқуға деген қабілеттілік, өмірге деген
құлшынысыңыз артты ма?