Слайд 1Қарақия ауданы №8 орта мектебі
Мәңгүрттік – ұлт қасіреті
Сынып жетекші: Қарлығаш
Шаханова
Ашық тәрбие
сағаты
Слайд 2Тәрбие сағатының жоспары:
Психологиялық дайындық.
1. Ой ашар.
1-бөлім “Әбіш пен Абыл”
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой
қозғау.
ә) Топтық жұмыс.
Автор орындығы
2-бөлім “Мәңгүрттік- ұлт трагедиясы”
“Ой жалғастыру”
“Кек” фильмінен үзінді
Мағынаны тану
“Еркін жауап”
А) Топпен жұмыс
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Үндеу хат
2. Үйге тапсырма.
Слайд 3 Психологиялық дайындық.
1. Ой
ашар.
-Балалар бүгін қандай күн?
-Қазақта аптаның бұл күні қандай күн деп есептеледі?
Слайд 4 Ой қозғау.
Әбіш Кекілбаев кім?
Әбіштің қандай шығармаларын білесіздер?
Жазушының түрікмендер мен адайлар
арасындағы қақтығыстары туралы жазылған шығармасы қалай аталады?
Слайд 5Көкемнің бармағынан бал саулады,
Осы ауыл талай тыңдап тауыса алмады.
Көп болды сол
көкемді көрмегелі,
Күйіне біздің ауыл тамсанғалы.
Соқтырған қыр өкпегін тау самалы,
Мен де іздеп ерке күйді тамсанамын.
Қаңсыраған домбыра да сездіртіпті,
Бал бармақ күйші иесін аңсағанын...
Ә.Кекілбайұлы
Слайд 7
1-топ Оқиғаның тарихы
Бұл шығарма қандай заманда, қандай жағдайларда
орын алып, қалай
басталып еді?
Слайд 8Күтілетін жауап: бұл оқиға XVIII ғасырдың ортасында Айладыр мен Қақпақтының дөңі,
қазіргі Оңтүстік Маңғыстау жерінде болған. Бұл жер ежелден түрікмендер мен адайлардың бітпес дауының басы, мал мен жер еді, арты ушығып адам өліміне ұласып жататын көрші екі елдің арасындағы шиеленістің ушыққан кезеңі болатын. Осы уақыттағы шиеленістердің бірінде орын алған тағдыр мен адамның теке-тіресі, достықты яки дұшпандықты, өнерді не өлімді, дала заңын шығармаға арқау қылған жазушы түрікмендердің қолына түскен қазақ күйшісінің аруағына арнап жазған екен.
Слайд 10Күтілетін жауап: қақтығыстардың бірінде түрікменнің батыры Жөнейттің кіші баласы Дәулет қаза
тауып, өз бетінше жүрген күйшіні шабармандар тұтқынға алып келеді. Шығарманың негізгі кейіпкері жұпыны киімдегі тұтқын қазақ, қолына ұстаған домбырасымен бірге түрікпендердің тұтқынына айналған күйші. Күйші күй тартқан мезгілде бір нүктеге қадалып, домбыраның қос ішегін есілтіп, ішкі сырын айтқысы келгендей шымырлайды. Домбыраның гөй-гөйі тыңдағанның көкірегін қысып, ырқың алып барады. Қанша қатты болсаң да иліктірмей қоймайтындай. Күй тыңдаған Жөнейттің жүрегі шымырлап, көмекейі бітіп қалды. Бұл күй қыршын кеткен боздақтарын, қаңырап қалған шаңырағын, жападан-жалғыз қуарып қалған қу басын бәрін-бәрін есіне салады.
Слайд 12Өнер құдіреті шығармада екі елдің қанша жауласса да домбырашы, дутаршы, бахшы
деген өнер, музыка әлемінде шекара болмайтынын, тыңдаған адам басын иетіндігін көрсетеді. Мысалы: Аннадүрді «Біздің Дәулетжан дутар шалғанда, ата жауымыздың өзі «әй, бәрекелде» деп арқасынан қақты,»-деп санын шапалақтайды. Бұл жерде пенденің бәрі бір өнер құдіретіне табынушы екенін білдік.
Слайд 13
“Автор орындығы”
Егер сіз автор болғанда оқиғаны қалай аяқтар едіңіз?
Слайд 142-бөлім
“Мәңгүрттік- ұлт қасіреті”
Слайд 15“Ой жалғастыру”
“Ой жалғастыру”
1-топ Тұтқындарды
жазалау технологиясы,
аты
2-топ Тұтқынның жан күйзелісі
3-топ Тұтқынның
әрі қарайғы іс-әрекеті
Слайд 17“Еркін жауап”
Мәңгүрт дегеніміз кім?
Қазіргі заманда мәңгүрттер бар ма?
Болса,
олар кімдер?
Слайд 18 Қазіргі заманда дүние жүзінде жеті
миллиард халық өмір сүріп, олар сегіз мыңға тарта тілде сөйлейді. Әрқайсысының өз болмысы, өз ерекшелігі бар. Оның әрқайсысы бүкіләлемдік, бүкіладамзаттық құндылық, құбылыс, болмыс болып табылады. Ешқайсысы да, еш жерде, еш заманда, еш жағдайда жойылуға тиіс емес. Бұл – барша адамзатқа аманат-парыз. Халқының жанына жалау болуды, кәдесіне жарауды арман етіп, келешек елдің иесіміз деп белін буған жастар бұл мұраларға иелік етпесе, кім иелік етпек?
Дегенмен де тарих соқпағынан, ата-баба даңғылынан басқа жол іздеп, халқымыздың сүйегіне, жаны мен қанына сіңген қасиеттен басқаға ұмтылып, тарихи тегін, ата-бабасын біле тұра, білгісі келмейтін, кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы ойланбайтын, тілін, ділін, дінін ұмыта бастаған жастарымыз - мәңгүрттіктің қоғамдық, ұлттық трагедиясына соқтыратын рухани мәңгүрттік қолдан жасалған мәңгүрттіктің жанында жолға қалады.
Слайд 19Мәңгүрттік
Рухани азғындау
Имансыздық
Ана тілін білмеу
Төл мәдениетін менсінбеу
Ата-анадан, баладан безіну
Діни азғындау
Есірткіқұмарлық
Слайд 20
Тіл – ұлы Ана,
өз анасын менсінбеудің мұңы бар,
Кінәлілер сөзсіз оның
кие-күшін ұғынар...
Қаптап кетті өлкемізді
әңгүдіктер - әңгүрттер,
Тілін, рухын сүймегеннің
барлығы да мәңгүрттер.
Бұл бағытпен мүмкін бе ертең
ұлттың ұлт боп қалмағы?
М.Шаханов
Слайд 22Ұлттық әні, күйі, домбырасы мен қобызының, сырнайы мен сыбызғысының үнін естіп,
одан зәредей де ләззат ала алмайтын жастар көбейіп келеді. Қазақ әнінің оның орнына шет елдің әуенін қойып берсең, жүзіне қан жүгіріп, көзінде жылт еткен ұшқын пайда бола бастайды. Шет елдің даңғыра әуендерінің кесірінен төл өнерге, төл мәдениетке деген талғамнан айрылған, рухани мәңгүрт ұлтқа айналып баратқанымызды да байқаудан қалдық. Жастайынан Құрманғазының «Сарыарқасын», «Көбік шашқаны» мен Динаның «Әсем қоңырын», Қазанғаптың «Домалатпай», «Көкіл», «Құс қайтаруын», Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» тыңдап, содан жас жанына ләззат алып, солармен бірге қуанып, солармен бірге мұңайып өспеген адам төл мәдениетті қайдан түсінсін? Осы әуен көршілес Өзбекстанда, не Түркіменстанда, не Әзірбайжанда, не Тәжікстанда неге жоқ? Себебі, олар әп дегеннен шетелден ақпараттық тәуелсіздік алуды жолға қойды. Олардың бүкіл баспасөзі, бүкіл телеарналары тек өз ұлтының тілінде ең алдымен өз ұлтының қам-қарекетін қаужайды. Ал біздің мұндай күйге түсуіміздің себебі не?
Слайд 24Атаны билеп ұл кетті,
Қожаны билеп құл кетті,
Баласы келсе он беске,
Ата-анадан күн
кетті,
Білмеді бала құрметті,–дегенде күндердің күні болғанда туған ата-анасынан, баласынан безініп, мүлдем ажырап, мәңгүртке айналатын ұрпақ көбейіп кететінін дәл болжады ма, кім білсін?!
Слайд 25Сынаптай сыртын
берсе туған балаң...
Слайд 27«Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап»
Слайд 28«Байығың келсе, жаңадан дін ойлап тап» деген сөзді қасиетті кітапта «аса
алдаушы» деп аталған адамзаттың жауы – сайтан лағынның пенделерді алдап, азғындыққа салу үшін ойлап тапқан амал-айласының бір парасы десе болады. Мәселен, бүгінгі күні елімізде әр 5 жыл сайын бір жаңа діни ағым пайда болады екен.
Олардың арасында кімдер жоқ дейсіз. Жылтыр сөзбен адамдарды арбап, құлдыққа түсіретін «бейкүнә» секталардан бастап, ашықтан-ашық сайтанға табынуды уағыздайтын, азғындықты басты бағдары етіп алған анайы секталар да жетіп артылады.
Слайд 30 Есірткі-грек тілінде "ұйқы” мағынасын білдіретін "narke” сөзі, ағылшын тілінде
"narkotik” деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.. Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар. Есірткі қару контрабандасында, тыңшылықта, бір мемлекеттің басқа мемлекет жастарын аздыруда, заңсыз жолдармен табыс табуда ең әсерлі және ең көп пайдаланылатын құрал.
Слайд 31Бұл ғасырда мәңгүрт болу тіпті бақыт саналып,
Нақ бір қажет игіліктей жатыр
жұртқа таралып.
Қалың елді осы індеттен сақтандыру мүмкін бе?
Слайд 32
“Мәңгүртке айналудан сақтанайық!”
Замандастарға үндеу хат
Слайд 33Біздің ортақ келешегіміз – ізгілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!
Слайд 34Көңіл қойып
Тыңдағандарыңызға
рахмет!!!