Слайд 1Ұранымыз:
“Әрбір бала- бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет”
Слайд 2Тақырыбы: Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Слайд 3Мақсаты:
Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау және олармен жұмыс атқара отырып үлгермеушілікті
болдырмау.
Слайд 4
Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын
толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.
Әрине үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.
Слайд 5
Психологтар мен педагогтардың зерттеулері бойынша баланың үлгермеушілігіне үш фактор себепші
болады екен.
Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
Екіншіден, эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік бірде жеңіл пәннен, бірде екінші пәннен үлгермей қалуы
Үшіншіден, балалардың мінез- құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
Слайд 6
I топ себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр
түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.
II топ алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;
III топ дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.
Мұғалімдер тобы
Сіздің сабағыңызда оқушының үлгерімі және жүріс – тұрысы қандай?
Үлгерімі төмен оқушының сабаққа деген ынтасының төмендеуінің себебі неде?
Оқушының үлгермеушілігін көрсететін жағдай, оған сіздің берген ақыл – кеңесіңіз?
Слайд 10Үлгерімі төмен оқушылар
-Сіз бүгін сабаққа дайындалып келдіңіз, бірақ мұғалім сізге көңіл
бөлмеді, сіздің іс- әрекетіңіз?
-Оқуға деген қызығушылығым төмен, себебі........
-Сіз үлгерімі төмен оқушысыз, сабаққа деген ынтаңыздың жоғарлауы үшін мұғалімдерден қандай көмек күтесіз?
Слайд 11 Ата – аналар тобы.
Балаңыздың жүріс – тұрысына, оқуына көңіліңіз тола
ма?
Сізді не қиналдырады, сіз оған қалай көмектесесіз?
Ол үйде не істейді, сізге қалай көмектеседі?
Сіз қалай көмектесесіз?
Слайд 12Ертегі терапиясы
«Дәрменсіз » қисық ағаш
Слайд 14 Үлгерімі төмен балаларды болдырмау үшін әсіресе бастауыш
сыныптарда ата –
анамен және ұстазбен шәкірт арасында
тартыс туындамауы қажет. "Егер бала бұзақы болса, онда оған
бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі"
деген А.С.Макаренко.
Олай болса мұғалім,
біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін,
сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы,
тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар
сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.
Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен
шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп
алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек.
Үшіншіден, мұғалім шыншыл, әділетті болуы керек.
Төртіншіден, ұстаз кекшіл болмай, кеңпейілді, кешірімді,
мейірімді, сабырлы, ұстамды болғаны жөн.