Презентация, доклад на тему ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

Содержание

Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуҚазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 8-бап

Слайд 1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ “ӨРЛЕУ”

АҚ ФИЛИАЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Алматы облысы Ұйғыр ауданы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі

Жоба

Тақырыбы:
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЕНГІЗУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУ

Орындағандар: Абдилова Б.
Исжанова К.
Курс жетекшісі: Валиева М.У.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, ПҒК

Шонжы, 2014жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ “ӨРЛЕУ” АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ

Слайд 2 Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын

енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы 8-бап

Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық

Слайд 3Жоба жұмысының жоспары:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
2.1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу
2.2. Мектептегі эксперименттік

жұмысты ұйымдастыру
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер







Жоба жұмысының жоспары:1.Кіріспе.2.Негізгі бөлім.2.1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу2.2. Мектептегі эксперименттік жұмысты ұйымдастыру3.Қорытынды4.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 4Кіріспе
Өзектілігі: Бүгінгі таңда  білім беру ұйымдарына  білімдегі бүгінгі өзгертулер мен жаңартуларды

енгізу, бүгінгі білім беру жағдайында педагог кадрларға қойылатын негізгі талаптарды ескеру,  педагог кадрлардың кәсіби  құзыреттілігін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру мәселелері білімнің қазіргі саясатына негізделгенімен  білім алушыларға білімнің сапалы түрде жеткізілуі   нақты қажетті әдіснамалық сипатта берілмей отыр.                    
ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында ...Орта білім жүйесін Қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді деп  атап көрсетті.
Осы мақсатта назар аударатын басты мәселе білім туралы әлемдік тәжірибені есепке алып,   мектептегі педагог  кадрлардың кәсіби дайындығын көтеру,   педагог кадрлардың  білім беру технологияларын   әлемдік стандарттарға негіздеу, оқыту технологияларына арналған  жаңа ғылыми бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік нұсқауларды,  жазу мәселесімен айналысуды  жұмысымыздың басты мақсаты деп санауымыз   керек болды.
Педагог кадрлардың  қазіргі заман талабына сай білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтарға бейімделуі,   бүгінгі білім берудің әдіснамалық жүйесі  жеткіліксіз қарастырылуы, білім берудің дәстүрлі әдіснамалық жүйесінен арыла алмай ескірген әдіс- тәсілдерді оқу үрдісіне қолданудың нәтижесінде білім алушылардың оқуға деген қызығушылығының жойылуына әкеліп соғуы, тіпті білім алушының мектеп өмірінен жалығуына дейін жетуі оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңаша жүйесін жасауды талап еткенін көрсетеді.

КіріспеӨзектілігі: Бүгінгі таңда  білім беру ұйымдарына  білімдегі бүгінгі өзгертулер мен жаңартуларды енгізу, бүгінгі білім беру жағдайында педагог

Слайд 5 Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан іс-шараларды

жүзеге асыруда  оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетке белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, құзіреттілік қабілеті жан-жақты дамыған сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мақсаты:

Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан іс-шараларды жүзеге асыруда  оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін

Слайд 6 
Міндеттері:

1.Оқытуды технологияландыру арқылы
бүгінгі білім берудің  мақсатын,
міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және
оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну,  таңдап алынған оқытудың технологиялар бойынша теориялық ақпараттар желісімен танысу
2.Жеке тұлғаға негіздеп білім берудегі сабақтың үлгі жоспарларын әзірлеу, үлгі сабақтар өткізу;
3.Экспериментатор - педагогтың  технологиялық, ақпараттық, коммуникативтік, менеджерлік құзіреттіліктерін қалыптастыруына ықпал ету;
4. Педагогтар көзқарасын оқыту технологиясына  бейімдеудің нақты әдістемесін жасау және оны тәжірибе жүзінде тексеру.

    Міндеттері:

Слайд 7

Егер,  орта мектептердің  оқу
үдерісінің барысында оқыту
технологияларын
қолдану    мәселелеріне ғылыми-
педагогикалық жан-жақты талдаулар жасалып,  технологиялық құзіреттіліктерді қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып және ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе,   оқу орындарының білім беру деңгейі заман талабына сай өзгерістерге бет бұру арқылы білімді,
ізденімпаз, креативтілік қабілеті жоғары
дамыған, синергетикалық іс-әрекетте белсенді,
шығармашыл бағыт ұстанатын құзіретті 
тұлғалар тәрбиелеп шығара алады.

Мектептегі эксперимент жұмысының ғылыми  болжамы:


Слайд 8ҚР-ның Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «ҚР-ның Қазақстан - 2030» даму стратегиялық

бағдарламасы;
ҚР Үкіметінің ресми материалдары (заңдар, қаулы), ҚР-дағы 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасы, ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
ҚР-да  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасы;
Оқыту технологиялары   бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері.
Озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымының өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибесі;


Мектептегі эксперимент  жұмысының зерттеу көздері:

ҚР-ның Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «ҚР-ның Қазақстан - 2030» даму стратегиялық бағдарламасы;ҚР Үкіметінің ресми материалдары (заңдар, қаулы),

Слайд 9Оқыту технологиялары  бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау

жасау, белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану,   мектеп  оқушыларының білім, білік, дағды    деңгейін бақылау;
Жеке тұлғалалық сипатқа тән  оқушылардың     шығармашылық жұмыстарын әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру;
Тәжірибелік – эксперимент жұмысының
мәліметтерін сандық және сапалық жағынан
сараптап қорытындылау, мониторингін жасау

Мектептегі  эксперимент жұмыстың  зерттеу әдістері: 

Оқыту технологиялары  бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми

Слайд 101. Ізденіс – жаңалыққа жол ашу

Негізгі бөлім
Инновация – латыншадан аударғанда «жаңа»,

«жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Инновациялық оқыту білімді
тереңдетумен қатар оқушының оқу
әрекетіне жетелеп, олардың оқуға
деген ынтасын оятады.
1. Ізденіс – жаңалыққа жол ашуНегізгі бөлім	Инновация – латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация»

Слайд 112. МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да

мүмкін емес.
Бауыржан Момышұлы
Эксперимент – (латынның – тәжірибе, байқау, көру деген сөзінен алынған) педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсер ететін мәнді факторларды анықтайтын зерттеу әдісі.
Эксперимент біріншіден белгілі бір теориялық ережелерді дәлелдейді немесе жоққа шығарады. Екіншіден жаңа эксперименттермен растауға тиісті жаңа теория немесе гипотезаның алғы шарты болады.
М.М.Поташкин педагогикалық эксперименттің нәтижесі алдын ала белгісіз болғандықтан тәуекелмен байланысты екендігіне тоқталады.
Өйткені: Адамның барлық ойлағаны көп жағдайда орындала бермейді. Кейбір болжамдар қате болып жатады.
Эксперимент – ғылым мен практиканы байланыстыратын құралдардың негізгісінің бірі.
Эксперименттің дәледеуінсіз бірде бір теория ұзақ өмір сүре алмайды.
Барлық эксперименттің негізгі мақсаты – жаңалық ашу болғандықтан, ол – шығармашылық әрекет.
Ендеше экспериментке қатысатын барлық оқытушылардан шығармашылық әрекет талап етіледі.
Шығармашылықты адамның ішкі әлеуетін ең жоғары деңгейге көтеріп, шыңға шығаратын өзінің ішкі күштерін жұмылдыра отырып, өзін-өзі іске қосатын, сол арқылы ең жоғары нәтижеге әкелетін адам әрекеті деген тұжырымдар жасайды ғалымдар.
Сонымен қатар, экспериментатор - педагог  шығармашылық әрекетке негізделген эксперименттің сапалы болуының шарттарын яғни, ғылыми аппаратын білуі тиіс.
Оларға: педагогикалық эксперименттің тақырыбы, өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, қорғауға ұсынылған қағидалар, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі жатады.
Педагогикалық эксперимент «бұрын қарастырылмаған нені зерттеу керек» деген сұрақтан басталады.

2. МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЗерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.Бауыржан МомышұлыЭксперимент – (латынның – тәжірибе,

Слайд 12 Бүгінгі күнге дейін мектептің эксперимент жұмысының  негізгі шарттары анықталады. Мектептің  экперимент 

алаң жұмысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 25-бабына сай оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізуге, білім  берудің жаңа мазмұнын енгізуге  бағытталған облыстық білім басқармасының қасындағы және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының мамандары  әзірлеген бағдарламасына сай  мектептегі эксперименттік алаң қызметінің ережесі бекітіледі. Мектептегі экспериментатор-мұғалімдер құрамында  тәжірибелі, шығармашыл және ізденуші мұғалімдер әлеуеті жұмыс атқарады.  Мектептегі  эксперимент алаң мұғалімдері өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  27 шілдедегі Заңын, облыстық білім басқармасының жарғысын, білім беру ұйымының бұйрығын   және осы Ережені басшылыққа алып жұмыс жүйесін атқарады.
«Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық қызметті енгізу» атты тәжірибелі –экспериментті  алаңның   оқу жылына арналған  жұмыс жоспары құрылады.
Эксперимент  алаңындағы  экспериментатор - мұғалімдерінен жасақталған шығармашылық топтың  атқаратын міндеттері  анықталады.
Эксперимнт  алаңындағы  экспериментатор-мұғалімдері жұмыс бағытымен таныстырылады. Мұнда, таңдап алынған оқыту технологиясы бойынша ақпараттар жинақтау, облыстық мамандар біліктілігін арттыру институттарының бекітілген координаторлармен тығыз байланыс жасау, эксперимент сыныптарына арналған алғашқы мониторингілік кестені толтыру сияқты жұмыс бағыттары ұсынылады.
Әрбір экспериментатор-мұғалімдердің айналысатын технологиялары бойынша  ғылыми-ізденушілік жұмыстарын жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылады. Арнайы тағайындалған координатолармен кездесу ұйымдастырылып, олармен бірлесе отырып алғашқы мониторингілік кесте  құрастырылады. Құрастырылған мониторингілік кесте бойынша экспериментатор-мұғалімдар  алғашқы бақылау мониторингісін жасайды.

Мектептегі эксперимент жұмысының жүргізілу барысы

Бүгінгі күнге дейін мектептің эксперимент жұмысының  негізгі шарттары анықталады. Мектептің  экперимент  алаң жұмысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы

Слайд 13КЕЛІСЕМІН

БЕКІТЕМІН
БАИ-ның директоры Мектеп директоры
_________ Х.А.Дюсебаев _________Б.АБ.Абдилова
Эксперименттік тәжірибе жұмысының перспективалық жоспары
КЕЛІСЕМІН

Слайд 19Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты ғылыми кеңесінің 2010 жылы 14

қазандағы №5 шешімімен мектебіміз «Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбы бойынша ғылыми-эксперимент жұмысы жүргізілетін мектептер қатарына енгізілді. Эксперимент «Оқушыларға нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру» мақсатымен жұмыс жүргізді. Жүргізілген эксперименттің нәтижесінде біріншіден, мұғалімдердің, оқушылардың қызметіне дифференциалды ықпалдастығы жүзеге асырылды, соның негізінде оқушлардың өзіндік білім алу траекториясы қалыптасты. Екіншіден, оқушылардың шығармашылық ерекшеліктері анықталып, өзіндік іс-әрекеті қалыптасты. Үшіншіден, оқушылар бойында ізденіс, білімге деген қызығушылық оянды, оқушының өзінің білім сапасын арттыру құштарлығы тұрақтанды. Төртіншіден, педагогтар мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің маңыздылығына қол жеткізілді.
Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты ғылыми кеңесінің 2010 жылы 14 қазандағы №5 шешімімен мектебіміз «Мұғалімдер мен

Слайд 20«Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру

шарты» тақырыбында жүргізілген эксперимент кезіндегі шығармашылық тәжірибе алмасу семинары
«Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру – нәтижеге бағдарланған білім беру шарты» тақырыбында жүргізілген эксперимент кезіндегі шығармашылық

Слайд 21Қорытынды
Инновациялық қызмет – мектептің инновациялық техникалық және технологиялық әлеуеті туралы мәліметтерді

жүйелеу және талдау; бәсекеге қабілетті әзірлемелерімен қамтамасыз етілген «технологиялық дәліздерді» айқындау; зертханалық кешенін жаңғыртуды қамтамсыз ету; инновациялық технологияларды әзірлеу және тапсыру саласында зерттеу құрылымдарының өзара әрекеттістігін қамтамасыз ету.
Ал, эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы;
білім мекемесіндегі іздену жұмыстары; мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.
Яғни, ол - даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар   және білім саласында ізденушілер.
Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:
Модификациялық- белгілі әдіс –тәсілдерді өзгеріске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.
Комбинаторлық-   жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды)
Радикалдық   - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау, бұрын –соңды қайталанбаған жоба.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдер қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, оқыту үдерісін технологияландыру, осыған сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізіп жаңа оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен тансу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.

ҚорытындыИнновациялық қызмет – мектептің инновациялық техникалық және технологиялық әлеуеті туралы мәліметтерді жүйелеу және талдау; бәсекеге қабілетті әзірлемелерімен

Слайд 22Пайдаланылған әдебиеттер :
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы;
ҚР-да  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған Мемлекеттік  бағдарламасы;
Оқыту технологиялары   бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері;
Озық педагогтар тәжірибелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, ұжымның өзіне тән жеке іс-әрекет тәжірибесі;
Ғаламтор материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер :ҚР-ның «Білім туралы» Заңы;ҚР-да  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасы;Оқыту технологиялары   бойынша философтардың,

Слайд 23Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Что такое shareslide.ru?

Это сайт презентаций, где можно хранить и обмениваться своими презентациями, докладами, проектами, шаблонами в формате PowerPoint с другими пользователями. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть