Слайд 1Тақырыбы:
“Әке -ер, ана-жігер.
Бір үйде екі кемеңгер”
Орындаған: Ортаева Гүлнар Битуғанқызы
Сыныбы:
11 “Б”
Слайд 2Тақырыбы: “Әке -ер, ана-жігер. Бір үйде екі кемеңгер”
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың
алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын дамыту; балалармен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі дұрыс қолдануға ой салу.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, рөлге ену.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек сызбалар, шарлар
Слайд 3Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІІ.Жоспар таныстыру
Көрініс: “Кемшілік кімнен?”
“Ой –өрісіңді тексер” сайысы
“Қызықты сұрақтар” сайысы
“Ойлы
болсаң, озып көр” сайысы
Тренинг “Ерекше ән айту”
“Кім мәреге бірінші жетеді?”
Толғаныс
“Саған айтқым келеді.....”
Қорытынды
Слайд 4Кіріспе.
Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды көздеген
табысты тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата-ананыда әрқашан толғандырып келеді.
Ата-ана қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Осы жағынан кез-келген ата-ана өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінуі керек. Осындай мақсатпен бүгінгі “Әке-ер, ана-жігер. Бір үйде екі кемеңгер” атты тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Олай болса бүгінгі сайысқа 11 “Б” сынып оқушылары мен ата-аналары келіп отыр. Бүгінгі сайысқа 4 ата-ана ұл-қыздарымен қатысады.
І топ : “Тапқырлар”
ІІ топ: “Алғырлар”
ІІІ топ. “Білімділер”
IV топ: “Ойшылдар”
Слайд 5Әділдік пен баға берер сендерге,
Әділдіктен қара қылды қақ жарар.
Қазір енді қазыларды
сайлайық
Ең алғыр топты таңдап алуға
– дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Сайысымызды бастамас бұрын тренинг өткіземіз.
Тренинг “Асық”
Асық ұғымына не айта аласыз? (жауаптан соң)
Өмір сүруге асық!
Жақсылық жасауға асық!
Бақытты болуға асық!
Өзгені бақытты етуге асық.!
1.Көрініс. “Кемшілік кімнен?” (көрініс бойынша ата-аналарды пікірлесуге шақыру.)
2. “Ой-өрісіңді тексер” сайысы (сөйлемді аяқтау, әр топтың бір мүшесі қорғайды.)
Слайд 6Топ
Егер баланы үнемі сынап отырса...... (оқуға, іске құлқы болмайды).
2. Топ
Баланы
қолдап отырса........ (білімге деген ынтасы артады).
3. Топ
Бала қауіпсіз жағдайда өссе...... (ол адамға сеніммен қарайды).
4. Топ
Бала кекшілдікте өссе..... .( ол қатігез болып өседі)
0
Слайд 8«ойлы болсаң, озып көр»сайысы
Слайд 9Тренинг: “Ерекше ән айту”.
Мақсаты:
Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу, көңіл-күйді көтеру.
Оқушылар өздері білетін
Кенжебай Жүсіптің “Апатайым, анашым” әнінің бір шумағын төмендегі шарт бойынша орындаулары тиіс.
Топтардың реті жеребе бойынша анықталады. Ойынға тек ата-аналар ғана қатысады.
Мұрнын қолымен қысып өлең айтқызу;
Ауызына ауа жинап алып өлең айтқызу:
Астынғы ерінді тістеп тұрып өлең айтқызу;
Екі тістік ортасына қаламсап қойып өлең айтқызу;
Слайд 10“Кім мәреге бірінші жетеді?” сайысы.
Балаңыз өте сәтті бір іс тындырды. Балаңызға
деген алғыс сезіміңізді қалай жеткізесіз?
Бес қадам алға жылжу арқылы өз алғысыңызды білдіресіз. Жауаптар қайталанбауы тиіс.
Слайд 11ТОЛҒАНЫС
Бұл сайыстың мақсаты: білім сапасын көтерудегі ата-ананың рөлі.
“Біреулер Құдайдан бала тілейді.”Ол
баланы не қылады?..............................
Өлсем орнымды бассын,- дейді
Артымнан құран оқысын, -дейді
Қартайғанда асырасын, -дейді
Сіздерге сұрақ:
Осыдан басқа ойлар бар ма? Сіз қалай ойлайсыз?
(әр ата-ана бір сөйлеммен ойын жеткізеді)
Слайд 12“САҒАН АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ” ..........
Шарты:
Ата-аналар мен балалары бір шеңберде тұрады. Ата-анасы алдымен
баласына, содан кейін баласы ата-анасы төмендегі сөздерді айта бастайды:
“Анашым , мен сізге көптен бері айтқым келеді..........”
“Қымбатты ұлым (қызым), саған бұрыннан бері айтқым келеді” – деп сөйлемді жалғастырулары тиіс.
Сайыстардың қорытындысы бойынша сөз кезегі әділ - қазыларға беріледі.
Слайд 13“Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер
балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.”
В.А.Сухомлинский
Слайд 14Қорытынды:
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін
тек ата-анамен бірігіп, жұмыс істеуі керек екенін ескерткен. Сондықтан балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр екен. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатынан көптеген мазмұнды пікірлер, тәрбиелік мәні бар ойлар ортаға салынды деп ойлаймын құрметті ата-аналар еңбектеріңіз жанып, балаларыңыз биіктен көрініп, бір-бір грант жеңіп алып, еліміздің білімді де, білікті маманы болсын!
Слайд 15Көңіл қойып, тамашалағандарыңызға рахмет!