Слайд 1Ұлттық намыстың шарқайрағы –Жұмабек Ахметұлы Ташенов
100 жаста
Слайд 2Тірісінде аңыз болған Тәшенов
Никита Хрущевқа «ЖОҚ» деп қарсы шыққан
«… Жұмабек Тәшеневтің
ел үшін, жер үшін жасаған еңбектеріне хронологиялық анықтама келтірмей-ақ осы азаматпен және менің қатысуыммен болған бір ғана оқиғаға тоқталайық деген Хайдар Арыстанбековтің өзі куә болған оқиғасын былай баяндайды.
Жұмекеңнің жерге қатысты күрестерінің бірін оның өзі тікелей қатысқан көрші Өзбекстан республикасы арасында болған жағдайдан байқауға болады. Осыған орай: «Жалпы, Бостандық ауданынан 1955 жылы біз қалай айрылып қалдық? " — деген сұрақтың тууы орынды. Ол былай болды. Әуелгіде өзбектер Бостандықты сұрап Мәскеу жаққа хат жіберген. Ол кезде Өзбек ССР-інің бірінші хатшысы Мұхитдинов болатын. Ол мынадай себептерді алға тартты: «Біріншіден, Қазақстан бұл ауданға Ташкент арқылы қатынайды. (Жол жоғы растұғын. Тауды айналып, Өзбекстан арқылы баратынбыз).
Слайд 3Ұлтының қайсар
ұлы
Тәшенов отбасымен бірге
Слайд 4Тарихты тұлғалар жасайды
Егер Тәшенов Қазақ жерін қорғап қалмағанда біздің территориямыз жоғарыдағыдай
болып алар еді.
Слайд 5Тарих деген- шежіре.
Уақыт деген-алып бар.
Сол алып уақыт әркімді өз орнына
қояды.
Кімнің кім екені сонда айқындалады.
Ж.Тәшенов
Слайд 6АЙДАҺАРМЕН АЛЫСҚАН…
Жұмабектің Отан алдындағы асыл парызын өтеудегі ең ұлы қызметін ғалым,
жазушы, мемлекет қайраткері Әди Шәріпов естеліктерінде «Баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары мен Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының ата-мекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Қазақ халқының ерте заманнан бері қоныстанған тамаша шұрайлы жерін, бір қатерден оның сақтап қалғанының куәсі болғанбыз», – деп жазады.
Слайд 7СӨЗ БЕН ІСТІҢ АРАСЫ
Қостанай өңірінен ұлт дамуы үшін ерен еңбек еткен
тұлғалар аз емес. Десе де, Жұмабек Тәшеновтың орны тым басқа, оған өз деңгейінде құрмет көрсетілу керек-ау. Көп адамдар Махамбет пен Мағжанның немесе Райымбек пен Мұқағалидың Қостанайға ешқандай да қатысы жоқ дер. Жоқ, мүлде олай емес, мемлекеттік деңгейде ойлап, ұлты үшін еңбек еткен Кенесары хан, Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтар, бәрі-бәрі қазақтың дарасы емес пе? Сондықтан да, қазір біздер жер басып жүрген даланы «аман алып қалуға» тер төгіп, ықпал жасаған Ж.Тәшеновке ең болмаса облыс көлемінде біраз шараларды атқаруды уақыт талап етуде. Бұл ойымызды жоғарыда отырған ағаларымыз қолдайды деген үміттеміз.
Слайд 8Жұмабек Ахметұлының билікке келуін Кәрішал Асан-ата «Шынжырда өткен жолбарыс…» кітабында былай
өрнектейді: «…Тәшеновтің Республика деңгейіндегі бірінші басшылардың алдыңғысының біріне айналуына Хрущев пен Булгалиннің 1955 жылдың басындағы Үндістанға барған сапары бірден-бір себепкер болды. Шығысқа ұшып бара жатқан барлық ұшақтар жолда Ақтөбе аэропортында аялдама жасайтын. Мәскеуден Делиге дейін тура ұшатын лайнерлер ол кезде болмағандықтан Хрущев ұшағы Ақтөбеге табан тірейді. Аэропортқа обкомның бірінші хатшысы Ж.Тәшенов қонақтарға бас тартып қазақша сый-құрмет көрсетеді. Облыстың барлық жетістіктерімен таныстырады…».
Слайд 9Қызметі
1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі
1939
– 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары
1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952)
1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы
1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы
1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы
1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары
Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған.
Слайд 10Қайраткерлігі
Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің
аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.[1]
Слайд 11Марапаттары
«Ленин», «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған
Слайд 12Барым -өлімнің садағасы
Ж.Тәшенов
Слайд 13Қазақ әдебиетін» тұқыртып немесе жауып тастағалы келіп отырғандарға ызаланған Жұмабек Ахметұлы:
«Тайсақтамай батыл сөйле!» деп жігер береді. Жұмабек Ахметұлының әлгі сөзі С. Мәуленовты сескенбей сөйлеуге итермелеп, қорытынды сөзінде былай дейді: «Қазақ халқының басынан шойындай қара бұлт кетпей-ақ қойды. Арал маңында, Бетпақдалада оба ауруына қарсы бекет бар. Ал, Алматыда ұлтшылдарды қолдан жасайтын «фабрика» жұмыс істейді», - дейді.
Слайд 14Лебіздер
«Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім -
Жұмабек» (Ғабит Мүсірепов, жазушы)
«Ж.Тәшенов қандай қызметте болса да ең алдымен өз елінің мақсат-мүддесінен шығатын, халықтың жағдайын ойлайтын, ұлттық мәселелерді КСРО басшыларының алдында тайсалмай қоятын, жүрегі қазақ деп соғатын біртуар азамат еді»(Сағадат Нұрмағанбетов, генерал, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы)
Слайд 15С Ө З Д Е Р І
Біз броньмен соғысқа бармай қалдық
қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді
«Никита Сергеевич, егер Жоғарғы Кеңес әр республиканың жерлерін жергілікті органдарынсыз шеше беретін болса КСРО-ның және ұлт республикаларының Конституциясын жою керек қой. Ал ол Конституциялардың баптарында әр ұлт республикасы өзінің тарихи жеріне, ондағы байлығына өз меншігім деп пайдалануға құқы бар. Оны өзгертуге ешкімнің, ешбір органның құқы жоқ».
«Социалистік Қазақстан» газетін ашқан да сен емес, жабатын да сен емессің»
Слайд 16“Ер Жұмабек
елдің шын
арысы еді”.