Слайд 1«Колледжде студенттер арасында ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, бұзақылық, қару қолдану,
мемлекет мүлкін бүлдіру сияқты заң бұзушылықты болдырмау шаралары»
Слайд 2
Меншік – кез келген қоғамның өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Мемлекетте
меншік иесінің мүліктік мүдделері елеулі болып табылады. Аталған игіліктің маңыздылығының жоғарылығы сонша, халықаралық қауымдастық маңызды адам құқықтары мен бостандықтарының қатарында Адам құқықтары жөніндегі Жалпы декларацияда оны бекітуді жөн тапқан: «Әрбір адам мүлікке жалғыз немесе басқалармен бірлесіп иеленуге құқылы. Ешкім де еркінен тыс мүлкінен айырылмауы тиіс» (17-бап).
ЖЕКЕ МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ
Слайд 3Елімізде жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына
заңмен кепілдік беріледі, соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды – бұл қағидалар Ата Заңымызда жазылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы беріледі делінген.
Меншікке қол сұғу заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 6-тарауында он сегіз түрлі меншікке қарсы құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық көзделген (187-204-баптары). 2014 жылдың 03 шілдеде қабылданған жаңа Қылмыстық кодекс бұрын әкімшілік жауаптылыққа әкелетін ұсақ-түйек жымқыруды, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық,
иемденіп алу немесе талан-таражға салуды, қылмыстық
құқық бұзушылық қатарына жатқызды.
Слайд 4Заңдағы жаңашылдықтар мен қолданыстағы заңнамамыздың үнемі жетілдіріліп отыруы – бөтеннің мүлкін
жымқыру жолымен қол сұғудан тиімді қорғауды қамтамасыз ету қадамдарын жасаған деуге болады.
Бөтен мүлікті жымқыру нысандарына қылмыстық заңдағы 7 қылмыстық құқық бұзушылықты жатқызады. Олар: ұсақ-түйек жымқыру (187-бап); ұрлық (188-бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189-бап); алаяқтық (190-бап); тонау (191-бап); қарақшылық (192-бап); ерекше құнды заттарды жымқыруға салу (193-бап) құрамдары.
Слайд 5Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
6-тарау. МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру
1.
Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Слайд 6188-бап. Ұрлық
1. Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру –
мүлкі тәркіленіп немесе
онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен;
4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық –
мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ірi мөлшерде жасалған ұрлық –
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) мұнай-газ құбырынан;
3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 7189-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу
1. Кiнәлiге
сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет жасалған;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекет –
мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 83. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:
1)
iрi мөлшерде жасалса;
2) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, –
мүлкi тәркiленiп, ал 2) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, –
мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 9191-бап. Тонау
1. Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру –
мүлкi тәркiленiп немесе
онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;
2) бiрнеше рет;
3) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
4) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп жасалған тонау –
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ірi мөлшерде жасалған тонау –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, –
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 10192-бап. Қарақшылық
1. Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның
өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш колданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл –
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiріп;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалған қарақшылық –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан;
2) iрi мөлшердегі мүлiктi жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық –
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, –
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 11194-бап. Қорқытып алу
1. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін
жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) күш қолданып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
3) бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық –
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Слайд 123. Мынадай:
1) жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіріп;
2) ірi мөлшерде мүлiк алу
мақсатында жасалған қорқытып алушылық –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса iрi мөлшерде жасалса, –
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Слайд 13204-бап. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
1. Абайсызда жасап, ірі залал
келтіріп бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Отпен немесе қауiптiлігі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет – екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.