Слайд 1
«Мамандық - өмір таңдауы»
8 “ә” сынып Ш. Уәлиханов атындағы ЖОМ
Слайд 2Мақсаты:
Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту,
Мамандық әлемінен ақпараттар
алу;
Қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.
8 “ә” сынып Ш. Уәлиханов атындағы ЖОМ
Слайд 3
Мамандықтың жаманы
жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Ж.Аймауытов
Слайд 5Жоспар
Психологиялық сәт: «Психогеометрия»
Менен сұрақ, сенен жауап.
Мен мамандық әлеміндемін
“Ең жақсы” ойыны
Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
Мамандықтарды сәйкестендіру
Қазіргі заманның табысты мамандары
Жағдаяттық сұрақтар.
Слайд 7Менен сұрақ, сенен жауап
8 “ә” сынып Ш. Уәлиханов атындағы ЖОМ
Слайд 8
1) «Маман иесі»-дегенді қалай түсінуге болады?
2)Алдағы уақытта қандай маман иесі
болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
3) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.
4). Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
5)Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
6)Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
7)Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
8)Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
9)Адам белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?
10)Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Слайд 9
“Кәсіптік білім берудің
құрылымы”
Слайд 10Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
Арнаулы орта
білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік білім алуға болады.
Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
Слайд 11 Статистика:
Еліміздегі ЖОО жайлы айта кетер болсақ:
Қазір
елімізде 148 ЖОО орны бар,
оның 52 Алматыда орналасқан.
Университеті көп өңірлер қатарына Қарағанды(13), Астана қаласы(12), ОҚО (10), ШҚО (10).
Слайд 12Айрықша мәртебесі бар мемлекеттік жоғарғы оқу орындар(ұлттық):
Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық университеті(Алматы),
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. (Алматы)
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана)
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. (Алматы)
Слайд 15
Мамандық
типтері
Адам-табиғат
Адам –белгі жүйе
Адам-техника
Адам-адам
Адам-өнер
Слайд 16
4.“Ең жақсы” ойыны.
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелері ұсынылатын
болады, ал сендер берілген мінездемеге барынша сәйкес келеді деген мамандықтарды атауыңыз керек.
Ең жасыл................
Ең тәтті...................
Ең ақшалы .............
Ең жауапты ............
Ең күлкілі ................
Ең адамдармен көп араласатын .........
Ең салмақты...............
Слайд 175.Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде
Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
Мамандық
таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
Ақша болса, мамандық қажет емес
Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды
Мамандық таңдау – күн көріс қамы
Слайд 19Суретші, ЭВМ операторы, машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, атқосшы, дәрігер, продюсер,
экскурсовод, космонавт,аспазшы, гувернер, клоун, дизайнер, педагог.
Слайд 20
6. Мамандықтарды сәйкестендіру
8”ә” сынып. Ш. Уәлиханов атындағы ЖОМ
Слайд 217.Қазіргі заманның табысты мамандары
Слайд 22
Аниматор-суретке жан бітіруші. Мультипликатор-мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор-үш деңгейлі графиканы өңдеуші
дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.
Слайд 24
Витражист-көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра алатын мамандар. Олар сөрелердің
және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.
Слайд 25
Интерьер дизайнері-үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналыстыра білетін маман.. Бұл
қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.
Слайд 26Декоратор- түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика,
сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар.
Слайд 27
Импрессарио немесе продюсер- түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.Бұларды белгілі бір өнер адамының
агенті деуге де болады. Аса бір қабілеттілікті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Слайд 28Клипмейкер-бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап тауып, қысқа
бейне хабарламалар жасайды.
Слайд 30Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!