Слайд 1ШЫМКЕНТ - 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ
НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
СЕМИНАР
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
Слайд 2Құрметті семинар қатысушылары!
Семинар барысында ұялы телефондарыңызды дыбыссыз режиміне қоюларыңызды сұралады.
Слайд 3СЕМИНАРДЫҢ МАҚСАТЫ: Қатысушылардың бойындағы азаматтық-патриоттық сезімін ояту, туған жерін, елін сүюге, қадірлеуге
тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа ұлттық стандартымен таныстыру.
Слайд 4БҮГІНГІ СЕМИНАРДАН
НЕ КҮТЕСІЗДЕР?
Слайд 5Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші,
әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ТУ
ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді.
Слайд 6Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe»
(мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
ЕЛТАҢБА
ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ГИМН
ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді.
Слайд 7ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА
МЕМЛЕКЕТТІК
ТІЛ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАР
МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА
ӘСКЕРИ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА
ҰЛТТЫҚ БЕЛГІЛЕР
Слайд 81992 – 1996 - МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛАУ
1996 жылдан бастап МЕМЛЕКЕТТІК ТУ
1992
жылдан бастап МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА
1992 – 1996 - МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН
1996 жылдан бастап МЕМЛЕКЕТТІК ГИМН
РЕСМИ АТАУЛАРЫ
1996 – 2008 – МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАР
2008 жылдан бастап МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
Слайд 9ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢНАМАЛАРДАН ҚЫСҚАША ШОЛУ
Слайд 1008/06/1990 Мемлекеттік рәміздерге қатысты алғашқы ұсыныс-хат Президенттің атына сол кезде Қазақ
КСР-нің халық депутаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының директоры, академик М.Қозыбаевтың атынан жазылған. Ұсыныс-хатта сол кезде қолданыста болған әнұран (конкурстық негізде жаңа мәтінді қабылдау) мен елтаңбаны (конкурстық негізде жаңа елтаңбаны қабылдау, оған ұлттық колорит және республиканың тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін беру) өзгерту себептері (сталинизм дәуірінің идеологиясынан арылу) мен қажеттілігін (Егеменді елдіктің белгісін білдірту) баяндалған. Президент өз кезегінде бұл хатты Президенттік Кеңес мүшесі М.Жолдасбековке түсірткен. М.Жолдасбековтің осы хаттың мазмұнына байланысты Елбасы атына жазған жауабында ұсынысқа қолдау білдіре келіп, бұл мәселені Жоғарғы Кеңестің кезекті сессиясының күн тәртібіне қоюды сұрайды. Елбасы Президенттік Кеңестің атына түскен хабарлама жауаппен таныса келе, рәміздік жобалар даялайтын құзырлы жұмыс тобын құруды тапсырады.
04/01/1992 Жоғарғы Кеңестің VIII сессиясының төрағасы С.Әбділдиннің бірінші мәжілістің отырысында мемлекеттік нышандарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын екі кіші топқа бөлу жөнінде ұсыныс жасады.
Слайд 132007 жылғы қабылданған Конституциялық заңдардағы баптар әлсіз және жеңілдікпен қарастырылды.
2007-2012 жылдар
аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерге қатысты көптеген даулар болды.
2012 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер бойынша бірнеше құқықтық заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, баптарды қаттайтылды.
Слайд 14«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы»
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы»
«Астана және Алматы қалалары, облыс әкімдер жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясы негізгі ережесін бекіту туралы»
«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы
N 1131 12 қараша 2003 жылы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы
N 862 1 қазан 2007 жылы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы
N 873 2 қазан 2007 жылы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы
N 1381 31 қазан 2012 жылы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы
N 1186 31 желтоқсан 2015 жылы
«Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін бекіту туралы»
Слайд 15ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЛАРЫ
НЕШЕ РЕТ ӨЗГЕРТІЛІП ҚАБЫЛДАНДЫ?
Слайд 17ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ 8 РЕТ ӨЗГЕРТІЛДІ.
Слайд 18ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
1465–1847 жж.
Ауысу себебі: Ресей империясының құрамына көшу кезеңі
ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ
ҚҰРАМЫ
1847–1917 жж.
Үш жүздің жеке тулары болмаған
Слайд 19Алаш автономиясының мемлекеттік туы туралы 1918-1919 жылдардағы ақпарат құралдарының, «Сибирская жизнь»
газетінің хабарына қарасақ, Семейде Алаш полкінің тұсау кесерінде, Әлиханды әскер қолбасшыларының қарсы алғанын жазады. Онда, қазақ әскерлерінің туы ақ түсті екенін, «Алла жар болсын!», «Алаш автономиясы жасасын!», «Құрылтай жиналысы жасасын!» деген сияқты сөздер жазылғаны туралы дерек бар.
АЛАШ ОРДА АВТОНОМИЯЛЫ РЕСПУБЛИКАСЫ
Түрлі ақпарат құралдарда, «Алаш Орда» автономиясы, Алаш зиялылары туралы материал жарық көрсе, «Алаш Орданың» мемлекеттік байрағы ретінде шынайы тұрақталмаған, дәлелденбеген бірнеше тудың суреттері жарияланып жүр. Олардың ішінде, «Жасыл Алаш автономиясы!» деп және Құраннан аят жазылған жасыл туды, сондай-ақ Түркия туына ұқсас алқызыл, алайда ай мен жұлдызы сары түске боялған туды кезіктіруге болады.
1917 - 1920
Слайд 201917 - 1920
ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯЛЫ СОВЕТТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ
Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын
қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекетіқұрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 26 қараша күні Қоқан қаласында IV-ші Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
Слайд 211920 - 1925
ҚЫРҒЫЗ (ҚАЗАҚ)
АВТОНОМИЯЛЫ СОВЕТТІК
СОЦИАЛИСТТІК РЕСПУБЛИКАСЫ
1925 жылы Қазақ АССР-нің астанасы
Орынбордан Акмешітке көшірілуіне байланысты Орынбор қаласы мен онын төңірегіндегі аудандар РСФСР-дің құрамына енді. 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасында Қазақстан Советтерінің съезі тұңғыш рет Қазақстанның барлық аудандары еңбекшілерінің өкілдері қатысқан жағдайда өтті. Съезд халықтың шынайы есімі — "қазақ" деген атауды қалпына келтірді және ресми республика Қазақ АССР-і болып аталатын болды. Оның астанасы Ақмешіт қаласы Қызылорда деп өзгертілді.
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды «қырғыз» не «қырғыз-қайсақ» деп, ал қырғыздарды «қырғыз» не «қара-қырғыз» деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды. 1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды. 1925 жылдың сәуірінде ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.
1925 - 1937
Слайд 22ҚАЗАҚ СОВЕТТІК СОЦИАЛИСТТІК РЕСПУБЛИКАСЫ
1940-1953
ҚАЗАҚ СОВЕТТІК СОЦИАЛИСТТІК РЕСПУБЛИКАСЫ
1937 - 1940
1937 жылғы наурызда
Қазақ Кеңестерінің төтенше Х съезінде Қазақ КСР-і Конституциясы қабылданды. Республиканың саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі деп көрсетілді. Өндіріс құралдары мен құрал- жабдықтары социалистік меншік болып табылатыны жарияланды.
Қазақ елі латын қарпін кириллицаның ауыстыруына байланысты Қазақ ССР-інің мемлекеттік Жалауына латын әріптерімен жазылған мәтінді ауыстырып, оның орнына кириллица әріптерімен толықтырылды.
Слайд 231953 жылы 5 наурызда Сталин қайтыс болды. 1953 жылы қыркүйекте өткен
пленумда Н.С.Хрущев КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Сол кезеңдерде Қазақ советтік социалистік Республикасының өзгертілген жаңа мемлекеттік жалауы бекітіледі.
1953-1992
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
1992
Слайд 24ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАЛАРЫ
НЕШЕ РЕТ ӨЗГЕРТІЛІП ҚАБЫЛДАНДЫ?
Слайд 26ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
8 РЕТ ӨЗГЕРТІЛДІ.
Слайд 27РЕСЕЙ ИМПЕРИЯ ҚҰРАМЫНА 5 ІРІ ОБЛЫСТАРДЫҢ ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАЛАЛАРДЫҢ ЕЛТАҢБАЛАРЫ
Семей
Орал
Торғай
Верный
Ақмола
Қазақ хандығының Ресей
империясының құрамына қосылды. 1891 ж. Дала генерал-губернаторлығына кіретін Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы жарғы қабылданды.
Слайд 28«Қазақ» газетінің 1918 жылғы 258-санында жарияланған «Орда гербі (таңбасы)» деген мақаласында
тоқталып, былай дейді: «Киіз үй - киіз туырлықты қазақ халқы. Үйдің түндігі ашық, есігі жабық болуындағы мағына: түндік жарық кіретін жол, есік түрлі заттар кіретін жол дегендік. Жарық жолы ашық, еркін болсын, түрлі заттар кіретін жол есігі еркін болмасын делінген еді. Түндіктен түсетін жарыққа өнер-ғылым енгізілген еді. Түндік күнбатыс жағынан ашылуы өнер-ғылым Еуропа жағында күшті болған себепті қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын деген мағына еді. Үйдің есігі «Қазақ» деген сөзден жасалған. Ондағы мағына «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі болсын, әрі жат жұрт жағынан күзетшісі болсын делінген еді. Қазаққа деген игілік нәрсені енгізу жолында газет қызмет етсін, сырттан келетін жамандық болса, күзетші орнында газет қызмет қылсын делінген еді».
АЛАШ ОРДА АВТОНОМИЯЛЫ РЕСПУБЛИКАСЫ
1917 - 1920
Слайд 29ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ ХРОНИКАСЫ
Слайд 30ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ ХРОНИКАСЫ
Слайд 31ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ ХРОНИКАСЫ
Слайд 32ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
НЕШЕ РЕТ ӨЗГЕРТІЛДІ?
Слайд 34ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
3 РЕТ ӨЗГЕРТІЛДІ.
Слайд 35ҚАЗАҚ ССР-НІҢ ГИМНІ
1943 жылы алғашқы Қазақ ССР-нің Мемлекеттік Гимні бекітіліп қабылданды.
Гимнді жазғандар Әбділда Тәжібаев, Қаюм Мұхамедханов, Ғабит Мүсірепов. Музыканы жазғандар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латип Хамиди.
1 9 4 3 – 1 9 9 2
жыл өмір сүрді.
Алғашқы Мемлекеттік
Қазақ ССР-нің Гимні:
59
Слайд 361992 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіз жаңа Гимнге конкурс жарияланып, қабылданды. Мәтінің
авторлары Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Жадыра Дәрібаева. Музыка авторлары өзгеруссіз қалды. Олар, Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латип Хамеди.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Қадыр МЫРЗАЛИЕВ
1 9 9 2 – 2 0 0 6
Жадыра ДӘРІБАЕВА
жыл өмір сүрді.
Тұңғыш Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні не-бәрі:
14
Слайд 37Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік Гимн
қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті. 2006 жылғы 6 қаңтардағы жаңа Гимн ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
2 0 0 6
МУЗЫКАНЫ ЖАЗҒАН:
Шәмші
ҚАЛДАЯҚОВ
СӨЗІН ЖАЗҒАНДАР:
Слайд 38“Менің Қазақстаным” әнін оның авторлары әнұранға арнап жазған да емес, әнұран
байқауына өз қолдарымен ұсынған да емес. Дүниеден ерте озған саңлақтардың артындағы жоқшысы да, бағалаушысы да – халықтың өзі.
Ол 1992 жылғы әнұран бәйгесіне де ұсынылған болатын. Белгілі жазушы, бірнеше ән жинақтарының құрастырушысы, баспа басшысы Хайдолла Тілемесов 1992 жылғы 10 қаңтарда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия атына жолдаған хатында:
“Қайнар” баспасы қаламгерлерінің пікірінше, біздің болашақ әнұранымыз халқымыздың еркіндік, тәуелсіздік жолындағы ізгі ниетін, ұлтымыздың ұлылығын, мәрттігін, қайсарлығын, ағайын алдындағы арлылығы мен адалдығын, алтын бесік – туған өлкеміздің ырыс пен құт, бақыт пен тыныштық мекені екендігін паш ететін, туған елді, кіндік кесіп, өскен жерді аялап сүюге, оның атақ-даңқын арттыруға үндейтін асқақ жыр болғаны абзал. Осы талаптар тұрғысынан біз, мысалы, Қазақстан Республикасының әнұраны етіп “Менің Қазақстаным” атты әнді алуды ұсынған болар едік”, - деп жазды.
Бірақ ол жолы бұл ұсыныс “марш жанрында жазылған туындыны гимн бәйгесіне қосуға болмайды” деген дәлелмен қайтарылған болатын. Десе де, халық жүрегінің қалауы айныған жоқ. “Менің Қазақстаным” әні бұрынғысынша мектептер мен балабақшаларда, спорт сайыстарының, салтанатты жиындардың төрінде, саяси науқандардың бел ортасында жарқырап көріне берді.
Слайд 39«ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫН АУЫСТЫРУ
ЖӘНЕ ЖОЮ ҚАҒИДАЛАРЫ
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы
№1381 қаулысы
Слайд 40 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және
жоюды Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары жүзеге асырады.
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында бірнеше жолымен жүргізіледі:
Комиссия құрамына 5 (бес) мүше сі енеді:
Мектеп басшысы
Оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шаруашылық жөніндегі орынбасары
Мектеп хатшысы немесе тәлімгер
Қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру
Өртеу
Балқыту
2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу
Ұсақтау
Слайд 41КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ (ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ ЖӘНЕ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГ ӘКІМИЯТЫНА) ЖӘНЕ (МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕЛЕРГЕ)
ШЕШІМ (БҰЙРЫҚ)
20 __ ж. «__» ____________ № ______ «__» ____________ 20 __ г.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңына және «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы №1381 қаулысына
сәйкес әзірленді және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою тәртібін айқындайтын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамын жасақталсын:
Комиссия төрағасы:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Комиссия мүшелері:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Комиссия хатшысы:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Шешімімен (бұйрықпен) таныстым:
Ә.А.Т. қолы Ә.А.Т. қолы Ә.А.Т. қолы Ә.А.Т. қолы
Слайд 42
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын
ауыстыру және
жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия отырысының
№ _____ ХАТТАМАСЫ
Өтетін күні: «___» _____________ 20 ___ ж. Өтетін орны: _________________________
Комиссия төрағасы:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Комиссия хатшысы:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Қатысқандар: (саны) адам.
КҮН ТӘРТІБІ:
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөнінде.
ТЫҢДАЛДЫ:
Комиссия хатшысы: Ә.А.Т. – қызметін көрсету, ғимараттың төбесінде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тудың жарамсыздығына байланысты оны дереу ауыстыруға ұсыныс жасады.
НЕМЕСЕ, мысалы:
Қалалық (аудандық), селолық округ әкімінің жұмыс бөлмесінде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның Ұлттық стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты ауыстыруға ұсыныс жасады.
ШЕШІЛДІ:
Ғимараттың төбесінде орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды НЕМЕСЕ қалалық (аудандық), селолық округінің әкім бөлмесінде орналасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды НЕМЕСЕ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасын жоюға сәйкес акт жасақтау.
Төрағасының қолы /қолы/
Хатшының қолы /қолы/
Слайд 43
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді жою туралы
№ _____ АКТІ
Өтетін күні: «___» _____________ 20 ___ ж. Өтетін орны: _________________________
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия отырысының № _____ хаттама негізінде,
Комиссия құрамы жасақталды:
Комиссия төрағасы:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Комиссия мүшелері:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Комиссия хатшысы:
Ә.А.Т. – қызметін көрсету
Қалалық (аудандық), селолық округ аппаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды НЕМЕСЕ Мемлекеттік Елтаңбаны ұлттық стандартқа сәйкес келмегендерді Мемлекеттік Туды өртеп, Мемлекеттік Елтаңбаны қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жойылды.
2 данадан жасақталды:
1-ші экземпляр: іс-құжатына.
2-ші экземпляр: тексеруші ұйымына жіберілді.
Төрағасының қолы :
Хатшының қолы:
Комиссия мүшелерінің қолдары:
Слайд 45Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп
қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:
Ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс.
Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аза тұту мерзімі ішінде ту тұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі.
Слайд 46Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі
бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін.
Слайд 47Мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалардың кабинеттерінде орналастыру орны
Лауазымды тұлғалардың кабинетіндегі Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы (1 х 2 метр өлшеммен) оң жағында (тігіледі) орналастырылады және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының эталоны (лауазымды тұлғанының артында) 500 мм. көлемінде ортаға ілінеді.
1Х2
метр
500
мм
көлемі
өлшемі
Бірдеңгейлі
орналастырылуы
2,5 метр
Слайд 48Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектелген «Ұшарбасы»
жасақталады.
Мемлекеттік тудың сабының беліне арнайы юбкасымен орнатылады.
Мемлекеттік тудың сабы
Жұмыс бөлмедегі үстелдің үстінде Мемлекеттік тутұғыры қойылады.
Мемлекеттік ту тұғырдың қосымша заттардың атауы
Слайд 49Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге мемлекеттік оқу орындарының педагог ұжымы мен әр сынып
оқушының (топ студенттері) міндеті мен парызы.
Республиканың рәміздері – олардың мекемелер мен оқу орындарында болуы, орналстырған жері, мемлекеттік рәміздердің дайындалуының сапасымен мен эстетикалық деңгейінің жоғары болуы ұжымдағы оқушылардың ынтымақтастығына әкеледі.
Символикаларды педагогикалық бағытта пайдалу оқушылардың тек ғана сана-сезіміне емес, сонымен қатар олардың тәлім-тәрбиесіне әсерін тигізу қажет. Бұл мәселенің орындалу кезде құқықтық тәрбиеде үлкен роль атқаруы тиіс.
Себебі, жас азаматтың қайраткерлік жағын аша отырып, өз мемлекетінің азаматы ретінде болашақтағы интелектуалдық әлеуетін, құқықтың тәрбие негізгі қалаушысы бола алады.
Слайд 50Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні
мәтінінің бейнелерін стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде мемлекеттік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.
Мемлекеттік рәміздерді және олардың бейнелерін білім беру мекемелерінде қолдану
Слайд 51Мемлекеттік рәміздерді және олардың бейнелерін білім беру мекемелерінде қолдану
Мемлекеттік ұйымдардың кіреберістегі
эталондардың көріністері
Мемлекеттік ұйымдардың кіреберістегі эталондардың ішкі (терезесімен) көріністері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелерін стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде мемлекеттік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылады:
Мемлекеттік ұйымдардың кіреберістегі эталондардың плакат түріндегі көріністері
Слайд 52Қазақ тілі және әдебиеті, Орыс тілі және әдебиеті, Шетел тілдері, Тарих,
жәй сынып және бастауыш сынып сонымен қатар, мектеп алды дайындық кабинеттері
Тақта ілінген қабырғаға немесе ішкі қабырғаның бірінші бөлігінде (егер есік оқушылардың артында сол жақта болса - оң жағында, егер есік тақтаның жанында болса - сол жақта) орналастырылады.
Мемлекеттік рәміздерге арналған насихаттау бұрышы
Алғашқы әскери дайындық пәні бөлмесінде Әскери жарғыларға сәйкес айқындалады.
Слайд 53БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН
БҰРЫШЫ
Слайд 54ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН НАСИХАТТАУ БҰРЫШЫ
Республикалық және жергілікті БАҚ
беттеріндегі материалдар
Әдеби-танымдық кітаптар
Мемлекеттік рәміздерге арналған насихаттық плакат
Слайд 55Оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған салтанатты іс-шараларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы ту көтеруші топтың саптық жүрісімен «Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!» бұйрығынан кейін енгізіледі.
Ту көтеруші топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен өту рәсімінен кейін мектептік жиынның басты бөлігінде саптың алдына келіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілгеннен кейін барлық қатысушылар тік тұрып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
Іс-шара ақталған кезде «Дайындалыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!» деген бұйрық бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын алып шығу рәсімі орындалады.
Оқу жылының басталуы мен аяқталуына арналған іс-шараларда Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын флагштокқа көтеру кезінде қолданылады.
Флагштокқа бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!» деген бұйрықтан кейін көтеріледі. Оны көтеру құқығы оқу үздігіне беріледі.
Іс-шараның соңында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түсірілсін!» деген бұйрықтан кейін ту көтеруші топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын түсіреді және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!» деген бұйрықтан кейін ту көтеруші топ оқушылардың алдыңғы қатарынан өтіп, Мемлекеттік Туды алып шығады.
Слайд 56Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні
мәтінінің бейнелері бар стенділер (плакаттар) әсем безендірілуі және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.
Слайд 57БАЛАБАҚША ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ БАСПАЛДАҒЫ
Балалардың өз еліне
деген сүйіспеншілігін бүлдіршін кезінен санасына сіңіру өте маңызды. Осы орайда болашақ ұрпаққа патриоттық тəрбие беруде балабақшалардың қосатын үлесі зор. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға рухани-патриоттық тәрбие беру күрделі педагогикалық кезең болып табылады.
Балабақшадағы рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу жұмысы баланы өз отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне және қаласына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеуге, табиғатты және қоршаған ортаны аялай білуге үйретеді. Бақша қабырғасында еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына қызығушылығын ояту, Қазақстанның қалалары туралы түсініктерін кеңейту және балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру міндетті түрде жүзеге асырады.
Слайд 58Мемлекеттік рәміздер туралы білім күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, ертеңгіліктер, іс-шаралар арқылы
берілуі тиіс. Бақша бөбектері күнде ертеңгісін мемлекеттік Гимнді үлкен ынтамен орындауы қажет. Оқу жылында мынадай шаралар: «Тәуелсіздік-тұғырым», «Тұңғыш Елбасы», «Тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұрпақтары» атты көрме, «Отанымның мен кішкентай тірегі» ойын-сауық шарасы, «Гүлдене бер, туған елім Қазақстан», «Мен қазақпын», «Бірлігіміз жарасқан» сурет көрмелер өтуі тиіс.
Педагог рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу міндетін шешу барысында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отыруы қажет. Осы орайда мемлекеттік рәміздермен таныстыру балабақшаның ересектер тобы балаларымен жүргізіледі.
«Балабақшадан бастап басқа ұлт өкілдерінің қызығушылығын дұрыс қадағалап, бағыт-бағдар беру - ең басты мəселе. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», -деген Мемлекет басшысының қанатты сөзін бүгінде ұстаздар қауымы үлкен ыждаһаттылығымен орындауы тиіс.
Слайд 59ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҚАТЕЛІК ТҮРЛЕРІ
ҚР Мемлекеттік Тудың шетін
шегеленбейді, скотчпен немесе клеймен жапсырылмайды, тігілмейді.
Скотчпен немесе клеймен жапсырылған
Шегеленген
Тігілген
Слайд 60МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАР
Слайд 613-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалауы ортасында шүғылалы күн, оның астында қалықтап
ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Күн, шұғыла және қыран бейнесі – алтын түсті. Матаның сол жағында қызыл түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Жалаудың ені мен ұзындығының қатынасы – 1:2.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалаудың жобасына 453 сұлба сурет, ұсыныс білдірген 142 хат түскен.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Алматы қаласы, 1992 жылғы маусымның 4-і.
Мемлекеттік Елтаңбаның жобасына 245 жұмыс пен 67 хат келген.
1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Елтаңбаның алғашқы эскизінде 10-нан аса элементтермен жасақталып бекітілген.
Слайд 62Мемлекеттік Әнұранының жобасына өзімен қоса саз әуеннің 51 нұсқасы, 152 өлең
түскен.
24/01/1992 Жоғарғы Кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік Әнұранды әзірлеу жөніндегі арнаулы жұмыс тобының кезекті мәжілісі болып өтті. Оған республиканың халық жазушысы Ә.Нұрпейісов төрағалық етті.
14/12/1992 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің бір жылдығына орай, жаңа қабылданған Мемлекеттік Әнұраны ресми түрде шырқалды.
08/06/2000 Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа Әнұран жөніндегі жаңа ұсыныс қаралды. Бірі Б.Тілеухановтың «Елім менің», екіншісі Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» әндері. Парламент қабырғасында Әнұранды өзгерту туралы қозғалыс басталды. Талқыланған мәселелер бойынша Елбасының ұсынысы бойынша кейінге қалдырылды.
08/12/2000 Парламент мүшелері кезекті отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнінің қазақша мәтінін өзгерту туралы мәселені қарастырылды. Депутаттардың дауыс беру арқылы «Гимн» терминін «Әнұран» мәтініне өзгертпеуге шешім қабылдады.
28/06/2001 Парламент палаталарының өткен бірлескен отырысында мемлекеттік Гимнге қатысты мәселе қаралды. Оған басты себеп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Парламент Мәжілісіне жолдаған ұсыныс хаты болды. Парламент депуттары Гимнге қатысты қос заң жобасын күн тәртібінен алып тастау жөнінде шешім қабылданды.
06/01/2006 Парламент палатыларының бірлескен отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде мәселе енгізілді. Парламент депутаттары «Менің Қазақстаным» жаңа Гимнді қабылдады. Елбасы Мемлекеттік Гимн авторы ретінде бекітілді.
Слайд 63Ж.Нәжімеденов шығармасындағы таңдап алынған
«Менің Қазақстаным» әнінде 20 жолдағы 59 сөзден
20-сы
өзгеріске ұшырады.
20 жол
59 сөз
20-сы
өзгеріске
ұшыраған
Слайд 64ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР
Слайд 65ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР
ҚР СТ 988-96
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
Слайд 66ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Слайд 67ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Слайд 68РӘМІЗТАНУ ҰСТАНЫМДАРЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ХАЛЫҚТАРМЕН БІРГЕ ОРТАҚІШІЛІК ҮШІН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУҒА БЕРІК БЕЛ ТУҒАН ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ИДЕЯСЫ
Слайд 69ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
Слайд 71ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
ҚР СТ 988-2007
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы
ресми түрде 1992
жылы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, республикаға еңбегі сіңген қайраткер, еліміздегі дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі, белгілі суретші Шәкен Оңласынұлы НИЯЗБЕКОВ
12/10/1938-15/08/2014
Слайд 72Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап
ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Слайд 73Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді.
Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Слайд 74ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДАҒЫ КҮННІҢ НЕШЕ ШАПАҒЫ БАР?
Слайд 75ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДАҒЫ КҮННІҢ 32 ШАПАҒЫ
Слайд 76ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫНДАҒЫ ОЮ- ӨРНЕКТІҢ БІРНЕШЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ПРОЦЕССІ
Слайд 77БЕС ШАЛҒЫ
АРА ҚАНАТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДАҒЫ ҚЫРАННЫҢ ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
Слайд 78ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДАҒЫ ҚЫРАННЫҢ ЕКІ ЖАҚТЫҢ ҚАНАТЫНДАҒЫ
НЕШЕ ҚАУЫРСЫН ЖӘНЕ ҚҰЙЫРЫҒЫНДАҒЫ НЕШЕ ҚАСҚАСЫ БАР?
Слайд 80ТМД БОЙЫНША ЕҢ ҰЗЫН ТУТҰҒЫРЛАРДЫҢ РЕЙТИНГІСІ
Слайд 81ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Слайд 83Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы
ресми түрде 1992 жылы қабылданды.
Сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек
сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі
Шот-Аман Ыдырысұлы УӘЛИХАН
1942
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
26/04/1932
Атақты сәулетші, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы МӘЛІБЕКОВ
Слайд 842016 жылғы 1 қаңтарда ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.
Техникалық шарттар» жаңа стандарты қолданысқа енгізілді.
ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Пішіні, өлшемдері және техникалық талаптар» ұлттық стандартының қолданылу мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеге дейін, бұл ескі үлгідегі Мемлекеттік Елтаңбаны сатылап ауыстыруға мүмкіндік береді.
Лицензия алушы компаниялар/дайындаушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ҚР СТ 989-2014 жаңа стандартының талаптарына сәйкес жасап шығаруға міндетті.
ҚР СТ 989-2014 жаңа стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков, ҚР Мәдениет министрлігінің, ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары: «ҚазСтИн» РМК, «ҚазМетрИн» РМК, «ҰАО» ЖШС өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан бизнес өкілдері, техникалық сарапшы ретінде «Мекен.kz» компаниясы құрамына кірген жұмыс тобы әзірледі.
Жаңа стандартқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасап шығару бойынша мынадай өзгерістер енгізілді:
Өндірушілерден келіп түскен ұсыныстарды есепке ала отырып, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж.М. Мәлібеков тарапынан, сондай-ақ конструкторлық сызбалар қайта қаралды, олардың нәтижелері бойынша:
- Мемлекеттік Елтаңбаның барлық элементтері нақтыланды;
- Мемлекеттік Елтаңбаның үш өлшемді үлгісін салу элементтері өлшемдерінің пропорционал тәуелділігін жоғалтпай, елтаңбалардың барлық ықтимал тип өлшемдерінің дәлдігі жоғары 3D баспасын жүзеге асыру үшін ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының элементтерін үлгілеуге және оның арнайы ерекше цифрлық 3D үлгісін салуға қажетті өлшемдер берілді;
- ҚР СТ 989-2008 стандартында болмаған барлық қажетті құрама элементтердің атаулары берілді.
Слайд 85Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбаның ақ-қара түсіндегі эталондар
ҚР СТ 989-2008
ҚР СТ 989-2014
Слайд 86ҚР СТ 989-2008
ҚР СТ 989-2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ СЫРТҚЫ КӨРІНІСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Слайд 87МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР –
Республикалық деңгейі
- ҚАЛАЛЫҚ РӘМІЗДЕР
Қала деңгейі
- АУМАҚТЫҚ РӘМІЗДЕР
Облыс деңгейі
ВЕДОМСТВОЛЫҚ РӘМІЗДЕР –
Министерства, Комитет деңгейі
Слайд 881991 жылы 1 қазан күні Шот-Аман Уәлихан Байқоңырдан ұшқалы тұрған қазақ
ұшқышы Тоқтар Әубәкіровке түсінде көрген жоба үлгісін жасап, иығына Қазақ ССР жалауы, жүрек тұсына ұлттық эмблемасын ұсынды.
Эмблемада “Көк аспанда тұнған жеті бұрышты жұлдыз”, “Ортасында шаңырақ”, “жарты ай”, “екі жақтан желбіреген қанат” әр қанатына “Тоқтар” және “Талғат” деген есімдері жазылған. Ал, оларды біріктіруші “Қазақстан” деген жазуымен көмекерілген.
Шот-Аман Уәлихан осы жобамен 1992 жылы қаңтар айында мемлекеттік рәміздерге қатысты конкурсына жолдай отырып, жартылай мәреге келіп, Жандарбек Мәлібековтің жобасы бірдей болған соң, қос авторы ретінде, болашақ еліміздің мемлекеттік Елтаңбаның жобасы бекітіліп, қабылданды. Екі жобада сегіз бұрышты жұлдыз бейнеленген, кейін қабылданған кезде Елбасы сегіз бұрышты жұлдыздың орнына бес бұрышты жұлдызға ауыстыру жөнінде ұсыныс жасалды.
Слайд 89Конкурсқа ұсынылған бірнеше жобалар
Авторы Шота-Аман Уәлихан
Конкурсқа ұсынылған бірнеше жобалар
Авторы Жандарбек Мәлібеков
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАЛАРДЫҢ ЭСКИЗДІК ЖОБАЛАР
Слайд 90ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАДАҒЫ
ЖҰЛДЫЗ
1992
Слайд 92МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ КОДТАРЫ
ЕЛТАҢБАНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ
КОНЦЕПТУАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЕЛТАҢБАНЫҢ ӘРБІР ЭЛЕМЕНТ АТАУЫНЫҢ АСТАРЫНДА ТАРИХ ПЕН
ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИДЕЯЛАР ДЫ БЕЙНЕЛЕНГЕН
Слайд 93ЕЛТАҢБАНЫҢ ЖОБАСЫНА ҚАЗАҚТЫҢ ТҰРМЫСЫМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ КИІЗ ҮЙДІ НЕГІЗІНЕН АЛЫНҒАН
Слайд 95ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАДАҒЫ ЭЛЕМЕНТТЕР АТАУЫ
Слайд 96ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАДАҒЫ УЫҚТАРЫ НЕШЕУ?
Слайд 97ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАДАҒЫ 72 УЫҚТАР
Слайд 98ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ШТАНДАРТЫ
ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ТУ
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРЫ
АҚШАДАҒЫ БЕЛГІ
РЕСМИ
Слайд 99ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫНА ШОЛУ
Слайд 100 11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;…
Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
«БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ»
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні - 4 маусым».
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығы
Слайд 101«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 8 тамыздағы №345
Заңы
(2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістермен)
20-бап. Баланың мiндеттерi.
Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 15 шілдедегі №344 Заңы
(2012 жылы 24 желтоқсанда енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен)
«САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ»
7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi.
3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттік рәміздерін пайдалануға құқығы жоқ.
«ЖАРНАМА ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 Заңы
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi.
3. Мыналар:
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздеріне, ұлттық валютасына немесе шетелвалютасына, дiни нышандарға нұқсанкелтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.
Слайд 102«АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 10 маусымдағы
№ 6-I Заңы
(2012 жылы 12 қаңтарда өзгерістермен)
8-бап. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар.
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:
2) мемлекеттiк рәміздер мен белгiлер (тулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк рәміздер мен белгiлер).
34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау саласындағы қызметті лицензиялау.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі.
«ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ҚАЗАҚСТАН ТЕҢГЕСІ БАНКНОТТАРЫ МЕН МОНЕТАЛАРЫ ДИЗАЙНЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығы
8. Банкноттар мен монеталар дизайны мынадай бейнелердiң бiрiнен және/немесе бiрнешеуiнен тұруға тиiс:
1) мемлекеттiк рәміздер.
Слайд 103Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта кезегiмен
қарау арқылы конституциялық заңдарды және заңдарды қабылдайды, оның iшiнде:
4) мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды.
Слайд 104317-3-бап.
Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан
Республикасының Мемлекетті Елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау,
Жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, - сесен, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ КОДЕКСІ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2001 жылғы 30 қаңтардағы №155
Слайд 107Қазақтың боксшысы Данияр Елеусіновтің алтын медалі
Слайд 111ҚР Парламентінің Мәжіліс ғимаратының үстіндегі Мемлекеттік Туы
Слайд 113Астанадағы Елбасының Ақ орданың жоғарғы жағындағы шпигелдің үстіндегі ұшып жүрген Самұрық
пен күн
Слайд 115 Алтын киімді сақ жауынгерінің
қолындағы садақ қаруы
Слайд 117ҚР Үкіметтің Мәжіліс залындағы Мемлекеттік Туы
Слайд 119Ақ ордадағы Баспасөз қызметі залындағы Мемлекеттік Тудағы күннің шапағы
Слайд 121Ұлттық валютаның купюрадағы Мемлекеттік Туы
Слайд 123Мінбенің алдындағы Мемлекеттік Елтаңбасы
Слайд 125Қазақстан ұлттық банкінің 10 мың теңгесі
Слайд 127Ұлттық гвардиясы сарбаздың кительіндегі жоғарғы жағындағы Мемлекеттік Елтаңбасы
Слайд 129Астанадағы Елбасының Ақ орда ғимаратындағы Мәжіліс залында орналасқан Мемлекеттік Тудың жоғарғы
жағындағы ұшарбасы
Слайд 131Ұлттық валютаның купюрадағы Мемлекеттік Туда қалықтап ұшқан қыран бейнесі
Слайд 133Үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтің киімнің оң жағындағы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі
Слайд 134ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС
Слайд 135Қатені тап!
Мемлекеттік ғимараттында міндетті түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын арнайы
бұрышы болуы тиіс. Осы үш плакаттан қателерді тауып беріңіздер...
Слайд 136ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
ҚР СТ 988-2007
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚР СТ 988-2007
Слайд 137ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
ҚР СТ 988-2007
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме
қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Сөзін жазғандар: Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ,
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
Әуенінн жазған: Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ
Слайд 139ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
Слайд 140НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: сауда нүктелерде сатып алар алдында үш бірдей плакаттардан алдыменен
мемлекеттік лицензиясының нөмірі, берілген күні, айы, жылы сонымен қатар, шығарушының мекен-жайы мен атауы және ұлттық стандарттарының нөмерлері болуы тиіс. (ҚР Мемлекеттік Гимнінен басқа)
Слайд 14214 МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАЛАР АРАСЫНАН
ҚР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС ЭТАЛОНДЫ ТАУЫП БЕРІҢІЗДЕР?
Слайд 143ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАЛАРЫНЫҢ ЭТАЛОНДАРЫ
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Слайд 1449 МЕМЛЕКЕТТІК ТУЛАР АРАСЫНАН ҚР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС ЭТАЛОНДЫ ТАУЫП БЕРІҢІЗДЕР?
Слайд 1451
2
3
4
5
6
7
8
9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЛАРЫНЫҢ ЭТАЛОНДАРЫ
Слайд 146ПЛАКАТТАР МЕН СТЕНДТЕР АРАСЫНАН
ҚР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС БЕЙНЕЛЕРДІ ТАУЫП БЕРІҢІЗДЕР?
Слайд 147ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН СТЕНДТЕР (ПЛАКАТТАР)
1
2
3
4
5
6
Слайд 149ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАЛАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТУЛАРДЫҢ ЭТАЛОНДАРЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР ПЛАКАТТАР МЕН
СТЕНДТЕР
Слайд 150БІРДЕ-БІРЕУІ ҚР ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ
Слайд 151ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҰРАНДАРЫ
Слайд 152Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (Туы, Елтаңбасы, Гимні) тыс мемлекеттік ұрандары болады.
Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады:
Слайд 153МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ХРОНИКАСЫ
Слайд 154///ҚОСТАНАЙ
Қаңтар айында «Жигули» ЖШС-нің басшысымен қызметкері қаланың
ортасындағы Жаңа жылдық шыршаны безендіру
кезінде еліміздің мемлекеттік Тудан арнайы сыйлық дорбасын жасағандығы анықталып,
аталған айғақ бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынды.
///ҚОСТАНАЙ
Желтоқсан айында Қостанай облыс әкімінің жүлдесі үшін шаңғышылар жарысы ұйымдастырылып, марапаттау сәтінде шенеуніктер еліміздің мемлекеттік Әнұранының орнына Рики Мартиннің әнін шырқалған болатын.
ПЕТРОПАВЛ////
Қаланың қақ ортасында орналасқан үш қабатты үйдің үстіңгі қабатындағы пәтер терезесінде Мемлекеттік Тулардың перде болып ілініп тұрғаны туралы ақпарат полиция бөлімшесіне қала тұрғындары тарапынан түскен. Сол жерге келген тәртіп сақшылары
40 жастағы ер адамның Мемлекеттік Тудың екі данасын перде ретінде қолданғанын анықтады. Заң бойынша мемлекеттік рәміздерді мақсатсыз пайдалану тәртіп бұзу оқиғасы болып саналады. Бірақ заңды бұзған петропавлдық азамат жауапқа тартылмайтын болды.
///ПАВЛОДАР
Павлодарда жеке кәсіпкері сауда нүктелеріне еліміздің
мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін күлсалғыштың ортасына бейнелеп, оны 1300 теңгеден сатылымға қойған. Аталған айғақ бойынша ҚР Қылмыстық іс қозғалмағандығы өкінішті-ақ...
АҚТӨБЕ////
Әбілқайырхан қиылысының бойында тұрған бағанада кірленген сонымен жыртылған мемлекеттік ту ілінген. Қалалық әкімшілік аталған дерек бойынша бір күн ішінде шешілетіндігін хабарлады.
Слайд 155///АЛМАТЫ
Белгіссіз жеке кәсіпкер қытайдан Мемлекеттік Тудың бейнесіндегі ішкі киімдерге тапсырыс беріп,
қоғамдық сауда орындарында төменгі бағамен сатылымға шығарған. Осы іс бойынша әкімшілік жазаға тартылып, қомақты қаржыға айыппұлмен шегерілді.
СТЕПНОГОРСК////
Еліміздің мемлекеттік рәміздердің кезекті дауы Ақмола облысында болды. Қалада өтіп жатқан футбол ойынына келген Степногорск қаласының тұрғыны жанкүйер ретінде Қазақстан Туын сатып алып, ойын кезінде қолдау көрсеткен. Кейін үйіне келіп, Туды жуып, кептіруге қылтимаға (балконға) жайып қойған. Полицейлер аталған оқиғаға байланысты әдейі жасалмағандықтан, еш қандай себепсіз қылмыс таба алмады. Жанкүйерге профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жауапкершіліктен босатылды.
АҚТӨБЕ////
Хромтау қаласында Қазақстанның туын екіге айырып, жіпке айналдырды. Диапазон газетінің оқырманы Yernur Amirkhan басылымға осындай ақпар берді. Ақпарат иесі мемлекеттік рәмізді аяққа таптаған мекен-жайды да көрсетіп қойған. Бұл жер Рысқұлбеков-28 көшесі. “Хромтауда мемлекеттік рәмізді мүлде қастерлемейді екен. Бұл – Қазақстанның туы. Оны екіге бөліп, жолды жабу мақсатында пайдаланып отыр”, – деп жазған Yernur Amirkhan өз мақаласында.
///АҚТӨБЕ
Ақтөбелік жол полиция қызметкерлері қоқыс жинаушы
төлікті тоқтатқан. Себебі, көліктің артына қарай
мемлекеттік Елтаңбаның лас күйіндегі бейнесін іліп қойған. Оған Әкімшілік құқық бұзу Кодексінің бабына сәйкес 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Слайд 156////БИВЕРТОН Қ. ОРЕГОН ШТАТЫ
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және
IBF версияларының орташа салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин Jordan Brand атрибутикасын шығарушылармен келісім-шартқа отырған. Отандық боксшының әлемдік бренд иелерімен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатып, өзін мойындатқаны қуанышты, әрине. Алайда, Jordan Brand иелерінің бір қылығы қынжылтып отыр. Компания боксшымен жасалған келісімнің нышаны ретінде Г. Головкинге табанының ішкі жағына Қазақстан туындағы күн мен бүркіт бейнеленген аяқ киім сыйға тартты.
///БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
Оралдағы Мұз сарайының ғимаратында Мемлекеттік Ту теріс қарай ілінген. Бір сағаттан соң, мемлекеттік байрақ өз қалпына келтірілді.
///АТЫРАУ
Атырауда мемлекеттік Туды «Мерседес Бенц - 320» көлігінің капотына заңсыз ілген тұрғынға соттың шешімімен оған 323 600 мың теңге айыппұл салынды. .
///АСТАНА
Шаңғышы қыздарымыз да эстафеталық жарыста көмбеге бірінші жеткен соң көк байрағымызды жерге тастай салды. Жерде жатқан Туды еш-қайсысы бірден көтере қоймай кеткен. .
Слайд 157Қазақстанның Гимні ретінде берілген мәтінде өрескел қателікті «Нұр Отан» партиясының №6
Әуезов аудандық филиалына қарасты Алматыдағы қалалық ауруханалардың бірінде орын алған.
Мемлекеттік мекеменің басшылығы қабырғасында ілініп тұрған Елбасының сөзі мен Бекболат Тілеуханның әніне жазылған «Менің елім» композициясын Гимнімен шатастырып алған.
МАСҚАРА!!!
Слайд 158ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕЛТАҢБАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ
Слайд 159Шымкент қаласының ресми емес Елтаңбасы 1994 жылдан 2011 жылға дейін пайдаланды.
ХІV
ғасырдың ортасында Шымкент Ресей империясының Жаңа қоқандыққа, кейін Түркістан облысына кірген, ал 1867 жылдан бастап Сырдарья облысы болған. 1914 жылы Черняев болып өзгертілді. 1921 жылы бұрынғы Шымкент атауы қайта есімі берілді. 1992 жылдан бастап заң жүзінде “Шымкент” атауы қала болып жасақталды. Бүгінгі күні Шымкент қаласы Оңтүстік облысының орталығы болып есептеледі.
1866 жылғы Шымкенттің алғашқы елтаңбасы
1909 жылдың 21 сәуірдегі Шымкент қаласы уездігінің Елтаңбасы Сырдарьяның басқа да елтаңбаларымен бірге қабылданды.
Геральдикалық материалдар В.Марковтің жеке мұрағатынан алынды.
Қазіргі Шымкент қаласының ресми Елтаңбасы 2011 жылдың тамыз айынан бастап пайдалана бастады.
Слайд 1601992 жылдың 6 шілдесінде ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Шымкент облысы Оңтүстік
Қазақстан облысы болып өзгертілді.
Оңтүстік суретшісі және Оңтүстік Қазақстан облысы Елтаңбасының авторы Серік Бүксіковтің 2016 жылдың ақпан айында аумақтың елтаңбасына өзгерістер енгізді.